|
||||
УРБ-2-А2 барлама бұрғылау қондырғысы1.3.2 УРБ-2-А2 барлама бұрғылау қондырғысы Бұл қондырғы ЗИЛ-157 автомашина негізінде құрастырылған, өздігінен жүретін бұрғылау қондырғысы. Барлық механизмдер автомашина қозғалтқышынан күш ала отырып жұмыс істейді. 1. Бөліп беру қорабы-ол арқылы екі гидронасос жүмыс істейді. ІІ МК №10 Гидронсосы қондырғының 1 цилиндрі гидрокөтергішін іске қосады. 2. Кардонды біліктен таспалы беріліс арқылы компрессор жұмыс істейді. Ол ұңғыны ауа арқылы қазғанда, және сұйық қолдану арқылы қазғанда компрессор орнына насос орнатылады. 3. Мұнарада бұрғылау құралдарын айналдыратын, төмен-жоғары қозғалмалы айналдырғышы орналасады. Жоғары- төмен қозғалысты бір цилиндрлі гидрокөтергіш және бұрғылаудағы көтеріп-түсіру операциялар кезінде жылдамдатқыш арқанмен жалғасқан гидрокөтергіштің гидроцилиндрі 2 бағытта жұмыс істейді, яғни оның төмен бағытталған күшін қашауға салмақ түсіру үшін қолдануға болады. 4. Қондырғы механизмінің басқару орталығы 5. Бурғылау қондырғысының қажет май құйылған ыдыстар бар. Қондырғыны түнде жарықпен қамтамасыз ету автомашинаның электр жүйесінен алынады. Бұрғылау қондырғысының құрамына қосымша тіркелгіш кіреді. Онда қашаулар, құбырлар және басқа да құралдар болады. Оның үстінде жүктерді көтеріп-түсіру үшін айналмалы кран орналастырған. Басқа бұрғылау қондырғыларынан айырмашылығы оның айналдырғышын құбырларды бір-біріне жалғау немесе ажырату үшін пайдалануға болатындығы. УРБ – 2 – А2 барлама бұрғылау қондырғысының техникалық сипаттамасы міндеті - геофизикалық және құрылымды ұңғыны бұрғылау; бұрғылау - айналмалы; ұңғы түбін ауамен немесе сұйықпен тазалау; шиекті тәсіл; Бұрғылау тереңдігі, м; Құрылымда карталандыру ұңғылардың диаметрі - 63,3 мм; Геофизикалық ұңғыны қазғанда – 100м Диаметрі 135 мм шиекпен қазғанда – 30м Жүк көтерілгіштігі, Т:
Жетектің қуаты – 104 ат күші Бұрғылау құралдарының көтерілу жылдамдығы - 0,64м/с Жылдамдықың өзгеруі – сатысыз Айналдырғыштың айналу жылдамдығы: Минималды – 0 – 125 айн/мин Максималды – 135 айн/мин Айналдырғышының жоғары-төмен қозғалысы – 54м Таль арқанының диаметрі – 11м Кранблоктың жүк көтергіштігі – 4т Сораб түрі – 11 ГРИ Өнімділігі – Минимал – 3,7 м/сек Максимал – 6,5 м/сек Қысым беру мөлшері Минималды – 40кг/см2 Максимал – 63 кг/см3 Сораб салмағы – 1,5т Мұнара биіктігі – 8,3м Компрессор қондырғысы насос орнына орнатылады. Компрессор түрі – КТ -7 Өнімділігі – 8 м3/мин Қысымы – 4,5 кг/см3 Бұрғылау қондырғысының салмағы – 10 т
1-ЗИЛ автомобилінің қуат қорабы; 2- кардон валы; 3- бұрғы қорабын қосу шуфтасы 11 ГРИ; 4- бұрғы қондырғының берілік қорабы; 5- гидромотор; 6- реверсивті золотник; 7- қорғаушы клапан; 8- қайтарымды клапан; 9- 16 молометр; 10 – қайтарымды клапан; 11 – дроссель; 18 – осьтік дроссель; 19 – гидрокөтергіш; 20 – кранбок; 21 – тальдік қалат; 22 – қозғалымды айналдырғыш; 23 – май багы; 24 – дальитр; 25 – муфтасы кран; 26 – алтылы май қорабы 11ГРИ немесе КТ – 7 2-сурет. УРБ-2-А2
|
||||
|