Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ. Түсінік хат



 

«БЕКІТЕМІН»
Мектеп директоры.                             
__________       
« »_____________2018 ж.

 

МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ

Түсінік хат

    Мектепті ғылыми негізде басқару ісі мектеп басшылығының педагогикалық құбылыстың мәніне талдау жасай білуінен басталады. Оқу-тәрбие үдерісін ғылыми негізде басқару жалпы оқу үрдісінің көзге көрінбейтін ішкі механизм болып табылады. Бұл механизімнің мәнін тек терең жасалған педагогикалық талдаудың нәтижесінде ғана ашуға болады. Бұл тек бар фактілерді жинақтау ғана емес. Мектепішілік басқару ісінде құрған фактілі-дәлелдерді жинақтау өте қауіпті, ісі дамыта оқыту арқылы мектепті басқару ісін көздейді. Оқу жылының қорытындысына педагогикалық талдау жасау ісін дамыта оқытудың ең бастысы – талдау (анализ). Бұл-барлық негізгі дәлелдерді зерттеу, өткен және келесі оқу жылындағы мектеп жұмысына талдау жасап, кеткен кемшіліктердің себебін анықтау болып табылады.

Уақыттың бір орнында тұрмайтыны сияқты, еліміздің болашағы болып табылатын жастарға білім беру үдерісі де үнемі дамып, заман көшінің басынан табылып отыруға тиісті. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты да ел экономикасының орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру. Сонымен қатар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 қадам»                  Ұлт жоспарын және «Мәңгілік ел» қағидасын іске асыру міндеті тұр. Адам капиталы материалдық ресурстар сияқты елдің экономикалық дамуында көрініс табады. Ертеңгі күнгі өркениетті құрайтын маңызды факторлар материалдық дүние, энергиялық қуат және информациялық технологиялардың маманы, бүгінгі күннің оқушысы болса, бүгінгі мектеп ертеңгі заман талабына сай қызмет етуге міндетті. Мектепішілік бақылау жұмыстары осы бағыттарды ескереді.

Мектепішілік бақылау мен басқару төмендегідей нормативті құжаттар негізінде жасалған:

І. Мектепішілік басқарудың нормативтік – құқықтық негіздері:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Бөлім – 2, 30 бап;

2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы;

3. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы;

4. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. 24.09.2002ж. №693

5. Балалардың құқығын қорғау конвенция;

6. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

7. Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заңы;

8. Қазақстан Республикасының «Білім жүйесін дамыту» бағдарламасы-2025;

9. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің              2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы;

10. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы;

11. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы;

12. «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспары

13.«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын

бекіту туралы»  Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 ақпандағы № 123 қаулысы

14.«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Патриоттық Актісін жүзеге асыру

15.Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегін басшылыққа алу

16.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.