Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





озғалтқыштардың қызуы және салқындауы



1.4 Қозғалтқыштардың қызуы және салқындауы

 

Қозғалтқыштардың жұмысы кезінде олардың магнит өткізгіш өзектері мен орамаларының қызатыны белгілі (6,8 тараулар). Магнит өткізгіш өзек құйынды токтар мен қайталап магниттенудің әсерінен қызса, орамалар ондағы токтың әсерінен қызады. Бұдан басқа, үйкелістің нәтижесінде подшипниктер мен ротордың білігі де қызады. Электр машиналарында әртүрлі материалдар (электротехникалық болат, мыс, оқшаулық материалдар, т.б.) қолданылатындықтан және жылу сыйымдылығы мен жылу бергіштігі әртүрлі болатындықтан, олардың озара және қоршаған ортамен жылу алмасу үрдісі өте күрделі болады. Сондықтан электрлік қозғалтқыштардағы жылулық үрдістерді қарастырғанда олар біртекті дене деп қабылданады. Бөлінетін жылудың бір бөлігі қоршаған ортаға тарайды, ал екінші-бір бөлігі қозғалтқыштың денесін қыздыруға кетеді. Осы себепті жұмыс кезінде қозғалтқыштар қызады. Қозғалтқыштың температурасы өскенде оның қоршаған ортаға беретін жылуының шамасы да өседі. Бірақ қозғалтқыштың қызуы белгілі-бір шамаға жеткенде оның бөліп шығаратын жылуы мен қоршаған ортаға беретін жылуы теңеседі де, температураның өсуі тоқтайды, яғни қозғалтқыштың температурасы қалыптасады.

Ал, жалпы алғанда, қозғалтқыштың белгілі-бір жүгіне оның температурасының қалыптасқан артықтығының белгілі-бір мәні сәйкес келеді. Сондықтан қозғалтқыштыңқызу және салқындау графиктері оның жүгіне байланысты өзгеріп отырады.

 

 

 

Қорытынды

Өз кезегінде, электр жетегінің дамуы технологиялық ауқымға да əсерін тигізді, бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктер ашылып, көптеген өндірістерді толық автоматтандыруға қол жетті.Ауыл шаруашылығында электр жетектерді кеңінен пайдалану ұдайы өсіп келеді, негізінен алғанда жиіліктік-реттелетін асинхрондық электр жетектерінің таралуы мол. Бұл жағдай, ауылшаруашылық өндірісіндегі қол еңбегінің үлесін азайтып шығарылатын өнімдердің бəсекелестік қабілеттерін арттырады. Қазіргі күндерде электр жетектері электр энергиясының 70% артығын тұтынады, сондықтан бұл салада энергия үнемдеудің негізгі потенциалы қорланған. Күн тəртібіне электр жетектерін тиімді пайдалану мəселесі ұздіксіз қойылып келеді.

Қорыта айтсақ, электрші мамандар автоматтандырылған электр жетегінің элементтік базасын, автоматты басқарудың тұйықталмаған жəне тұйықталған жүйелерінің құрастырылуының негізгі қағидалары мен жұмысын жете білуге тиіс. Сондықтан, электр жетегінің негіздерін оқып үйрену, оның заңдылықтарын біліп игеру электр энергиясын тиімді пайдаланудың алғашқы шарты болады. Оқу құралында электр жетегінің теориялық негіздері, қозғалыс теңдеулері, механикалық сипаттамалары, бұрыштық жылдамдық пен моментті реттеу, өтпелі процестер, жұмыс режимдері, электр қозғалтқыштың қуатын таңдау негіздері қарастырылған.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Ильинский Н.Ф.Основы электропривода: Учебное пособие для вузов. – 2-е изд.- М.: Издательство МЭИ, 2003, 224 с.: ил.

2. Москаленко В.В. Автоматизированный электропривод: Учебник для вузов. -М.: Энергоатомиздат, 1986, 416 с.:ил.

3. Справочник по автоматизированному электроприводу. /Под ред. В. Елисеева и А.В.Шинянского.-М.:Энергоатомиздат, 1983, 616с.

4. Ключев В.И. Теория электропривода.- М.: Энергоатомиздат, 1985, 560 с.

5.Автоматтандырылған электр жетегі /оқулық/. Ы.Туғанбаев. - Алматы.: Республикалық баспа кабинеті, 2004 ж. 280 бет

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.