Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Намазды бұзбайтын жағдайлар



Намазды бұзбайтын жағдайлар

1. Егер де намазда тұрғанда көзіңнің алдындағы жазуларды-оймен оқып тілмен оқымаса намаз бұзылмайды

2. Ноқат көлемінен (Бұршақ көлемінен) аз кіші тамақ қалдығын көп шайнамай жұтса намаз бұзылмайды.Ал шайнап жұтса намаз бұзылады

3. Намаз оқып тұрғанда –алдынан 1-адам келіп кесіп өтсе намаз бұзылмайды.Тіпті-бетіне тақалып өтседе.Үлкен мешіттерде ұзақ 3-4 метр жерден барып кесіп өтсе болады,тура тақалып,алдынан кесіп өтсе күнәһар болады.

4. Үйде-ажырасу уақытын күтіп жүрген әйелдің-намазда тұрғанда әурет жеріне қарап шаһуатпен қарап қойсада намаз бұзылмайды.

Сутра (намаз оқыйтын адамның алдына бір зат қойюы)

Намаз оқығанда алдыңыздан адам кесіп өтеді деп қорықсаңыз сутра қою керек.

Сутраның биіктігі-64см болуы керек.Қалыңдығы 1-саусақтай.Сүннет бойынша-сәжде еткенде басың аз ғана сутраға тиіп тұру керек.Сутраны 2-қастың ортасына қоюына болмайды,оң немесе сол көзге қарай шамалап қою керек.Егер де сутра таба алмай қалған жағдайда,жерге құбылаға қарата сызық сықып оқи беруге болады.Егер намаз оқып жатқанда сутра жоқ болса,бір адам кесіп өтіп бара жатса,оны ишарамен,қолмен тоқтатуға болады.Немесе тәсбихпен «Субханаллаһ»деп білдірсе болады.

Бірақ ишараменде-тәсбихпенде істеу болмайды.Еркектер-дауыспен,ишаратпен тоқтатады.Әйел кісі-ишаратпен және шапалақпен тоқтатады.Дауыспен тоқтатуға болмайды.

 

 

 

 

   

 

 

                        Дұрыс имам болу үшін керекті әдіс-тәсілдер

Имам мешітте намаз оқйтын жер «Михраб» деп аталады.Имам хутпа оқитын жер-«Минбар»-дейді.Ал уағыз айтып отыратын жер «Мінбе» деп аталады.

                                           Уағыз айту мәселелері

1. Тіл-әркім өз тілінде,жамағат түсінетіндей сөйлеу.Мысалаға Шымкентке барсаңыз сол жамағаттың диалектіне сай сөйлеу.

2. Сөз-рет-ретімен,әдебімен,жүйелі түрде сөйлеу.Тақырыптан ауытқымау.Мысалға:Неке жайлы уағыз болып жатса,өлім туралы,тозақ туралы уағыз айтып кетпеу.

3. Бір тілдің-еліне,жеріне,ұлтына,салт-дәстүрін ескере отырып уағыз айту.

4. Сақаулық-сақау болған адам, тілі келмейтін сөзге, сол сөздің мағыналас, синоним сөзін қолдану керек.Мысалға:неткен көркем деген сөздің р-әрпіне тілі келмейтін болса,онда неткен әдемі,неткен ғажап деген сияқты сөзді қолдану.

5. Іс-қимыл(жест)-уағыз айтып отырғанда қолды-ауызды дұрыс қимылдату.Мысалы:Құраннан аят оқығанда-«Ия,әииюһәлләзинә әмәну» яғни «Ей, иман келтіргендер!» деген аятты оқығанда қолды көтеріп(саусақты) дұрыс қимылдату .

6. Мимик-Мысалға: тозақ туралы айтып жатқанда-жүзді өзгертіп,қабағың қатулы,дауысты көтеріп шығарып,болмаса жылаған күйде айту керек.

7. Дауыс-дауысты жағымды қылып,бірде көтеріп,бірде азайтып отыру керек.Бірыңғай бір темппен айтуға болмайды.

8. Киімге мән беру (бір түсті).Ас,құдай тамақта,жаназада-шапан кию керек.Ал 5-6 адамдық жиналыстарға костюм кию керек.

9. Мінез-құлық-адамдармен қарым-қатынас жасау.Үй ішінде қандай мінезде болсаң сырттада сондай болу керек.Мешітке үлес қосып жүрген жамағатқа дұға жасау керек.

10. Тамақ ішу әдебі-имам болсаң,тамақтың жақсысын жеу,не қомағайланып тез жемеу,не ұялып тамақ жемей отырмау керек.Имам ол жерге діннің атынан барады,яғни дінге кір келтірмеу керек.Оң қолмен жеу.Өз алдымыздан жеу керек.Тамаққа отырғанда бірінші Құран оқыйсың.Саған қойдың басын тартса,негізі алмаған дұрыс,қасыңда шалдар отырса сол кісілерге ұсыну керек,егер олар алмаймыз өзің тура молдеке десе.Өзің басты алып,бәрін турап ауыз тиесіңде,басты оң жақтан бастап сіздерде ауыз тиіңіздер деп бере саласың.Және бас тартқан кезде бірінші үлкен кісілерге бата бергізесің,бермесе өзің бересің.Сосын егер бас емес ет табығымен келсе өзің етті алып турайсың.Бірінші қазы болса,қазыны қасыңда 4-5 адам отырса сонша адамға бөліп алдыларына бөліп қоясың.Жамбас болса кішкене етін кесіп аласыңда үлкен кісіге бересің.Омытрқа болса кішкене етін кесіп алып бір адамға бересің.Қабырға болса оны жас әйелге немесе балаға бересің.Кәрі жілік болса оны кәрі адамға бересің.Сөйтіп тамақты қолмен жейтінді қолмен,қасықпен житін тамақты қасықпен жисің.Алма,банан немесе т.б көкөністерді өзің жейтінін жеп қалғанын басқа адамдарға берсеңде болады.Сосын сорпа немесе шай ішіп отырғанда аздап уағыз-насихат айтып отыру керек.Мысалға:Құран жайлы,өлген адамның артынан құран оқып тұрсаң,сол адамға көп сауаптар жазылатынын.Ысырап етпеу жайлы т.б.Сосын адамдар енді тамақ ішіп болды дегенде 2-рет уағыз айтып немесе құран оқу керек.Адамдар тамақ ішіп отырғанда уағыз айтпау керек,сенің уағызыңа ол кезде тыңдамайды.Сосын адамдар тамақ ішіп болғаннан кейін,ас қайыру керек.

11. Уақыз-керемет,жақсы болу үшін уағызға 1-апта бойы дайындалу керек:1)Тақырыпты таңдайсың,

2)Сол тақырыпқа сай мағлұматтар іздейсің.

А)Құраннан іздейсің

Ә)Хадистерден іздейсің

Б)Ғұлама-ғалымдардың сөздерін

В)Қазақ-мақал-мәтелдері тақырыпқа байланысты

Г)Өлең-шумақтар (Абай,Шәкәрім,Ахмет,Ыбырай,Әл-Фараби)сөздерін

Д)Қисса әңгімелер

Е)Статистика-тақырыпқа байланысты Қазақстанның жағдайы. Мысалы:Қазақстанда қанша адам ажырасады.

3)Керемет-уағыз болу үшін дәптерге жазып дайындалуы керек(Жазған уағызыңа дәптерге қарап оқымау керек)

4)Жамағатқа ой-тастау.Сенің сөзің жамағатқа-миында ой қалдыру керек.Жамағат ояу сергек болуы керек.Сен оларға сұрақ қойып,көңілін оятып отыру керек.Мысалы:Қазіргі кезде қанша жастар өзіне қол жұмсап өліп жатыр,неге?-деген сияқты сұрақтар

5)Айтқан-уағызыңа өзің амал ету керек.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.