|
|||
Азамат туралы қысқаша мәліметАзамат туралы қысқаша мәлімет Т.А.Ә.: Гасанов Имам Туылған күні:21.04.1994 Мекен-жайы: Қарағанды облысы, Ақтау поселкысы, железгодорожная 3-1а Білімі: жоғары Кездесу өткен орын: Ақтау поселкысынде Кездесу өткен күн: 10.09.20 Кездесу мақсаты: Объектінің деструктивті діни ағымдарға қатысы бар жоқтығын анықтау, қатысы болған жағдайда оны бейімдеу Отбасылық жағдайы: Үйленген Психологиялық жағдайы: Сөйлесуге қызығушылық білдірді, салмақты, сөйлесу барысында агрессия байқалмады Наным-сенім (акида) және фикх сұрақтарына қатысты мәлімет: Объект, салафия-ваххабия өкілі, намазды осыдан бірнеше жыл бұрын бастаған. Жалпы қазақтың салт-дәстүрін, діни-жоралғыларын мойындайды. Діни жоралғыларды орындамайтын, бірақ өзін мұсылман санайтын қазақтар мен басқа да ұлттардың этникалық мұсылман өкілдерін кәпірге шығармайды. Соғыс әрекеттерін жүргізу үшін Сирия мен Ирак мемлекеттері аумағына шығып кеткен қандастарымызды қолдамайды. Машина Жөндей және Тауық сатумен айналысады. Өзінің жеке кәсіптері бар. Елдос Имаммен кездесуге бірден келісті. Сөйлесу барысында теолог Имам мырзаға мұсылманның басқа мұсылман алдындағы міндеттері жайлы айтты: Мұсылман мен мұсылман арасындағы мәмілесі дұғамен басталып дұғамен аяқталады. Себебі, «Алланың жанында дұғадан асқан құнды нәрсе жоқ». Пайғамбарымыз: «Сендерге дұшпаннан қорғайтын әрі ризықты молайтатын бір нәрсені айтайын ба? – деп сұрап, кейін: «Күндіз-түні Аллаға дұға етіңдер. Өйткені, дұға – мүміннің қаруы», – деген. Ал, «Бір мүміннің бауырына жасаған дұғасындай жылдам қабыл болатын дұға жоқ». Біздің бауырымыздың алдындағы міндетіміздің тағы бірі – науқастанып қалған кезде зиярат етіп, жағдайын сұрап бару. Себебі, адам діндес бауырын жалғыз тастамауы керек. Аманшылықта да, қиыншылықта да жанынан табылу – әр мұсылманның бауыры алдындағы міндеті. Шын дос қиыншылықта танылады демекші, басына күн түскенде таба алмай қалатын бауырларымыз да бар. Ал, Пайғампарымыз ауырған адамды танысын танымасын, туысы болсын-болмасын зиярат етуді бұйырған әрі өзі де соны амалға асырған. Мәселен, Айша анамыздан жеткен хадисте Сағд ибн Муаз Хандақ соғысында жараланып, науқастанып қалған кезде Пайғамбарымыз әрдайым өзі қадағалап, жазылып кеткенше қасында болған деп келеді. Құдси хадисте Алла Тағала ақыретте бір пендесіне былай дейді екен: «Мен ауырып қалғанда көңілімді сұрап келмедің бе?» Сонда әлгі пенде: «Уа, Раббым! Сен әлемдердің Жаратушысы бола тұра мен сені қалай зиярат етемін?!» – деп айтқанда, Алла Тағала былай дейді екен: «Пәленше пенде ауырған кезде, сен оны зиярат еткеніңде, Мені соның қасынан табатын едің».
|
|||
|