Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тобы:

Күні:                                     

Тәрбиеші:

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.                   

ҰОІӘ:Экология.

Тақырыбы:Шырша мен балқарағай. Өздеріне таныс жануарлады айтады.

Мақсаты:қылқанжапырақты өсімдік шырша туралы түсінігін бекіту. Балқарағаймен таныстыра отырып, оның шыршадан және басқа ағаштардан айырмашылығын байқап, сипаттап бере білуге үйрету. Қазақстанның табиғи байлығын сақтау үшін адамдардың мінез-құлық ережелерін түсінуге үйрету. табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Қысқы орман табиғаты бейнеленген көлемді сурет, ағаштар мен қылқанжапырақты өсімдік шыршаның және балқарағайдың суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, шырша мен балқарағайдың қылқандары, бүрлері, мата.

Алдын ала жасалатын жұмыстар: қысқы табиғатты, қарды бақылау, балқарағайдың, шыршаның бүрлерін жинау.

Әдіс-тәсілдері:сөздік, көрнекілік, практикалық.

Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- Қозғаушылық Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, табиғаттың өсіп-өркендеуі үшін жылы лебіздер мен тілектер айтуды ұсынады. Балалар табиғатқа деген ықыластарын білдіреді.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Тәрбиеші балаларға қыс мезгілі, онда болатын өзгерістер, ересек адамдардың еңбегі мен балалардың әрекеті, ойыны, ауа-райы т.б туралы сұрақтар қояды. Миға шабуыл: Тәрбиеші балаларға қысқы орман табиғаты бейнеленген суретті көрсетіп өздеріне таныс қандай ағаштарды көріп тұрғандарын сұрайды. -Неліктен олай ойлайсыңдар? -Мынау-шырша (суретін көрсету). Енді осы шырша туралы есімізге түсірейік. Шыршаның түсі қандай? -Шыршаны қай жерлерден көп кездестіруге болады? Тағы қай жерлерден кездестіруге болады? Шыршаны адамдар не үшін пайдаланады? -Шырша мен балқарағайдың қандай ұқсастықтары бар? -Айырмашылығы қандай? -Дұрыс айтасыңдар, шыршаның инелері қысқа әрі жиі орналасады ал балқарағайдың инесі ұзын болғанымен сирек болып келеді, бұл инелерін қылқан деп атауға болады. -Енді бүрлеріне қараңдар, айырмашылығы бар ма? Тәрбиеші балалардың жауаптарын толықтырып, балқарағай туралы толық ақпарат береді. Балқарағайдың да басқа өсімдіктер сияқты тамыры, діңі, бұтақтары, жапырақтары болады. Жапырақтары қылқан деп аталады. Сол себепті де оны қылқанжапырақты деп атайды. Шыршаға және басқа қылқанжапырақтыларға қарағандағы ерекшелегі, олар қыс мезгілінде қылқанын түсіреді. Қылқандары жұмсақ, нәзік болады. Балқарағай ерте көктемде, қылқаны шыққан кезде гүлдейді. Гүлі деп қызыл, сары түсті бүрлерін айтады. №3. Д /ойыны : «Қай ағаштың жапырағы»   Балалар өздерінің алдын ала бақылағандарын айтады.   Балалар орман ағаштарының барлығы бірдей болып тұрғандығын айтады.   Педагогтің жанына барып, екі өсімдікті салыстырады.     Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.     Ойын ойнайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиынна алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын не үйренгендерін сұрайды.   Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді Қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлерімен бөліседі.


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.