Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Фторорганикалық сұйықтар



Фторорганикалық сұйықтар

Фторорганикалық сұйықтар –С8F16– өртенбейді және жарылудан кауіпсіз, жоғарғы қызуға төзімді (200°С), төменгі гигроскоптылыққа ие. Олардың буы жоғарғы электрлік беріктікке ие. Сұйықтар жабыспақтығы төмен, ауада тез таралып ұшады. Жылу тарату қасиеті мұнайлық майлар мен кремнийорганикалық сұйықтыққа қарағанда жоғарырақ.

8.3. Органикалық полимер материалдар

Полиэтилен

Полиэтилен,құрылымдық формуласы төменде көрсетілген

(– СН2 – СН2 –)n,

Сызықтық құрылымға ие полярлы емес полимер болып табылады. Этилен газын С2Н4 жоғарғы қысымда (300 МПа дейін) немесе төменгі қысымда (0,6 МПа дейін) полимеризациялау кезінде пайда болады. Полиэтиленнің жоғарғы қысымдағы молекулярная массасы – 18000 – 40000, ал төменгі қысымда – 60000 – 800000.

Полиэтиленнің молекулалары реттелген тізбектерді (кристаллиттерді) құра алатын қабілетке ие, сондықтан полиэтилен екі фазадан тұрады, яғни, кристаллдық және аморфтық, осы екі фазасы оның механикалық және жылулық қасиеттерін анықтайды. Аморфты фаза материалға эластикалық қасиет береді, ал кристаллдық фаза қаттылық қасиет береді. Аморфты фаза әйнектену температурасына +80 С ие.Кристаллдық фаза жоғарырақ қызымға төзушілікке ие.

Полиэтиленнің кристаллдық фазасының агрегаттарының молекулалары сферолитті орторомбтық құрылымға ие. Төменгі қысымдағы полиэтиленде кристаллдық фаза (90 % дейін) жоғарғы қысымды полиэтилендегіге қарағанда (60 % дейін) көбірек. Төменгі қысым полиэтилені кристаллдығы жоғары болғанына байланысты балқу температурасы жоғары болады (120 -125 С) және созылу кезінде қаттылығы жоғарырақ болады. Полиэтиленнің құрылымы салқындату режиміне тәуелді. Тез салқындатса майда сферолиттер, ал баяу салқындатса үлкен сферолиттер пайда болады. Тез салқындатқан полиэтилен жоғары иілгіштікке және төменқаттылыққа ие.

Полиэтиленнің қасиеттері молекулалық салмаққа, тазалыққа және қоспаларға тәуелді. Механикалық қасиеттері полимеризация деңгейіне тәуелді. Полиэтилен жоғары химиялық төзімді. Электроизоляциялық материал ретінде кабель жасауда және изоляцияланған сымдар жасауда кеңінен қолданылады.

Қазіргі кезде келесі полиэтилен бұйымдар мен полиэтилендер түрі дайындалады:

 

1. төменгі және жоғары қысымды полиэтилен - (ж.қ.) және (т.қ.);

2. кабель өндірісіндегі төменгі қысымды полиэтилен;

3. жоғары және орташа қысымды төменгімолекулалы полиэтилен;

4. кеуекті полиэтилен;

5. полиэтиленді арнайы шлангты пластикат;

6. ЖЖ кабель өндіруге арналған полиэтилен;

7. кабель өндірісіндегі электрөткізгіш полиэтилен;

8. ұнтақ толтырылған полиэтилен;

9. хлорсульфирленген полиэтилен;

10. полиэтилендік қабыршақтар.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.