Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Пәннің мақсаты



2.1. Кіріспе

Хирургиялық стоматология пәні жақ-бет және мойын аймақтарының ақаулары мен деформацияларының, ісік, ісік тәріздес түзілімдерінің, сілекей бездерінің, бет нерв ауруларының, этиологиясын, патогенезін, диагностикасын және кешенді емін және хирургиялық операциялардың ерекшеліктері жайлы түсінік береді.

2.2. Пәннің мақсаты

Хирургиялық стоматологияның барлық бөлімдерін білетін білімді және тәжірибелі стоматолог - дәрігерлерді дайындау.

2.3. Оқытудың міндеттері:

· жақ-бет, мойын аймақтарының ақауларын және деформацияларын, сілекей бездері, бет нерв ауруларының этиологиясын және патогенезін заманауй тұрғыда қарастыру.

· жақ-бет, мойын аймақтарының ақауларын және деформацияларын, сілекей бездері, бет нерв ауруларын анықтау, клиникалық зерттеу әдістерін және салыстырмалы диагностикасын үйрету.

· ауыз қуысын хирургиялық жолмен протездеуге дайындау және дентальды имплантацияны үйрету

· жақ-бет, мойын аймақтарының ақауларының және деформацияларының, сілекей бездері, бет нерв ауруларының патогенетикалық ем жүргізу жоспарын құруды үйрету.

2.4. Соңғы нәтиже:

Студент білуі тиіс:

· жақ-бет, мойын аймақтары ақаулары және деформациялары, сілекей бездері, бет нерв аурулары бар науқастарға көмек көрсету және хирургиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру.

· Жақ-бет аймағының анатомо-топографиялық және физиологиялық ерекшеліктерін, иннервация және қанайналым жүйесін білу.

· жақ-бет, мойын аймақтарының ақауларының және деформацияларының, сілекей бездері, бет нерв ауруларының этиологиясын, патогенезін, науқастарды зерттеу ерекшеліктерінің, клиникасын, салыстырмалы диагностикасын, емдеу қағидаларын білу.

· ауыз қуысын хирургиялық жолмен протездеуге дайындау және дентальды имплантация қағидаларын, көрсеткіштерін, қарсы көрсеткіштерін, хирургиялық әдістерін үйрену.

· жақ-бет, мойын аймақтары ақаулары және деформациялары, сілекей бездері, бет нерв аурулары бар науқастарды реабилитациялау қағидаларын білу.

· Хирургиялық стоматологиядағы терминальды жағдайларды білу.

Студент істей білу керек:

· жақ-бет, мойын аймақтарының ақаулары және деформациялары, сілекей бездері, бет нерв аурулары бар науқастарды қарап тексеру әдістерін, басқа маман дәрігерлермен бірге қосалқы ақауларды анықтау, жалпы соматикалық ауруларға кешенді ем жүргізуді білу қажет.

· Терминальды жағдайдың алдын алуын және жедел жәрдем көрсетуді.

Студент келесі дағдыларды жүргізе білу керек:

· Барлық жергілікті жансыздандыру әдістерін (инфильтрациялық және өткізгіштік) жасай білу.

· Сілекей бездерін пальпациялау, сілекей мөлшерін анықтау.

· Тілік жасау және тігіс салу.

· Ақау және деформациялар кезінде жақтарды иммобилизациялай білу.

· Контрасты сиалография, фастулография жасай білу.

· Сілекей тастарын алу.

· Цитология және биопсияға материал алу.

2.5. Пәннің пререквизиттері:жалпы хирургия, ішкі аурулар, оторинолорингология, офтальмология, неврология, хирургиялық стоматология пропедевтикасы, терапиялық стоматология пропедевтикасы, ортопедиялық стоматология пропедевтикасы, стоматология ауруларды алдын-алу, балалар жасындағы стоматология пропедевтикасы.

2.6. Пәннің постреквизиттері:терапиялық стоматология, ортопедиялық стоматология, балалар жасындағы стоматология және ортодонтия.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.