Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тобы:

Күні:                                     

Тәрбиеші:

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта                          

 ҰОІӘ:Экология

Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері жүз жылдық (алоэ) және аспидистра.

Мақсаты:алоэ және аспидистра өсімдіктерінің құрылысымен таныстыра отырып, олардың айырмашылығын көріп, айтып беруге үйрету. Өсімдіктің өсуіне жарық, ылғал, ауа, қалыпты температура және адамдар күтімінің күтіп-баптай білуге баулу.

Көрнекіліктер:ыдысқа отырғызылған алоэ және аспидистра өсімдігі, гүлдердің суреті бейнеленген үлестірмелі суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері,гүлдеріді күтіп баптауға арналған құралдар

Әдіс –тәсілдер:сөздік,көрнекілік,практикалық                                                                                                                                        

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын,сендер шешуін табыңдар Қысы-жазы жасыл боп, Терезе алдында тұрады, Шаңды өзіне жұтып ап Ауаны да тазартады. Ол не балалар? Жұмбақтың жауабын табуға тырысады.  
Ұйымдастырушылық-ізденістік   Қонаққа қолында екі түрлі бөлме өсімдігін ұстаған гүл патшайымы келеді. -Балалар,мына гүлдің аты-алоэ, ал мына гүл-аспидистра. Қане қайталаймыз -Алоэ өсімдігі бізге Африкадан және Мадагаскар аралынан келген екен. Табиғатта бұл өсімдікке ұқсас өсім діктер көп кездеседі. Алоэ өсімдікте рінің жапырақтары сүйір,шырынды, қатты, қалын қабықты,шеттері өткір тікенді болып келеді.Әрбір суарудан соң топырағының кебуі керек. Қыста салқын жерде тұратын болса ,көп суарудың қажеті жоқ. -Аспидистра өсімдігі туралы кім не біледі? Жаңа өздерің бақылау жасадыңдар. -Жарайсыңдар балалар, бақылауды жақсы жасапсыңдар.Дегенмен біз аспидистра өсімдігі туралы толық білмейтін сияқтымыз.Сондықтан гүл патшайымын шақырайық. Осы кезде үнтаспадан дауыс естіліп, аспидист ра туралы мағлұмат беріледі: «Үй жағдайында жиі өсірілетін аспидис траның жапырағы ұзын, түсі қою жасыл, қабығы жылтыр болады. Жапырағының ұзындығына бола , оны «Биік аспидистра» д.а. Жарықты жақсы көреді.Көктемнен күзге дейін топырағын құрғатпай, жиі суару керек.Қыста суару азайтылады.» Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс  Д /о. «Дұрыс ата»№72(гүлдер арасынана аспидистра мен алоэні табу керек.)     Қонақпен амандасып, білетін гүлдің атын атайды.      Балалар гүлдерді ұстап, олардың жапырағы мен сабағына т.б. бөліктеріне мән беріп қарайды.   Сергіту сәтінің сөзін қайталай отырып,қимылдар жасайды Дәптерде берілген тапсырмаларды ойнайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.   Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

жасайды: өсімдіктерінің құрылысын, олардың айырмашылығын көріп, айтып беруді; өсімдіктің өсуіне не қажет екендігін.

түсінеді:алоэ, аспидистра өсімдіктерінің өсуіне жарық, ылғал, ауа, қалыпты температура және адамдар күтімінің қажеттілігін.

қолданады: бөлме өсімдіктерін күтіп-баптауды, оларға қамқорлықпен, құрдастарымен жағымды қарым-қатынас орнатуды.

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.