|
|||
Азамат туралы қысқаша мәліметАзамат туралы қысқаша мәлімет Т.А.Ә.: Насен Максат Насенович Туылған күні:08.03.1990 Мекен-жайы: Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, 9мкр, 80 үй, 18 пәтер Білімі: жоғары Кездесу өткен күн: 09.09.20 Кездесу мақсаты: Объектінің деструктивті діни ағымдарға қатысы бар жоқтығын анықтау, қатысы болған жағдайда оны бейімдеу Отбасылық жағдайы: Психологиялық жағдайы: Сөйлесуге қызығушылық білдірді, салмақты, сөйлесу барысында агрессия байқалмады Наным-сенім (акида) және фикх сұрақтарына қатысты мәлімет: Объект, салафия-ваххабия өкілі, намазды осыдан бірнеше жыл бұрын бастаған. Жалпы қазақтың салт-дәстүрін, діни-жоралғыларын мойындайды. Діни жоралғыларды орындамайтын, бірақ өзін мұсылман санайтын қазақтар мен басқа да ұлттардың этникалық мұсылман өкілдерін кәпірге шығармайды. Соғыс әрекеттерін жүргізу үшін Сирия мен Ирак мемлекеттері аумағына шығып кеткен қандастарымызды қолдамайды. Бірден ұялы телефон арқылы байланысқа шыққанда, наразылық танытып, өзінің телефон номерын кімнен алғандығы сұрай бастады. Елдос Имам өзін таныстырғанна кейін, басылып, кездесуге бірден келісті. Сөйлесу барысында теолог объектігемешітке көмек пен оны салу жайлы айтты. Адам өмірінде сауабы үзілмейтін сауапты істердің ретін Алла тағала адамзат баласына асыл діні арқылы көрсетіп қойған. Дүние тіршілігінде пенде өзінің артынан ізгі іс қалдыруды қалайды. Бізге бұл дүниеде сауапты амал жасауға мүмкіндік мол. Сондай шексіз сауаптың бірі – халыққа, қоғамға пайдалы ғимарат салудың қатарында мешіт салу. Мешіт – мұсылман қауымның Жаратушы иемізге кіршіксіз құлшылық жасап, шынайы тәубеге келетін, жабырқаған жанына жұбаныш табатын, арман-тілегін Аллаға ақтарып, дұға тілейтін мінажат үйі. Ал, мешіттің жанынан діни дүниетанымын арттырып, рухани білімін дамытып, тәлім аламын дегендер үшін тәрбие ордасы. «Мешіт» сөзінің қазақ тіліндегі қолданысы мен мән-мағынасы «сәжде», «құлшылық жасайтын орын» деген ұғымдарды білдіреді. Шариғи тұрғыдан «Алла Тағалаға иман келтірген мұсылмандар намаз оқып, құлшылық жасайтын қасиетті мекен» деген ұғымға саяды. Мешітке ниет етіп шыққан кісінің және мешіт табалдырығын аттаған жанның қадамына сауап жазылады. Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде айтылғандай мешітке келушілердің оң аяғына сауап жазылып, дәрежесі артатын болса, әрбір басқан сол аяғының күнә-кемшіліктері кешіріледі. Мешітке келген қауым – Алланың қонағы. Алла Тағаланың пендесіне дұғада тілегенін беріп, құр қол қайтармайтыны тағы бар. Міне, осындай екі дүние бақытына жол көрсететін ғибадат үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды» Жалпы, мешіт салудың сауабы қаншалықты үлкен екені жайында Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алла Тағаланың мешіттерін тек Аллаға және ақырет күніне иман еткен, намаз оқыған, зекетін берген және Алладан басқа ешкімнен қорықпайтындар ғана салады», – дейді (Тәубә сүресі, 18-аят). Ең бастысы сауапты іс жасаймын деген азамат қайырлы істі атақ пен абырой алу үшін емес, Жаратушының разылығын алуды мақсат етеді. Елдің көркеюіне, халқымыздың діни және рухани дамуына, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алуына үлес қосамын деген ниетті жандар қаламыздың іргелерінде қарқынды жүріп жатқан мешіт құрылыстарына мүмкіндігінше қол ұшын беріп, сауаптан үлес алуға мүмкіндігі мол.
|
|||
|