Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университет 



С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университет 

Дипломнан кейінгі даярлық және аймақтық

 даму жөніндегі проректор

проф. Дуйсекеев А.Д.                                                                                                                                                    

__________________

«__»_________2013ж.

«Ішкі аурулар» бағыттағы интернатураның

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Аймақтық тәжірибе

Курс VII

Семестр 13-14

Бақылау түрі: аймақтық тәжірибе бойынша сынақ

 

Алматы 2013

Құрастырушылар:проф. Құрманова Г.М., проф. Ердесова К.Е., доцент Аймаханова Г.Т., доцент Ползик Г.Б., доцент Нургалиева Г.К., доцент Капсултанова Д.А., доцент Сембаева А.Д., доц. Садыкова Ш.С., асс. Смаилова Ф.К., асс. Нурашева Б.Т.

Рецензенттер:

1. профессор, м.ғ.д. Атарбаева В.Ш.

2. профессор, м.ғ.д. Тукешева Б.Ш.

 

Жұмыс бағдарламасы интернатураның «Ішкі аурулар» бағыттағы 051301 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасына сайкес, Қазақстан Республикасының денсаулықсақтау Министрінің 26 қазанда 2011 ж. № 734 бұйрықпен бекітілген.

 

«Ішкі аурулар» бағыттағы интернатураның жұмыс бағдарламасына қосымша  кафедра отырысында талқыланған, хаттама № ____ «____» «__________» 2013 ж.

Кафедра меңгерушісі, профессор Беркинбаев С.Ф.___________________

 

 


МАҚСАТЫ:, дәлелді медицина мен заманауи емдеу-диагностикалық технологиялардың жетістіктеріне сай таралған терапевттік профильді  аурулар бар науқастарға квалификацияланған медициналық көмек бере алатын дәрігерді жалпы дайындау   

ТАПСЫРМАЛАР:

Білімі Интерннің білімін жетілдіру: соматикалық ауруларының этиопатогенезі, диагностика және емі,сонымен қатар заманауи түрде лабораторлы-инструментальды зерттеу әдістерінің нәтижелерін интерпритациялай білуі.
Дағдылар Терапевттік ауруларда  жедел көмек көрсете білуі, осы аурулар кезінде емдеу-диагностикалық және алдын алу шараларын халыққа квалифицирленген дәрігерлік медициналық көмек көрсете білуі Интерндерге медициналық құжаттарды тіркеу және есеп беруді жүргізуді үйрету Стационарларда жұмысын ұйымдастыру, стрессті жағдайларда көмек көрсету тайм-менеджмент
Дағдылар Белгілі бір науқасқа арналған арнайы ем жүргізуді білім интеграциясы бойынша дағдыларды дамыту және сол ауруға бағытталған емді тағайындай білуі; дәлелді медицина принциптері және рациональды терапия негізінде кәсіби шешім қабылдай білуді үйрену Топтық жұмыстың дағдыларын жетілдіру
Коммуникативті Коммуникативті дағдыларды жетілдіру, топтық жұмыстық дағдыларды, диагностикалық және емдік үрдістерді ұйымдастыру және басқару, дәрігерлік этика мен субординация сақтап орта, кіші медициналық персоналмен жұмыс жасау
Денсаулық заңгері Отбасы және адам өмір салты мен принциптерін ұйымдастыруды жетілдіру, медперсонал мен науқастар арасында сан-ағартушылық жұмыс жүргізу Альтруизм, жан ашушылық, қайғысына ортақтасу , жауапкершілік, шыншылдық сияқты кәсіби құндылықты жетілдіру
Өзін – өзі жетілдіру   Кәсіби қызмет барысында өзін – өзі жетілдіруге дағдылану және үздіксіз кәсіби білімін жалғастыру; ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және жалғастыру.  

 

Аймақтық тәжірибе өтетін региондағы тәлімгердің басқаруымен жүретін интерннің тәжірибелік қызметі:

· дәрігер-интерннің терапиялық бөлімшесіндегі жұмысы– курация, медициналық құжаттарды жүргізу, реанимация және қарқынды терапия, қабылдау бөлімшесінде, функциональды диагностика бөлімшесіндегі арнайы кабинеттерде жұмыс істеу

· науқасты клиникалық талдауға, консилиумға қатысу;

· тәлімгердің бақылауымен тәжірибелік дағдыларды жетілдіре білуі;

· ғылыми- тәжірибелік, паталогоанатомиялық конференцияларға қатысу;

· таңғы дәрігерлік конференцияға қатысу;  

· дәрігерлік конференцияға тақырыптық баяндама дайындау;

· дәрігерге жүктелген санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу (1-2 сұхбаттасу, дәріс, ақпарат парағы, санбюллетень модулі)

                                                                                                                                                    

Аптасына 1 рет -медициналық құжаттарды жүргізудің сапалық бағасы

Аптасына 1рет – стационардың қабылдау бөлімшесінде дәрігер көмекшісі ретінде кезекшілікке қалу және таңғы конференцияда баяндау  

ИНТЕРННІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ:

Оқу уақытындағы дәрігер- интерннің өзіндік жұмысы:

  • функциональды диагностика бөлімшесіндегі арнайы кабинеттерде жұмыс істеу
  • науқасты клиникалық талдауға, бөлім меңгерушісінің қарауына дайындау
  • дәрігерлік конференцияға тақырыптық баяндама дайындау
  • медициналық құжаттарды жүргізу
  • дәрігерге жүктелген санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу
  • кафедраның СНО мен ғылыми конференцияларға қатысу
  • терапевттер Ассоциациясының жұмысына, ғылыми-зерттеу конференциялар мен симпозиумдарға қатысу

Аудиториядан тыс дәрігер- интерннің өзіндік жұмысы:

  • арнайы медициналық әдебиетті игеру
  • электронды ақпаратты ресурстармен, соның ішінде Интернет ғаламторындағы медициналық порталдармен жұмыс жасау
  • медициналық статистика мен есеп берудің негізін игеру
  • жеке компьютермен жұмысты жетілдіру

 

Аудиториядан тыс өзіндік жұмысы ИӨЖ орындау нәтижелерімен бағаланады – жиі кездесетін нозология бойынша ауру тарихтарының анализі, презентация түрінде жасалған

Әрбір интерн аймақтық тәжірибеден оралғаннан кейін келесі құжаттардан тұратын есепті (портфолио) кафедраға өткізу міндетті:

Ø клиникалық базаның бас дәрігерінің орынбасары мен бөлім меңгерушісінің қолы және клиниканың мөрі қойылған  мінездеме

Ø клиникалық базаның кураторының (тәлімгердің) қолы қойылған интерн игерген тәжірибелік дағдылар тізімі  (соның ішінде медициналық есеппен, порталмен, медициналық манипуляциялармен жұмыс дағдылары)

Ø ИӨЖ орындағаны туралы есеп

Ø есептік құжаттар (күнделіктер)

Ø 360° -қа интерн жұмысының бағасы (бөлім меңгерушісі, дәрігер-ординаторлар, медперсонал және науқастар берген чек-парақтар)

Ø оқудың барлық түрлерінен чек-парақтар  (сырқатнамаларды жүргізуі бойынша 10, 10 кезекшілік, 1 – сан-ағартушылық жұмысы бойынша)

Интерндердің әрбір тобы:

Ø өткізген клиникалық/тақырыптық талдаулар бойынша есебі (мысалы, презентация түрінде)

Ø өткізген  сан-ағартушылық жұмыс бойынша есебі  (фото немесе видеоесеп)

Ø аймақтық тәжірибе туралы есеп – фото және/немесе видео

 

Аймақтық тәжірибеден оралғаннан кейін кафедрада жүргізіледі:

  • аймақтық тәжірибе туралы есепті қорғау
  • теориялық білімін бақылау (өз бетінше дайындыққа берілген тақырыптар бойынша)
  • игерген тәжірибелік дағдыларды бақылау (мини-клиникалық емтихан)
  • ИӨЖ қорғау

 

Аймақтық тәжірибедегі өз бетінше оқытылатын тақырыптар:

 

Тамақтану сұрақтары

Ас қорыту жүйесінің мүшелерінің ауруларын медикаментозды емес емнің негізгі принциптері. Рациональді тамақтанудың негізі. Тамақтанудың сипатын бағалау. Емдәмдік үстелдер. Жасанды және парентеральді тағамтанудың қоспалары (препараттары), оған көрсеткіштер. Гипо және гипервитаминоз, микроэлементоздың диагностикасы.

АІЖ ісіктері

Өңеш, асқазанның ісіктері . Диагноз критерийлері. Аурудың ерте анықтау әдістері . Диагноз қоюда эндоскопия, биопсияның ролі. Алдын алу. Ішек ісіктері . Клиникалық көрінісі. Диагностика және емінің әдістері. Гепатоцеллюлярлы карцинома . Диагноздың критерийлері. Диагноз қоюда альфафетопротеиннің және УЗИ – скринингтің ролі.

Анемиялар. ТТА, В-12-тапшылықты анемия. Созылмалы ауруларда анемиялық синдром

Анемиялардың этиология және патогенезі. Анемияның маңызды патогенетикалық вариантын анықтау, нақты науқастағы анемияның негізінде жататын аурудың диагностикалық ізденісі.

Теміртапшылықты анемия. Темірдің тәуіліктік қажеттілігі. Темірдің сіңуі. Сидеропениялық және анемиялық синдромының клиника-лабораторлы диагностикасы. Жас өспірімдерде, жүкті әйелдерде және егде адамдардағы ТТА ерекшеліктері. Емі. Темір препараттардың сипаттамасы. Темір препараттарының пероральді және парентеральді қолданылудың көрсеткіштері. Гемотрансфузияларға көрсеткіш. Емдеудің бақылауы.

Қан түзудегі В- 12 витаминнің ролі. Патогенезінде аутоиммунды механизмнің маңыздылығы. Негізгі клиникалық синдромдар. Лабораторлы - аспаптық диагностикасы. Мегалобластты анемиялардың диагностикасында миелограмманың маңызы. Фолий – тапшылықты , гипопластикалық анемиялармен , жедел лейкозбен салыстырмалы диагностикасы. Емі (оксикобаламин, цианокобаламин).

Онкологиялық науқастардағы қан жүйесінің функционалды жағдайының ерекшеліктері. Бауыр патологиясында, алкоголизм, бүйрек патологиясында, созылмалы қабынуларда (ревматикалық ауруларда), жұқпалы ауруларда, АИВ кезіндегі қан жүйесінің функционалды жағдайының ерекшеліктері. СБЖ-гі анемия және оның емі.

 

Кардиологиядағы зерттеу әдістері  

Кардиологиядағы заманауи аспаптық зерттеу әдістері: электрокардиография; тәуліктік мониторлы ЭКГ жүргізу және тәуліктік АҚ мониторлауды жүргізу мақсаты мен принциптері (СМАД). Өңеш арқылы жүрекке электрлік стимуляция жүргізуге көрсеткіштер мен принциптері. (ЧПЭС). Тредмил-тест және велоэргометрияны қолдануға көрсеткіштер мен критерийлерін бағалау.

ЖИА. Тұрақты күштемелі стенокардия. ЖИА емі.

ЖИА жіктелуі. Күштемелі стенокардияны функциональды класстарға бөлу критериилері.дифференциальды диагностикасы.Вариантты стенокардия. Миокардтың ауру сезімсіз ишемиясы.. Микротамырлы стенокардия (Х синдром). Жуйелі шектелген физикалық жүктемені, ауры сезімін басатын, тромболитикалық, антикогулянттық препараттарды, дезагреганттарды қолдану. Тромболитиктердің жіктелуі,оларды қолдануға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, асқынулар. Антикоагулянттардың әсер ету механизмі, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, лабораториялық бақылау түрлері, жанама әсерлері. Антиагреганттардың жіктелуі,оларды қолдануға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, жанама әсерлері. Заманауи инвазивті емдеу әдістері (баллонды ангиопластика, стенттеу, аортокоронарлы шунттау).

Остеоартроз. Остеопороз

Біріншілік және екіншілік остеоартроз, клиникалық және рентгенологиялық жіктелуі. Жіктелулік және диагностикалық критерилері. Емі: медикаментозды емес (уйрету, режим, физикалық активтілік) және медикаментозды (тез және баяу әсер ететін симптоматикалық дәрілік заттар). Остеоартрит салдарына баға беру. Хирургиялық емге көрсеткіштер.

Остеопороз – эпидемиологиясы, диагностикасы, біріншілік және екіншілік алдын алуы, емі, ем нәтижесіне баға беру, остеопороз еміне және алдын алуына арналған препараттар.

Науқастарды реабилитациялау әдістері мен құралдары. Буындарды эндопротездеу және басқа да ем түрлері. Ортопедиялық көмек және реабилитация

Бронхиттер. ЖРВИ

ЖРВИ және ЖРА: риниттер,фарингиттер, ларингиттер, трахеит және бронхит.Созылмалы бронхиттер. Этиопатогенез,бронхиалды аппаратың морфологиялық өзгерісі. Терапия қағидаттары, диагностикасы. Антибиотиктер тағайындауға көрсеткіштер. Трахеобронхиалды дискинезиямен бронхтардың туберкулезімен, бронхтардың ісігімен, бронхоэктатикалық аурумен бронхиалды ұстамамен салыстырмалы диагностика. Біріншілік және екіншілік алдын алу қағидаттары.

  Біріншілік және екіншілік иммунодефицитті жағдайлар

Біріншілік иммунодефициттер: Брутон ауруы (Х-тізбектелген агаммаглобулинемия), Жалпы вариабельді иммунодефицит, IgA, IgG субкластарының селективті дефициті, SYK дефициті, иммуноглобулиннің ауыр m-тізбектің дефектісі, ауыр комбинирленген иммунодефицит, DiGeorge синдромы, ADA және PNP дефициті, тайыз (лысых) лимфоциттердің синдромы, Вискотт-Олдрич синдромы, гипер-IgM-синдромы, созылмалы тері-кілегейлі кандидоз, созылмалы гранулематозды ауру, лейкоциттердің адгезияларының дефектісі, Chediak Higashi, Gricelli синдромы, Иова синдромы, циклді нейтропения), комплемент жүйесінің дефициті. Екіншілік иммунодефицитті жағдайлар: физиологиялық, ситуациялық-негізделген, сәулелі терапиядан және химитерапиядан кейін. Иммунореабилитация қағидаттары. Иммуномодуляциялық дәрілердің класстары

Қант даибеті. Этиопатогенез және клиника.

Этиология, патогенез, классификация (БҰО, 1999 ж.) және қант диабетінің 1 және 2 түрінің дифференциально-диагностикалық критерийлері. Таралуы. Қант диабеті кезіндегі метоболикалық бұзылыстары. Қант дибетінің асқынулары. Диабетикалық нейропатия, ретинопатия, нефропатия. Диагностика. Қант диабетінің екіншілік формалары. (Эндокринопатияда, дәрі-дәрмектік және т.б.)

Ішкі ағзалар аурулары кезіндегі бүйректің екіншілік зақымданулары Нефротикалық синдром. Амилоидоз

Ішкі ағзалар аурулары кезіндегі бүйректің екіншілік зақымданулары: гипертониялық нефропатия және нефроангиосклероз, диабетикалық, подагралық, паранеопластикалық нефропатия. Кәрілік кездегі бүйрек (инвалютивті өзгеріс), бүйректің қан тамырлық зақымданулары, бүйрек аурулары ағымының ерекшеліктері, емдеу принциптері.

Нефротикалық синдром. Классификация. Екіншілік амилоидоз кезіндегі ерекшеліктер, парапротеинемиялық және қатерлі ісіктер, инфекционды эндокардит кезіндегі ерекшеліктер. Диагностика. Ағымының варианттары. Нефротикалық синдромның асқынулары. Болжамы. Емдеу тактикасы: тәртібі, этиологиялық емдеу, диета, патогенетикалық емдеу, диуретикалық терапия, нефротикалық криздің емі. Нефропротективті терапия.

         


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.