Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Артық күн сәулесін қабылдаудан қашуға тырысыңыз.



Артық күн сәулесін қабылдаудан қашуға тырысыңыз.

Тері аурулары рагының басты себебі күн сәулесі, әсіресе, оның ультракүлгін бөлігі болып табылады.

Өзіңізге көңіл бөліңіз. Егер Сіздің бойыңыздағы мең немесе қалыңыз киініп-шешінгеннен немесе мойныңыздағы алқаңыздың жанасуынан көлемі немесе түсі өзгеретін болса, жедел түрде дәрігерге хабарласыңыз. Ондай меңдерді өз уақытында алып тастау арқылы тері рагының тәуекеліне жол бермеуге болады. Өзіңізді бақылау барысында мазаңызды алып тұрған факторларға назар аударыңыз.

Обыр дамуының алдын алатын және осы аурудан жазылып шығу сенімділігін арттыратын денсаулық сақтау бағдарламалары бар.

Скрининг бағдарламаларына қатысыңыз! Скрининг – симптомдары байқалғанға дейін ауруды анықтау мен емдеу. Адамдар арасында әлі симптомдары жоқ ауруларды анықтау мен емдеу рактан келетін өлім санын азайтуға мүмкіндік береді.

Әйелдер! Етеккір аяқталысымен өзіңіздің сүт бездеріңізді жан жағынан ортасына қарай сипалау арқылы тексеріп көріңіз. Егер Сізді оның сыртқы түрі мен тері түсіндегі және бездің формасындағы өзгерістер мазаласа, немесе Сіз сипалаған кезде тығыздық байқалса, онда міндетті түрде онкологқа қаралыңыз!

40 жастан асқан әйелдер! Сүт бездеріндегі өзгерістер мен осы ағзадағы ракты ертерек анықтау үшін маммографиялық тексеруден өтіп тұрыңыз. Егер Сіз 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жаста болсаңыз, онда сүт бездері рагының скринингіне қатысыңыз – ол үшін сүт бездеріндегі өзгерістер мен осы ағзаның рагын ертерек анықтау мақсатында маммографиялық тексеруден өтуіңіз қажет.

25 жастан асқан әйелдер! Жатыр мойнының шырышты қабатындағы өзгерістерді анықтау мен осы ағзаның обырынан сақтандыру мақсатында шырышты қабаттан алынған жақпаларды тапсырыңыз. Егер Сіз 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жаста болсаңыз, жатыр мойнының скринингіне қатысыңыз — жатыр мойнының шырышты қабатындағы өзгерістерді анықтау мен шырышты қабаттан алынған жақпаларды тапсыру — осы ағзаның рагынан сақтану үшін қажет.

50 жастан асқан ерлер мен әйелдер, сіздер – колоректальді обыр скринингіне қатысыңыз, бұл үшін Сізге тоқ ішек (бүйен) мен тік ішек обырын анықтау мақсатында нәжіс және қан тапсыру қажет.

Ерлер! Егер Сіздің жасыңыз 55 жастан асса және қуық асты безіндегі өзгерістер мен осы ағзаның рагын ерте сатысында анықтау үшін ПАА-ға үнемі қан анализін жасатқаныңыз жөн.

Үнемі флюорографиядан өтіп тұрыңыз.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.