Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





отандастарымыздың тарихи оралуы және нұрлы көш бағдарламасы



83-отандастарымыздың тарихи оралуы және нұрлы көш бағдарламасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде «Нұрлы көш» бағдарламасының жүзеге асырылып жатқандығы белгілі. Ғаламат жобаның мақсаты – елімізге оралмандарды көптеп шақыру және оларға қолайлы жағдай туғызу. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылығымен қазір оралмандарға жағдай жасау бір ізге салынып, тиісті жұмыстар жүйеленгелі тұр. Бұрындары сырттан келген ағайындарға берілетін жәрдемақы не жер телімін алуға, не үй сатып алуға жетпей қиналатын кездері болғаны рас.Ендігі уақытта оралмандардың қазақ жеріне табаны тиген уақыттан бастап үй беріліп, жұмыспен қамтамасыз етіліп, жергілікті халықпен араласып кететіндей жағдай жасау көзделген.Үкіметте бекітілген бағдарлама бойынша оралмандар түгелімен шекараға жақын ауылдық жерлерге қоныстандырылады. Әзірге оралмандар қалашығына айналатын облыс аумағындағы 9 елді мекеннің ішінде Хромтау ауданындағы Көктау ауылы алғашқы қарлығаш ретінде таңдалып, келесі жылдан бастап көші-қонның сынақ алаңына айналады. Бұл туралы бізге облыстық көші-қон басқармасының бастығы Кенжеғали Толықбаев кеңінен әңгімелеп берген еді.

84.дене шынықтыру және спортты дамыту қазақстандық спортшылардың жетістіктері Реттелетін саланың немесе қызмет аясы дамуының негізгі параметрлері.
Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасы "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 490 Заңына сәйкес әзiрлендi. Мемлекеттiк бағдарлама мектепке дейiнгi жастағы балалардың, оқушылардың және студент жастардың, орта және егде жастағы халықтың, мүгедектердiң дене тәрбиесiнiң, спорт резервiн және халықаралық дәрежедегi спортшыларды дайындаудың басты аспектiлерiн қамтиды, дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын нығайту және дамытуды, ғылыми-зерттеу базаны құру және нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiрудi қарастырады. Осы Мемлекеттiк бағдарлама "Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамытудың 1996-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының " қисынды жалғасы болып табылады, оны iске асыру дене шынықтыру-спорттық ұйымдарының және республиканың жергiлiктi атқарушы органдарының бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмiр салты қағидаттарын қалыптастыруға, халықаралық дәрежедегi спортшыларды және спорт резервiн даярлауға назар аударуына мүмкiндiк берді. Бұрынғы бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде, республикада дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны 24,1 пайызға өстi, бұқаралық дене шынықтыру-спорттық іс-шараларын өткiзудiң саны едәуiр артты, салалық спартакиадаларды, оқушылардың спартакиадасын және студенттiк универсиадаларды өткiзу қайта қолға алынды. Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiн, олимпиада резервi желiсi мектептерiн қысқарту тоқтатылды. Қазiргi уақытта, республикада 290 спорт мектебi жұмыс iстейдi, оларда 134 мың балалар мен жасөспiрiмдер шұғылданады. Мектептен тыс мекемелер саны арта бастады, тұрғылықты жерi бойынша жұмыс жанданды. Спорттағы дарынды балаларға арналған жаңадан 6 мектеп-интернат ашылды, соның нәтижесiнде, мектеп-интернат оқушыларының саны 942-ден 2385-ке жеттi. Спорт резервiн даярлаудың облыстық орталықтарын құру жөнiнде жұмыс басталды, халықтың дене дайындығының президенттiк сынақтары әзiрленiп, ол табысты енгiзiлуде. Республикада кәсiптiк спорт клубтарын, тұрғылықты жерi бойынша клубтарды және отбасылық спорт клубтарын құру басталды, салауатты өмiр салты қағидаттарын дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы насихаттау жөнiндегi жұмыс жанданды

85- шетелдегі қазақ диаспарасының тарихы мен +

Жалпы “қазақ диаспорасы” ұғымы өзінің толық мағынасында көпшілік қауымға тек 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қарсаңында мәлім болды. Құрылтай өтер кезде “Егеменді Қазақстан” газетінде белгілі ғалымдар Ә.Нысанбаев пен Ә.Арғынбаевтың “Қазақ диаспорасының бүгіні мен ертеңі” деген көлемді мақаласы жарық көрді.Көрнекті ғалымдар М.Қозыбаев, Ә.Қайдаров, С.Сартаев және Қазақ Ұлттық Ғылым академиясы мүшелерінің Құрылтайда жасаған баяндамаларында құнды деректер бар.    Қауымдастық қазіргі кезде дүние жүзіндегі бар қазақтың басын қосып, қазақ диаспорасы тақырыбының ғылыми зерттелуін жолға қоятын саяси және мәдени-ғылыми орынға айналды.1993 жылы Алматыда қытайлық тарихшы Нығмет Мыңжан жазған “Қазақтың қысқаша тарихы” деген кітап жарық көріп, оқырманды елең еткізді. Бұл ең- бек шеттегі қазақтың арасынан шыққан тұңғыш көлемді кітап болатын. Оқырманның көпшілігі бұл кітапты “Дүниежүзі қазақтарының кітабы” деп қар- сы алды. Кітаптың авторы Қазақстан ғалымдарының еңбегін пайдаланып, оған Шыңжаңдағы керейлердің тарихынан аздап мәлімет қосып, қазақ халқының тарихын жазуға ниет білдіріпті. Бірақ, бұл мақсат толық орындала қоймады. Өйткені бұл кітаптың ғылыми тұжырымдардан гөрі саяси астары басым.Мәселен, Қытай Халық Республикасында тұратын І миллионнан астам қазақтар ала бағанның арғы жағында қалғаннан бергі кезеңде өзінше тағдыр,қызғылықты тарих кешіп келеді. Олардың өздеріне тән күрес жолдары, халық кайраткерлері, өзіндік мәдениеті мен әдебиеті қалыптасты.Ал Түркия, Германия, Америка,Норвегия, Англия, Шведция тіпті Австралияға дейін кетіп қалған қазақ жұртының тағдыр талайы өз алдына тарих. Ең тамашасы олар әлі күнге дейін ұлттық белгілерін (қазақтығын) сақтап отыр. Дүние жүзінде диаспорасының тілдік жағдайын зерттеу- қазақ халқы, қазақ тіл білімі үшін ғана емес, әлемдік лингвистика үшін де өте маңызды мәселеҚазақ диаспорасы саны туралы мағлұматтар назардан тыс қалмайтынын айта кету керек.

86. этносаралық келісім - ҚР-ң тәуелсіздігі мен демократиясын нығайтудың негізі.қауіпсіздігін ныгайту негизиӘрбір өркениеттің, діннің және халықтардың жер бетінде өзіндік орындайтын міндеттері бар. Қазақстанның Түркі мемлекеттері, Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық одақ аясындағы іргелес елдермен достық қарым-қатынас қалыптастыруы - ел тыныштығының кепілі. Ұлттық тұтастық, ұлттық өркендеу өзінің мағыналық құрылымы бойынша халықтар арасындағы келісімге негізделеді. Осындай өзекті мәселелер алдында Қазақстанның беті ашық, жүзі жарқын деуге әбден болады. Қазақ елінің тағдыры тауқыметке толы болғанмен, ешқашан өзгені өзегінен теппеген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдарынан бастап, этносаралық татулық пен келісімді сақтауға, дамытуға, олардың қауіпсіздігі мен бейбіт тұрмысын қорғауға бар күш-жігерін салды. Этносаралық және конфессияаралық ынтымақтастық, келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау ісіне жіті көңіл бөлініп келеді. Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарына баса мән береді. Қазақ халқы қай заманда да елдікке, соның ішінде ел берекесінің тұрақты болуына үлкен назар аударған. Сондықтан да болар, ел аузында: «Бірлікбар жерде тірлік бар», «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» деген нақыл сөздер қалды. Бұл - бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның басты қағидасына айналды және тәуелсіздіктің негізі.Қазақстан - ядролық қару-жарақтан ерікті түрде бас тартқан, әлемдегі бірегей мемлекет. Қазір техника мен технологияның дамыған заманы. Бірақ, осы күшті кейбір мемлекеттердің адамзатты қырып-жоятын қарулар жасауға жұмсауы алаңдатады. Айналада сананы жаулаған діни экстремизм, терроризмнің насихатталуы, ішінара оның енуі - басты қауіптердің бірі. Ендеше, ел шаңырағын шайқалтуға бағытталған осындай келеңсіздіктер тамырының терең жайылмауы - ертеңге деген сенімділікте. Сын-қатерлерге төтеп берудің негізі ортақ жауапкершілікте жатыр.Ең қуатты 30 елмен иық тірестіру мақсаты қойылды.

88.Қауіпсіздік мәселесі жағдайындағы Қазақстанның онфессиялық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылаының сьездеріҚазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде дүниежүзінде «Қазақстан жолы» деген атаумен белгілі болған этносаралық және конфессияаралық келісім қоғамының өзіндік бірегей үлгісін құрды. Қазақстанда 40-тан астам түрлі конфессия мен деноминацияны ұстанатын 130-ға жуық этнос өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде, 3200-ге жуық мешіт,шіркеу,ғибадатханалар, 4000-ға жуық діни бірлестіктер жұмыс істейді. Қазақстандық бірегей тәжірибе жаһандық деңгейде қолдау тапты,сондықтан Астана әлемдік қоғамдастық дін көшбасшыларының кездесетін орнына және үнқатысу алаңына айналды.Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін өткізу туралы бастамасы әлемдік қоғамдастықта зор қызығушылық туғызды. Бұл идеяға Ресей, АҚШ, Англия, Франция, Египет сияқты ірі державалардың басшылары, ықпалды саясаткерлер, көптеген діни конфессиялардың көшбасшылары қолдау білдірді. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының I Съезі 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында өтті. Форумға Еуропа, Азия, Африка мен Таяу Шығыстың 13 елінен ислам, христиан, буддизм, иудаизм, синтоизм, даосизм және басқа да конфессиялардың, 17 діни ұйымының өкілдері қатысты. Съезд алуан түрлі дін өкілдерінің бүкіл ғалам халқының бейбіт және лайықты өмір сүруі жолында ынтымақтастық пен бірлік идеяларының өзектілігін және оны іске асырудың қажеттілігін паш етті. Оның шешімдері Декларацияда көрініс тапты, атап айтқанда, әділдік, ақиқат, имандылық, шыдамдылық сияқты мәңгілік құндылықтарды уағыздау әрбір діннің мақсаты болуға тиіс деп атап көрсетілді. Діннің атын жамылып жасалатын экстремизм, лаңкестік және күш көрсету мен қаскүнемдіктің басқа да түрлерінің шынайы дінге еш қатысы жоқ деп мәлімденді.

88Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты және рухани жаңару жолы.1994 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы өкімімен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы мақұлданды. Кейіннен аталған құжатты Үкімет қабылдаған соң 2001 жылдан бастап бірқатар бағдарламалар, оның ішінде «Қазақстан жастары», «Жастар саясатының 2003 – 2004 жылдарға арналған бағдарламасы», «Жастар саясатының 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасы», сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылды. Аталған бағдарламалардың бәрі жастардың білім, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға, жастарды ауқымды әлеуметтендіру және патриотизм құндылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған.«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы жастар саясатын одан әрі іске асырудың институционалдық негізіне айналды. 2010 жылдан бастап жастар саясаты Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іске асырылуда. 2008 жылы «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясының (бұдан әрі – «Нұр-Отан» ХДП) «Жас Отан» Жастар қанаты I съезінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар ұйымдарының бастамаларын қолдау мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі болып табылды, өткен 7 жылда оның көлемі 10 еседен астам өсті.. мектеп, 100 аурухана», «Балапан», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламалары бағытталған.

 

89.Мемлекеттік мәдени мұра бағдарламасы және оның мақсаты мен іске асырудың негізгі бағыттары.

Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.» Н. Ә. Назарбаев«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды. Б ағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.Бағдарламаның кезеңдері2004-2006 жж.2007-2009 жж.2009-2011 жж.«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.«Мәдени мұраның» мақсаты – тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерін ашу, ұлттық мәдениет үшін айрықша маңызы бар айтарлықтай тарихи-мәдени ескерткіштерді консервациялау, қалпына келтіру және қайта жасау; мәдени мұраның, оның ішінде ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің біртұтас жүйесін жасау; әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері базасында гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.

 

 



 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.