Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Электрлік жетекті жіберу, тоқтату және тежеу уақыты



1.3 Электрлік жетекті жіберу, тоқтату және тежеу уақыты

Электрлік жетекті жіберу, яғни оның жүріп кету, уақыты деп айналу жылдамдығының нөлден номинал немесе жүкке сәйкесті мәніне жеткенге дейінгі уақытты, тоқтау уақыты деп айналу жылдамдығының номинал немесе жүкке сәйкесті мәнінен нөлге, яғни тоқтағанға дейінгі, ал тежелу уақьггы деп айналу жылдамдығының белгілі-бір мәнінен "екінші-бір мәніне өзгергенге дейінгі уақытты айтады.

Электрлік жетектің жіберілу, тоқтау және тежелу уақытын анықтау үшін электрлік жетектің негізгі теңдеуін уақыт бойынша шешу керек.

Мұнда жылдамдық та, моменттер де уақыт бойынша бейсызықты өзгеріп отыратындықтан графоаналитикалык әдіс қолданылады.

Қозғалтқыштың механикалық сипаттамасы мен кедергі моменттің графиктері бір координаттар жүйесінде тұрғызылып, бірнеше телімдерге - белінеді (4-сурет). Телімдердегі моменттердің орташа мәндері алынып, жылдамдық пен уақыттың өсімшелері (d , dt) шекті өсімшелермен( ) алмастырылады, яғни

 

 

4-сурет. Қозғалтқыштың механикалық сипаттамасы (М) мен кедергі моменттің графигі (Мк).

 

                             (13.17)

 

мұндағы Mo, MKO - қозғалтқыштың айналдырушы моменті мен кедергі моменттің төлім ішіндегі орташа мәндері.Бұдан телімді өту уақыты

 

                            (13.18)

 

Егер бұрыштық жылдамдықтың орнынаоның айналу жылдамдығы арқылы ернектелген мәнін( )қойса, онда

 

                        (13.19)

 

Ал электрлік жетектің жіберілу немесе оның жылдамдығының белгілі-бір жылдамдықтан екінші-бір жылдамдыққадейін өсу уақыты қарастырылып отырған төлімдерді өту уақыттарының қосындысына тең болады:

 

                               (13.20)

 

мұндағы -телімдер үшін (13.19) өрнегі бойынша анықталатын уақыттар.

Электрлік жетектің тоқтау немесе жылдамдығының белгілі-бір жылдамдықтан екінші-бір жылдамдыққа дейін кемитін уақытын есептегенде кедергі моменттің алдына оң таңба қою керек, өйткені жылдамдық кемігенде қозғалтқыштың моменті кедергі моментке айналады.

Электрлік жетектің жіберілу, тоқтау және тежелу уақытына электрлік өтпелі үрдістер де және беріліс механизмі мен жұмысшы машина бөлшектерінің байланысының қатаңдығы да әсер етеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.