Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ыларды бұрғылау тәсілдері



1.2 Ұңғыларды бұрғылау тәсілдері

 

Ұңғыларды бұрғылау әр түрлі тәсілдермен жүзеге асады:

1) Ұңғыманы қысылған ауамен үрлеп бұрғылау. Қалыпты жағдайдағы ұңғыны сумен немесе балшық ерітіндісімен жуып бұрғылауға қарағанда үрлеп бұрғылаудың көп артықшылықтары бар. Егер үрлеп бұрғылау тиімді жағдайда қолданылса, бұрғылау қарқынын арттыруға және оның өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік туады.

Забойға берілетін гидростатикалық қысымның азаюы арқасында бұрғы ұшымен жынысты талқандау жұмысы жеңілденеді. Осыған байланысты бұрғылаудың механикалық жағдайы 1,5 – 2 есе көбейеді. Ұңғы забойы шлан-мен ауа ағынымен жылдам тазаланады, себебі оның жылдамдығы сұйық жылдамдығына қарағанда бірнеше рет жоғары болады. Міне, сондықтан бұрғылау арқылы жыныстан бөлініп мыңнан ұнтақ қайта ұсатылмайды. Олай болса, бұрынғы ұшының қызмет ету мерзімі ұлғайып, бұрғылау рейсі ұзара түсетіні байқаймыз.

Үрлеп бұрғылауды әсіресе мынадай жағдайларда көп қолданылады:

а) шөл аудандарда;

б) жуу сұйығын жеткізу өте қымбатқа және қиындыққа түсетін жерде

в) жылу сұйығының шырайналма жоғалатын жарықшағы мол жіне ұсатылған жыныстары бар ұңғымаларда бұрғылағанда:

г) қыс айлары өте суық болатын солтүстік аудандарда

Үрдеп бұрғылау әдісі компрессорлар немесе сораптар арқылы іске асырылады.

2) Колонкалы бұрғылау

Колонкалы бұрғылау көбіне керн алу үшін қолданылады. Колонкалы бұрғылауда бұрғыланатын жыныстарды талқандау үшін әр түрлі қажағыш материалдар қолданады. Осыған байланысты колонкалы бұрғылау 3 түрге бөлінеді:

а) Қатты қорытпалы бұрғылау

б) алмаспен бұрғылау

в) бытырамен бұрғылау

Айналсақ бұрғылау тәсілі 1960 жылдан бастап қолданыла бастады. Бұл тәсілді соққылаушы және айналдырушы күштер жыныс талқандаушы аспапқа бірігіп әсер етеді. Сондықтан бұл тәсілді пайдаланғанда, талқандау процесіне энергияның аз жұмсалатындығын, тереңдеудің механикалық жылдамдығының 2-4 есе жоғары екендігін байқаймыз.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.