Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Математиканы оқыту үдерісінде қалыптастырушы бағалау технологиясы



 

УДК 372.851.02

Математиканы оқыту үдерісінде қалыптастырушы бағалау технологиясы

1Тажиев М.Т., 2Мадияров Н.К., 2Әлшериев Б.С.

1п.ғ.д., профессор - Жоғары, орта арнаулы және кәсіби білім беруді дамыту орталығы, Ташкент, Өзбекстан Республикасы

2п.ғ.к., доцент - М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан

Резюме

В этой статьи рассматриваются цели, обязанности и проблемы,пути решения процесса формативного оценивания по предмету математики в 10 классе обновленного содержания образования . Также указаны методы и формы формативного оценивания. По словам автора этот процесс дает ученику стимул и интерес к предмету.

Summary

This article discusses the goals, responsibilities and problems,ways to solve the process of formative assessment on the subject of mathematics in the 10th grade of the updated content of education . Methods and forms of formative assessment are also indicated. According to the author, this process gives the student an incentive and interest in the subject.

 

Екінші буын стандартының құжаттарын бағалауға үлкен және маңызды көңіл бөлінеді. Стандартты іс-әрекет тәсіліне, қызметтің жалпыланған тәсілдерін қалыптастыруға бағыттау бағалау рәсімін ерекше жағдайға қояды. Ол бір мезгілде және мақсат ретінде және оқыту құралы ретінде әрекет етеді.

 Бағалау жүйесі оқыту және оқу үдерісі туралы интегралдық және сараланған ақпарат алуға, жоспарланған нәтижеге жетудегі оқушылардың жеке ілгерілеушіліктерін; білім бағдарламасының тиімділігін бақылауға, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналарға арналған кері байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бағалау жүйесі тек шкала ғана емес, сонымен қатар жалпы білім беру үдерісінің табыстылығы бойынша мұғалім, оқушы және ата-аналар арасындағы байланысты жүзеге асыру механизмі.

Бағалаудың екі түрі бар: формативті (оқыту үшін бағалау) және суммативті (оқуды бағалау).

Формативті бағалау оқушылардың қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау және одан да зор жетістікке қалай жету керектігін жоспарлау үшін қолданылады.

Суммативті оқыту, керісінше, оқушылардың осы кезеңге дейін оқығанын қосып бағалау»

Қалыптастырушы (ішкі) бағалау әр оқушының жеке жетістіктерін анықтауға бағытталған және әр түрлі оқушылардың көрсеткен нәтижелерін салыстыруды да, оқу нәтижелері бойынша әкімшілік қорытындыларды да болжамайды.

Бағалаудың осы түрін қалыптастырушы деп аталады, себебі бағалау Нақты оқушыға бағытталған, оқушылардың білім беру мазмұнының элементін игерудегі олқылықтарды барынша тиімділікпен толықтыру үшін анықтауға арналған.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.