Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мұнай және газ ұнғыларын бұрғылау



 

 

КІРІСПЕ

5В072400 мамандығы мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау бойынша  І курстан кейін Қапшағай оқу-бұрғылау полигонында оқу таныстық практикасынан өттік. Оның мерзімі екі апта, яғни 19 мамырдан 31 мамырға дейін.

Қазіргі уақытта Қазақстанда өндірістің қарқынды дамуына байланысты мұнайды бұрғылау мен өндіруге үлкен мән беріліп отыр. Осы себептен мұнайды бұрғылау мен өндіру кезінде жоғары техникалық талапқа жауап бере алатын мұнай кәсіпшілік жабдықтарын оқып үйренудің маңызы зор.

Оқу таныстық практикасының міндеттері:

- Бұрғылау қондырғыларының құрылымы мен жұмыс істеу принципін зерттеу және танысу;

- Бұрғылау қондырғыларына шолу жасау және кейбір түрлеріне ерекше назар аудару;

- Бұрғылау құралын көтеріп-түсіруді меңгеру;

- Ұңғыма құрылысымен танысу.

Оқу таныстық практикасының мақсаты жалпы мұнай және газ саласында қолданылатын жабдықтар кешенімен танысып оқып үйрену болып табылады. Осыған байланысты оқу бұрғылау практикасының мақсаты: бұрғы қондырғыларды тиянақты түрде зерттеп оқып білу. Соның ішінде:

1. БУ – 50 – БРД

2. УРБ2 – А2

3. УРБ3 – АМ

4. УГБ – 50м

5. УКБ – 200/300

 

 

 

1 Мұнай және газ ұнғыларын бұрғылау

1.1 Ұңғының типтік құрылмасы

        

Ұңғы конструкциясы дегеніміз ұңғыға түсетін шегендеу құбырлары тізбегінің саны, ішкі және сыртқы диаметрлері, олардың түсіру тереңдіктері және әрбір шегендеу құбырлар үшін қолданылатын қашаулар диаметрлері.

Ұңғыға әр түрлі диаметрдегі бірнеше шегендеу құбырлар тізбегі түсі-рілуі мүмкін. Әрбір шегендеу құбыр тізбегінің сыртқы кеңістігі цементтеліп бекітіледі. Геологиялық қимаға байланысты цементтеу аралықтары белгі-ленеді. Сондықтан ұңғы құрылымын анықтауға цемент ерітіндісінің көтерілу биіктігі де ескерілу қажет.  

Сонымен ұңғыға түсірілетін шегендеу құбырлар тізбегі:

1)  Кондуктор – 90 -150 м-ге дейін түсіріледі.

Ол жер қыртысының жоғары тұсындағы қара топырақ, құм және саз қабаттарын бекіту үшін, жер асты сулары ластанбауы үшін қажет.

2) Аралық құбыр – ұңғыны жобалы тереңдікке дейін қазып жеткізу кезінде кездесетін әртүрлі қиындықтардың алдын алу үшін және олар болған және олар болған жағдайда жою үшін түсіріледі.

3) Пайдалану тізбегі – ұңғы жобалы тереңдікке жеткен кезде мұнай және газ алу үшін түсіріледі. Сыртқы және ішкі диаметрлері өндірілетін өнімнің мөлшеріне байланысты. Көбінесе сыртқы диаметрі 140 мм, ал ішкі диаметрі 120-124 мм.

4) Жасырын тібек дегеніміз ол жер бетіне дейін жетпей орналасты-рылатын тізбек. Ол көп жағдайларда ұңғыда ескерілмеген шиеленістер болған кезде, соны жою үшін түсіріледі. Кейбір жағдайларда пайдалану тізбегі ретінде түсіріледі.

Ұңғы құрылыс циклі дегеніміз бұрғылау қондырғыларының орын-дарын дайындаудан бастап, оларды демонтаждау, жаңа орынға тасымалдау, пайдаланылған жерді қайта өңдеп аяқтауға дейінгі істелінетін жұмыстар жинағы. Бұған кіретін жұмыстар:

1) Бұрғылау қондырғысын монтаждауға дайындық жұмыстар;

2) Бұрғылау қондырғысын монтаждау;

3) Ұңғыны бұрғылауға дайындық жұмыстар;

4) Ұңғыны бұрғылау;

5) Өнімді қабатты екінші рет қайтара алу;

6) Бұрғылау қондырғысын демонтаждау;

7) Қондырғыны жаңа орынға тасымалдау.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.