Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Диэлектриктердің дымқылдық қасиеттері



Диэлектриктердің дымқылдық қасиеттері

Дымқылға тұрақтылық – қанығуға өте жақын су буының атмосферасында ораналасқандағы изоляциялық тұтынушылық сенімділігі. Дымқылға тұрақтылық дымқыл және суөткізгіштігімен; дымқыл және сужұтқыштығымен; жоғарғы және жоғарылатылған дымқыл атмосферасында орналасқан материалдың электрлік, механикалық және басқа физикалық қасиеттерінің өзгерісімен анықталады.

Дымқылөткізгіштігі – материалдың екі жағында екі түрлі салыстырмалы дымқыл буы болған жағдайда материалдың дымқыл бу өткізу қабілеттілігі.

Дымқылжұтқыштығы – қанығу күйіне жақын дымқыл атмосферасында ұзақ уақыт бойы болғандағы материалдың суды сіңіру қабілеттілігі.

Сужұтқыштығы – ұзақ уақыт суда болғандағы материалдың суды сіңіру қабілеттілігі.

Тропикотұрақтылығы және құрылғының тропикализациясы – электрлік құрылғыны дымқылдан, көгеруден және кеміргіштерден қорғау.

Диэлектриктердік жылулық қасиеттері

Диэлектриктердің жылулық қасиеттерін сипаттау үшін келесі шамалар пайдаланылады.

Қызуға төзімділігі – электризоляциялық материалдар мен бұымдардың ешбір зиянсыз температураның жедел ауысуы мен жоғары температура әсеріне төтеп беру қабілеттілігі. Электрлік және механикалық қасиеттер неғұрлым өзгеріске ұшырауымен анықталады, мысалға, органикалық диэлектриктерде жүктеудің нәтижесінде созылу немесе бүгілу деформациясының пайда болуы. 

Жылуөткізгіштігі – материалда жылу беру процессі.Тәжірибелік түрде анықаталатын λт. λт коэффициентпен сипатталады, яғни, 1 секунд ішінде 1 м қалыңдықтағы және 1 м2 беттік қабат ауданда 1 °К температуралық өзгерісі кезіндегі жылу мөлшері. Диэлектриктердің жылуөткізгіштік коэффициенті кең аумақта ауысады. Газдар, кеуекті диэлектриктер және сұйықтар үшін λт ең төменгі мәнге ие (ауа үшін λт= 0,025 Вт/(м·К), су үшін λт = 0,58 Вт/(м·К)), ал кристаллық диэлектриктер жылуөткізгіштік коэффициенті ең жоғарғы мәнге ие. (кристаллдық кварц үшін λт = 12,5 Вт/(м·К))Диэлектриктердің жылуөткізгіштік коэффициенті олардың құрылымына (балқытылған кварц үшін λт = 1,25 Вт/(м·К)) және температураға тәуелді.

Диэлектриктердің жылулық кеңейуі температуралық коэффициенттің сызықтық ұлғаюымен бағаланады:

 

 

Жылулық ұлғаюы төмен мәнге ие материалдардың жылуға төзімділігі жоғарырақ болады, және керісінше жылулық ұлғаюы жоғары материалдардың жылуға төзімділігі төменірек болады. Органикалық диэлектриктердің жылулық ұлғаюы бейорганикалық диэлектриктерден жоғары (он және жүз есе) болып келеді. Сондықтан бейорганикалық диэлектрлік бұйымдардың өлшемінің тұрақтылығы температуралық тербеліс кезінде органикалыққа қарағанда алдеқайда жоғары болып табылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.