Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстандағы қоғамдық-саяси өмір (ХХғғ. 40 жж. ІІ жартысы – 50 жж.). «Бекмаханов ісі». «Хрущевтік жылымық».



52) Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір (ХХғғ. 40 жж. ІІ жартысы – 50 жж.). «Бекмаханов ісі». «Хрущевтік жылымық».

Кеңес елінде 20 жж. ортасында әбден күшіне мінген қатты әміршіл-әкімшілік жүйе 30-40 және 50 жж. бас кезінде өзінің шарықтау шыңына жетті.Елде И.В.Сталиннің жеке басына табыну бел алды. Қандай да болсын табыстың бәрі оның басшлық жасай білуіне, ал ірі кемшіліктер мен олқылықтар “халық жауларына” таңылды немесе үнсіз қалдырылды. Мұның бәрі республиканың қоғамдық-саяси дамуына теріс әсер етіп, ауыр зардаптарға ұшырады. Асыра сілтеу, бурмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. Е.Бекмаханов еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында күшейе түсті. Ермахан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. 1947- 1950 жылдарда Е.Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді. Ермұхан Бекмахановты қаралау кампаниясы Тілеуқажы Жанайұлы Шойынбаев, Хадиша Гилимқызы Айдарова және А.Ф. Якунинің қол қойған КСРО-ның басты газеті - "Правда" газетіндегі 1951 мақаладан басталады. 1951 жылы университеттеғі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарыТергеу үш айға созылды.лды.Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың алыстағы лагерінің біріне айдалды.Ол кісінің лагерьден тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия атылғаннан кейін Е. Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі ақталып шықты.жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады.

53) Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы (ХХ ғғ. 40 жж. ІІ жартысы – 50 жж.).жылдардың соңында жеңіске жеткен әміршіләкімшіл жүйе 40-50-жылдарда күшейіп тұрған еді Республикада, бүкіл елдегі сияқты, бір адамның -И. В. Сталиннің жеке басына табыну үстемдік құрды. Қандай табыс болсын, соның басқару қабілетіне байланысты дәріптеліп, кемшіліктер мен өрескел қателіктерге көз жұма қаралды. Осының бәрі Қазақстаның қоғамдық-саяси дамуына теріс әсер етті. 50жылдардың басында сталинизом идеологиясы әбден асқынды. 1946жылғы наурызда өткен КСРО Жоғарғы Кенесінің сессиясында Жоспарлау Комитетінің төрағасы Н. А Вознесенскийдің төртінші бесжылдық жоспар туралы баяндамасында осы қағида жетекші партиялық бағыт деп жариялады. Көз жетерлік тарихи кезенде коммунизмді орнату болады деген қағида кеңес басшылығы тарапынан жиі-жиі айтылатын болды және ол дайындалып жатқан коммунистік партияның үшінші бағдарламасының жоспарында өз көрінісін табуға тиісті деп есептелді.Өзгерген өмірдің жаңа талаптарына қарамастан, соғыстан кейінгі кезенде де ауыр өнеркәсіпті бұрынғыдай тез қарқынмен дамыту экономикалық саясаттың басты принцпы болып қала берді. Ал халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі, соғысқа дейінгі кезеңдегідей, екінші кезектегі мәселе болып саналды. Қазақстан — лагерьлер өлкесі. 30-шы жылдардың өзінде ақ жазықсыз жазаланған, саяси қудалаудың құрбаны болғандарды қоғамнан бөліп ұстау үшін Қазақстан лагерьлер өлкесіне айналдырылған еді. Олардың ең үлкені Қарағанды лагерьлері жүйесі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және соғыс жылдары Қазақстанға көптеген халықтар күшпен көшіріліп келгені белгілі. Олардың қатарында кәрістер, немістер, поляктар, қалмақтар, қарашайлар, балқарлар,литвандар болды. Қазақстанда арнайы жер аударылғандардың ішінде орыстар да аз болған жоқ.Соғыстан кейінгі он жылдан астам уақыт бойы қазақтың кең сахарасының айтарлықтай бөлігі лагерьлер өлкесі болып қала берді. Соғыстан кейінгі жылдарда республика эканомикасын қайта құру. Кеңес Одағының эканомикасы соғыстан айтарлықтай әлсіреп шықты. Соғыс жылдарында 1710 қала және 70 мыңдай ауыл қирады. Тек қана Беларусьте 300 мың отбасы, ал бүкіл ел бойынша 2 мил. 32 мыңнан астам өнеркәсіп орындары мен 100 мыңнан астам ауылшаруашылық кәсіпорындары орасан зиян шекті, олардың бір бөлігі түгелдей жойылды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.