Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Хирургиялық стоматология модулі 41-1-5



Хирургиялық стоматология модулі 41-1-5

Пәні –хирургиялық стоматология HS 5306

Мамандығы – 051302 «стоматология»

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ

                                                               СИЛАБУСЫ                      

Оқу сағатының жалпы көлемі –405 сағат

Дәрістер –15 сағат

Тәжірибелік сабақтар –120 сағат

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – 135 сағат

Студенттің мұғаліммен өзіндік жұмысы (СМӨЖ) (СРСП)-68сағат

Мұғалімдердің жеке кеңестері-67 сағат

Курсы –бесінші

Семестр –9-10

Бақылау үлгісі :семестрлік емтихан (9-10 семестрде)

                          Қорытынды мемлекеттік аттестация - мемлекеттік емтихан

Алматы 2014

Силлабусты құрастырған: м.ғ.д., доцент Мырзақұлова Ұ.Р.

Силлабусты мемлекеттік тілге аударған: м.ғ.к. Сабданалиев А.М.

 

Силлабус хирургиялық стоматологиямодулінің отырысында талқыланды

««27»тамыз 2014 ж., хаттама №_1___

 

 

Бекітілді:

Хирургиялық стоматология модулінің

жетекшісі,м.ғ.к. _______                  ____               _______Даулетхожаев Н.А.

 

1. Жалпы мәліметтер:

1.1 ЖОО – ң аталуы: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті.

1.2 Модуль - хирургиялық стоматология

1.3 Пәні – Хирургиялық стоматология

Пән коды - HS 5306

1.4 Мамандығы -051302 «Стоматология».

1.5 Оқу сабақтарының көлемі – 405 сағат.

1.6 Оқудың курсы және семестрі–5курс, 9-10 семестр

1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер:

Аты-жөні.

Қызметі

Ғылыми дәрежесі

1. Оразалин Жақсылык Бекбатырұлы Профессор   Медицина ғылымдарының докторы
2. Даулетхожаев Нұрғали Амангелдіұлы Модуль меңгерушісі, ассистент Медицина ғылымдарының кандидаты
3. Ибрагимова Роза Сафиулқызы профессор Медицина ғылымдарының докторы
4. Мырзакұлова Ұлмекен Рахимқызы Доцент Медицина ғылымдарының докторы
5. Сабданалиев Асылбек Мусраліұлы Доцент Медицина ғылымдарының кандидаты
6. Қурышжанова Қарлыгаш Рахимқұлқызы Ассистент -
7 . Менжанова Дана Данатовна Ассистент  
7. Хван Виктория Викторовна Ассистент                       -
Адильбаев Ғалым Базенұлы Ассистент Медицина ғылымдарының докторы  
Қыдырбаева Гүлжан Жанұзаққызы Ассистент Медицина ғылымдарының кандидаты

1.8 Байланыс ақпараты:

Модульдің мекен-жайы: Алматы қаласы,Достык даңғылы,220; 5 ҚКЕ, 2 этаж

Телефон: 264-75-36

Модульдің электрондық адресі:kazbrit_gng_s@mail.ru, malena2030@ mail.ru

 

1.9 Пәннің саясаты оқу үрдісін бір қалыпты және мақсатты жүргізу болып табылады. Оқытушылардың студенттерге қоятын талабы: медициналық жоғарғы оқу орнындағы оқудың жалпы қағидаларына сай.  

1. Тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде, үнемі қатысуы керек.

2. СӨЖ-ның барлық тақырыптарын өздері таңдаған пішіні бойынша міндетті түрде орындау керек.

3. Оқу барысында белсендi болу (тәжірибелік сабақтың тақырыбына конспект әзірлеу, теориялық материалды дайындау, жағдайға байланысты есептер мен тестiлiк тапсырмаларды шешу, фантомдарда тәжірибелік жұмыстарды орындау,оқытушы жетекшілігімен науқастармен жұмыс жасау).

4. Тақырыптық жоспар бойынша белгіленген уақытында СӨЖ-ын таңдалған тақырыбын біртіндеп қорғау(осы бөлiмге тиiстi 1 аптадан кешiктiрмей).

5. 8, 20, 26, 40 сабақтарда аралық бақылау.

6. Студентте жеке жұмыс дәптері, дәріс материалы болуы керек.

7. Сабақ кестесіне сәйкес сабаққа кешiгусiз келуі керек.

8. Үтіктелген, таза ақ халаты, қалпағы, ауыстыратын аяқ киімі, маска және қолғабы болуы қажет.

9. . ПОҚ-на және студенттерге сыйластық қатынаста болуы тиіс.

10. 10 семестрде семестрлік емтихан

11. Қорытынды мемлекеттік аттестация – 10 семестрде мемлекеттік емтихан

12. Ұстаз, меңгеруші орынбасары және модуль меңгерушісінің қатысуымен топтарда қарама-қайшы жағдайларды ашық талқылауы тиіс.

13. Студент сабаққа үнемі кешіккені үшін айыппұл салынады: 0,5 балл шегеру түрінде

14. Жоғарыда айтылған негізгі кафедра саясатын ұстанбағаны үшін, айппұл баллы салынады.

15. Айыптық баллдар тәртіптің орта бағасынан алынады –R

16. Бір академиялық сағат (байланыс) 100 минут уақыт көлемін құрайды.

17. СОӨЖ үшін бір академиялық сағат 50 минут уақыт көлемін құрайды.

 

2. Бағдарлама:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.