Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мазмұны. Кіріспе. орытынды. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Кіріспе. Электрлік жетек түсінігі.



 

 

Мазмұны

 

Кіріспе

1 Электр жетек түсінігі. 

     1.1. Электр жетегінің қысқаша тарихы.

1.2 Электрлік жетек механикасының негізгі теңдеулері

1.3  Электрлік жетекті жіберу, тоқтату және тежеу уақыты

1.4. Қозғалтқыштардың қызуы және салқындауы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Электр қозғалтқыштар жұмысшы машиналарды немесе механизмдерді қозғалысқа келтіруге жəне сол қозғалыс пен технологиялық процестерді басқаруға арналған электрмеханикалық жүйенің, яғни электр жетегінің негізі болып табылады.

Өз кезегінде, электр жетегінің дамуы технологиялық ауқымға да əсерін тигізді, бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктер ашылып, көптеген өндірістерді толық автоматтандыруға қол жетті.

Ауыл шаруашылығында электр жетектерді кеңінен пайдалану ұдайы өсіп келеді, негізінен алғанда жиіліктік-реттелетін асинхрондық электр жетектерінің таралуы мол. Бұл жағдай, ауылшаруашылық өндірісіндегі қол еңбегінің үлесін азайтып шығарылатын өнімдердің бəсекелестік қабілеттерін арттырады. Қазіргі күндерде электр жетектері электр энергиясының 70% артығын тұтынады, сондықтан бұл салада энергия үнемдеудің негізгі потенциалы қорланған.

Күн тəртібіне электр жетектерін тиімді пайдалану мəселесі ұздіксіз қойылып келеді. Электр жетегі орындайтын операциялардың күрделігі мен көп түрлі болуы жəне құрамында электрондық, микропроцессорлық жəне компьютерлік құрылғыларды пайдалану, оны өте күрлелі техника қатарына жеткізді. Оларды монтаждау, баптау жəне эксплуатациялаумен шұғылданатын мамандардың теориялық жəне практикалық дайындық деңгейі жоғары болуы керек.

 

1 Электрлік жетек түсінігі.

Электр жетегі деп - элекр энергиясын механикалық энергияға түрлендіріп, түрлендірілген энергияны басқаратын электрмеханикалық қондырғыны атайды. Ол бір не бірнеше электр қозғалтқыштарынан, беріліс механизмінен және басқару аппараттарынан құралады. Айналу жиілігі тұрақты болып келетін Электр жетегінде негізінен үш фазалы асинхронды және синхронды электр қозғалтқышы, ал айналу жиілігі жайлап реттелетін Электр жетегінде түрақты токтың электр қозғалтқышы, кейде коллекторлы және коллекторсыз асинхронды қозғалтқыштар пайдаланылады. Айналу жиілігін жайлап реттеу тұрақты токтың Электр жетегінде кедергіні, магнит ағынын не кернеуді өзгерту, ал айнымалы токтың Электр жетегінде айнымалы токтың жиілігін өзгерту арқылы жүзеге асырылады. Айналу жиілігін сатылы түрде реттеу полюс жұптарын ауыстырып қосу арқылы орындалады. Айналу жиілігі реттеліп отыратын қуатты Электр жетегінде бірінен соң бірі кезекпен іске қосылатын электр қозғалтқыштарының бірнеше жүйесі пайдаланылады. Электр қозғалтқыштарының бұл жүйесі айналу жиілігін кең алқапта жайлап реттеп қана қоймай, артық энергияны электр желісіне кері қайтарып отырады. Өндірістік процестерді автоматтандыруға байланысты автоматты Электр жетегі кеңінен пайдаланыла бастады.

Белгілі-бір жұмыс атқаратын қондырғы негізінде үш бөліктен тұрады: қозғалтқыштан, беріліс механизмінен және жұмысшы машинадан. Қозғалтқыш пен беріліс механизмі қуат пен қозғалысты қозғалтқыштан жұмысшы машинаға беруге арналған. Осы екеуі жетек болып бірігеді.  Қазіргі кезде қозғалтқыштың негізгі түрі электрлік қозғалтқыш болғандықтан,  қозғалтқыш пен беріліс механизмін электрлік жетек деп атау қабылданған. Технологиялық процестер және олардың атқарушысы болып табылатын жұмыс машиналары автоматтық басқарылатын және әртүрлі өзгерістерге бейімді болуы керек. Сондықтан электр энергиясының да және механикалық энергияның да параметрлері жұмысшы машинаның жұмыс әлпіне сәйкесті реттелініп отырады. Қозғалтқышқа берілетін электр энергиясының праметрлерін өзгерту үшік әртүрлі түрлендіргіштер қолданылады. Олар кернеуді, жиілікті, фазаны немесе токтың тегін түрлендіруге немесе реттеуге арналған құрылғылар болуы мүмкін. Ал қозғалтқыштан алынатын механикалық энергияның параметрлерін өзгерту және оны жұмысшы машинаның параметрлерімен сәйкестеу үшін әртүрлі муфталар, редукторлар, пневматикалық және т.б. беріліс механизмдері қолданылады. Электр энергиясын түрлендіргіш пен қозғалтқыштың һәм беріліс механизмінің жұмысын басқарып жене бақылап отыру үшін басқару құрылғысы болуы керек. Ендеше электрлік жетек ЭЖ (1-сурет) электр энергиясын түрлендіргіштен ЭЭТ, электрлік қозғалтқыштан М, беріліс механизмінен БМ және басқару құрылғысынан БҚ турады. Электрлік жетекке электр энергиясы көзі G мен жұмысшы машина ЖМ кірмейді.

Сонымен, электрлік жетек деп электр энергиясын механикалық энергияда түрлендіретін және түрлендіру жүйесін электрлік басқаруға арналған электромеханикалық құрылғылар мен қондырғылардың жиынтығын айтады.

Қозғалтқыштардың саны мен жұмысшы машинаның атқарушы органдарына байланысты электрлік жетек жеке, топтық және өзара байланысқан болып бөлінеді.

Жеке электрлік жетек деп жұмысшы машинаның бір атқарушы органын бір қозғалтқыш қозғалысқа келтіретін жетекті айтады.

Мысалы, желдеткіш және конвейерлік қондырғылар, метал кескіш станоктар, бұрғылау қондырғылары т.б.

Топтық электрлік жетек деп бірнеше жұмысшы машинаны немесе бір жұмысшы машинаның бірнеше атқарушы органдарын бір қозғалтқышпен қозғалысқа келтіретін жетекті айтады. Бірнеше атқарушы орган немесе бірнеше жұмысшы машина әртүрлі беріліс (тісті, таспалы, белбеулі, т.с.с.) арқылы бір қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетіндіктен, топтық жетектің сенімділігі және техникалық көрсеткіштері жеке жетекке қарағанда төмен болады. Сондықтан қазіргі кезде топтық жетек сирек қолданылады.

 

 

1-сурет. Электрлік жетектін сұлбалық құрылымы.

 

Өзара байланысқан электрлік жетек деп электрлік немесе механикалық байланысқан екі немесе одан да көп электрлік қозғалтқыштардан тұратын жетекті айтады. Кейбір өзара байланысқан электрлік жетекте электрлік қозғалтқыштар ортақ бір білікке жұмыс істейді.

Қазіргі электрлік жетек негізінен автоматтандырылған электрлік жетек болып келеді. Автоматтандырылған электрлік кетек бағдарлы басқарылатын, өзгермелі берілуші сигнал бойынша атқарушы органның орын ауыстыруын қадағалайтын, атқарушы органның баптарына сәйкесті басқарылатын, атқарушы органның жұмыс әлпіне сәйкесті автоматтық бейімді басқарылатын талаптарға сай жұмыс істейді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.