Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Синтетикалық сұйық диэлектриктер



Синтетикалық сұйық диэлектриктер

Синтетикалық сұйық диэлектриктер кейбір қасиеттері бойынша мұнайлық электроизоляциялық майлардан артық болып табылады.

Хлорланған көмірсутектер

Совол – пентахлордифенил С6Н2Сl3 – С6Н3Сl2, дифенил С12Н10 ды хлорлау арқылы алынады.

С6Н5 – С6Н5 + 5Сl2 → С6Н2Сl3 – С6Н3Сl2 + 5НСl

Совол конденсаторға сіңіріледі және құйылады. Мұнайлық майларға қарағанда диэлектрлік өтімділігі жоғарырақ. Соволдың диэлектрлік өтімділігі шамамен 5,0, салыстырмалы электрлік кедергісі 1011 ¸ 1012Ом·м. Совол жоғары салыстырмалы сыйымдылыққа ие және төменгі кернеуде жұмыс істейтін мықты қағаздан жасалған ирадиоконденсаторларда қолданылады. .

Совтол –соволдың трихлорбензолмен қоспасы. Жарылудан қауіпті трансформаторларда пайдаланылады.

Кремнийорганикалықсұйықтар

Полидиметилсилоксандық,полидиэтилсилоксандық жәнеполиметилфенилсилоксандықсұйықтар ең көп таралғаны болып табылады..

Полисилоксандықсұйықтар –сұйықкремнийорганикалықполимерлер (полиорганосилоксандар), жоғарықызымдылық, химиялық инерттік, төмен гигроскоптілік, қату температурасының төменділігі, температураның және жиіліктің кең интервалында жоғарғы электрлік сипаттамалары оның артықшылықтары болып табылады.

Сұйық полиорганосилоксандар силоксанды атом топтарынан құралған төменгі дәрежелі полимеризацияға ие полимерлік қоспалар.

 

Яғни кремний атомдары R органикалық радикалдармен байланысқан:метилменCH3,этилменC2H5,фенилменC6H5. Полиорганосилоксанды сұйықтықтардың молекулалары сызықтық, сызықтық бөлінген және циклдік құрылымға ие болуы мүмкін.

Сұйық полиметилсилоксандардыдиметилдихлорсиланды триметилхлорсиланмен қосып гидролиздеп алады.

Осыдан түзілген сұйықтық түссіз болады, иісті көмірсутектерде, дихлорэтанда және басқа бірнеше органикалық сұйықтықта ериді, ал спирт пен ацетонда ерімейді. Полиметилсилоксандар химиялық инертті, органикалық диэлектриктермен және резинамен әрекеттеспейді, металлдарға басқыншылық әсер етпейді.Диэлектрлік өтімділігі 2,0-2,8, салыстырмалыэлектрліккедергісі 1012 Ом·м, электрлікберіктігі 12-20 МВ/м.

Төмендеполидиметилсилоксанныңформуласы көрсетілген

– Si(СН3)3 – О – [Si(СН3)2 – О]n – Si(СН3) = О

Сұйық кремнийорганикалық полимерлер тұтынылады:

    1) майлауда; 2) гидрофобизацияда; 3) әр түрлі форманы майлауға арналған металдарды құюда; 4) қағаз конденсаторларға сіңіреді; 5) амортизациялық және гидравликалық майлар ретінде; 6) конденсациялық насостарға арналған майлар ретінде.

Полидиэтилсилоксандарды – [10] диэтилдихлорсиланды жәнетриэтилхлорсиланды гидролиздеу арқылы алады. Қайнау температурасы кең интервалға ие. Байланыс формуласы төменде көрсетілген.

Қасиеттері қайнау температурасына тәуелді. Электрлік қасиеттері полидиметилсилоксанмен сәйкес келеді.

Сұйық полиметилфенилсилоксандар формуласы төменде көрсетілген.

Фенилметилдихлорсиланды гидролиздеу арқылы алынады. Май жабыспақ болады. NаОН пен өңдеген соң жабыспақтық 3 есе артады.1000 сағат бойы 250°С та қыздыруды көтереді. Электрлік қасиеттері полидиметилсилоксанмен сәйкес келеді.

γ– сәулелену кезінде кремнийорганикалық сұйықтардың жабыспақтығы тым жоғарылайды, ал диэлектрлік қасиеттері кенеттен нашарлайды. Сәулеленудің шамасы өте жоғары болса сұйық каучукқа ұқсас затқа айналып кейіннен морт сынғыш затқа айналады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.