Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Онкологиялық бөлімде санитарлық – гигиеналық шаралар қалай жүзеге асырылады?



Онкологиялық бөлімде санитарлық – гигиеналық шаралар қалай жүзеге асырылады?

Ең алдымен,науқасты және оның жақындарын гигиеналық шараларға үйрету.Көбіне көмей жане өкпе обырымен зардап шегетін науқастар бөліп шығаратын қақырықты,қақпағы жақсы бекітілетін арнайы түкіргіштерге жинайды.Қолданылған түкіргіштер күнделікті ыстық сумен жуылып,10-12% хлорлы ерітінділермен дезинфекцияланады.Зерттеуге алынатын нәжіс пен несепті фаянды немесе резеңкелі ыдыстарға жинайды,ол ыдыстарды ыстық сумен және хлор ерітінділерімен жиі жуп тұру қажет.

Онкологиялық аурулардын тамақтану ережесі нені қарастырады?

Дұрыс тамақтану режимі маңызды.Науқас күніне кем дегенде 4-6 рет дәрумендер мен ақуызға бай тағамдармен тамақтануы керек және тағамның әр түрлілігі мен дәмділік сапасынада мән берген жөн.Қандайда бір диета ұстанудың қажеті жоқ,тек мөлшерден тыс ыстық немесе өте салқын,ауыр,қуырылған болмаса болғаны және ашшы тағамдардын сақтанған дұрыс.

Асқазан обырымен ауыратын науқастардың тамақтану ерекшеліктері қандай?

Асқазан обырының асқынған түрімен ауыратын науқастарды пайдалы тағамдармен (қаймақ,ірімшік,қайнатылған балық,етті сорпа,бұқтырылған котлет,майдаланған турдегі жемістер мен көкөністер және т.б.).Тамақтану кезінде міндетті түрде 1-2 ас қасық 0,5-1 пайыздық хлорсутекті қышқыл ерітіндісін ішу керек.

Онкологиялық кабинеттің мейірбикесінің негізгі міндеті

Онколог-дәрігердің емдік-диагностикалық тағайындауларын орындау және сол емханаға қарайтын аудандарға медициналық көмек көрсету болып табылады.Дәрігер-онколог науқас қабылдамас бұрын жұмыс орнын,керекті медициналық құралдардың,құжаттардың бар-жоғын тексеріп,дайындап қою керек.Тексерудің нәтижелерінің уақытылы келуін және оларды науқастың амбулаторлық картасына жабыстыру қажет.Қажет болған жағдайда дәрігердің қарауына науқасты дайындау,дәрігерге биопсия,хирургиялық таңу салуда көмектесу,науқасқа лабороториялық,инструменталдық тексеруге қалай дайындалу керектігін түсіндіру керек.Керекті дәрілік препараттарды,таңуға керекті заттарды арнайы қағазға жазып,бас мейірбикеден алу.Науқастар арасында жүргізілетін санитарлық-ағарту жұмыстарына қатысу.Конференция,семинарларға қатысу арқылы квалификацияны жоғарылату.Дәрігер қадағалауымен медициналық құжаттарды толтыру:

-кеңес беру кабинетіне жолдама

-статистикалық талон

-онкологиялық науқастың ауруханадан шығару парағы

-пациенттің еңбекке жарамсыздығы

-науқастың ең 1-анықталған диагнозы (ісік,басқа да қатерлі ісіктер)

-МСЭК-ке жолдама,биопсия журналы

2.Қолданылатын бұйрықтар:

Онкология бөлімшесі:

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралыҚазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексі

Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығы

Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігінің 2015 жылғы 2 тамыздағы № 452 бұйрығы



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.