|
|||
бел Ақсауле.Тұрсынбай Мереке.Жарылқасын АйданаСтр 1 из 6Следующая ⇒ Әбел Ақсауле.Тұрсынбай Мереке.Жарылқасын Айдана ология бөлімшесі мен бөліміндегі мейірбикенің рөлі 1.Осы бөлімдегі мейірбикенің атқаратын негізгі жұмысының тізімі 2.Қандай бұйрықтармен жұмыс жасайды? 3.Негізгі толтыратын құжаттар 4.Есеп беру құжаттары 5.Жұмыс нәтижесінің соңғы 3 жылдық көрсеткіштері немесе дүниежүзілік,ҚР,Қызылордадағы көрсеткіштер 6.Санитарлық-ағарту жұмыстары
1.Мейірбикенің онкологиялық пациенттермен жұмыс істеуінің қандай ерекшелігі бар? Қатерлі ісігі бар пациенттермен жұмыс істеген кезде психологиялық жағынан көмек мықты болуы керек.Пациент өзінің нақты диагнозын білмеуіне жағдай жасалуы тиіс. ”Рак”,”саркома” деген сөздердің орнына “жара”,”сужение”,”уплотнение” деген сөздерді қолданған дұрыс.Пациентке берілетін барлық берілетін выписка,справка қағаздарында диагнозы пациентке түсінікті болмауы керек.Пациентпен және оның туыстарымен әңгімелескенде абай болу керек.Онкологиялық ауруы бар пациенттердің психикасы әлсіз,эмоцияға берілгіш болады,сондықтан да тексеріс жүргізгенде,әңгімелескенде есте болу қажет.Егерде басқа маманның кеңесі қажет болса,пациентпен бірге құжатты беру үшін дәрігер немесе мейірбике баруы керек.Егер мұндай жағдай болмаса почта арқылы бас дәрігерге немесе конвертке салып туысқандарына береді.Диагнозы туралы тек жақын туысқандарына айту керек. Онкологиялық пациенттерді бақылау және күтімі қалай жүзеге асады? Қатерсіз ісігі бар және онкологиялық аурудың бастапқы сатысындағы пациенттерді,онкологиялық ауруы асқынып,метастаз берген пациенттермен кездеспегені дұрыс.Яғни,олардың жататын орындары бөлек болуы керек.Онкологиялық ауруханаға қайта келген науқастарды ,аурудың соңғы сатысындағы пациентпен бірге жатқызуға болмайды. Онкологиялық ауруы бар пациентті міндетті түрде күнделікті өлшеп тұру қажет,себебі салмағының азаюы ауруының асқынуына бірден-бір себеп.Уақытылы температурасын өлшеу организмнің сәулелік емге реакциясын көрсетеді.Салмақ өлшеу,температурасының нәтижесін ауру тарихына және амбулаторлық картаға түсірілуі керек. Сүт безінің ісігі және өкпе ісігі кезінде байқалатын омыртқалық метастатикалық зақымдануында төсек режимі және сүйек сынуының алдын-алу үшін матрац астына ағаштан жасалған тақтайша қойылады.Өкпе рагінің операция жасалмайтын түрімен ауыратын науқастарды күту кезінде,таза ауаға жиі шығу,қысқа мерзімді серуен,бөлмені жиі желдету маңызды болып табылады.себебі,өкпенің шектеулі дем алатын беткі қабаты таза ауаға мұхтаж болады.
|
|||
|