|
|||
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары ⇐ ПредыдущаяСтр 4 из 4 Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi түрде мынадай алқалық органдар құрады:
1) директорлар кеңесi - басқару органы; 2) басқарма - атқарушы орган; 3) iшкi аудит қызметi - бақылау органы.
Сақтандыру агентiнiң делдалдық қызметi және оған қойылатын талаптар
1. Сақтандыру агентiнiң сақтандыру нарығында делдалдық қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiгi осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптары ескеріле отырып, тапсырма шартында айқындалады. Сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Сақтандыру агентi сақтандыру ұйымы өкілеттік берген іс-әрекеттерді өзі жасайды және оларды жасауды өзге адамға қайта сенім білдіріп тапсыруға құқылы емес. Сақтандыру агентінде өкiлеттiктер болмаған жағдайда оның сақтандыру агентi ретiндегi қызметiне жол берiлмейдi. 2. Сақтандыру ұйымы өзiнiң атынан және оның тапсырысы бойынша сақтандыру агентi жасасқан сақтандыру шарты бойынша мiндеттемелердi орындауға міндетті. Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентiнің мынадай іс-әрекеттерді жасағаны: 1) сақтандыру шарттарын жасасқаны, сондай-ақ сақтандыру агентінің белгіленген өкілеттіктерден тыс іс-әрекеттер жасағаны; 2) уәкілетті органның лицензиясы жоқ сақтандыру ұйымының сақтандыру сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру шарттарын жасасқаны; 3) сақтандыру шартын жасасу талаптары бойынша сақтанушыны әдейі шатастырғаны; 4) сақтандыру шартын және олардың негізінде сақтандыру шарты жасалатын құжаттарды ресімдеу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды сақтамағаны; 5) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарын өзге де бұзушылықтары үшін жауаптылықта болады. Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентiнің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген делдалдық қызметті жүзеге асыруына байланысты емес іс-әрекеті үшін жауаптылықта болмайды. Қорытынды: Біздің елімізде сақтандыру қызметі дамып келеді. Сақтандыру деңгейінің дамуы бұл қоғамның мәдениетінің даму көрінісі. Қазақстан мемлекетінің экономикасы дамуына қарай біздің мемлекетте сақтандыру ұйымының өсуі және сақтандыру заңдарының молайып дамып жатқанын көруге болады. Елiмiзде сақтандыруды дамытудың негiзi мақсаты – мемлекеттердiң, азаматтарды және шаруашылық субъектiлерiнiң мүддесiн қорғаудың нақты құралы бола алатын толық қанды орнықты жұмыс iстейтiн Ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру. - Бүгiнгi замаңғы Ұлттық сақтандыру жүйесiн құру сақтық қызмет нарығы сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнiнде шаралар әзiрлеуде және кезеңiмен iске асыруды талап етедi. Бүгiнгi замаңғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке: мемлекеттiк бюджеттiң табиғи техногендiк сипаттағы көлденең шығыстарды өтеу белгiсiндегi салмақты азайтуға; нарықтық экономикадағы қағидаттарында сақтандыру ақылы, халықтың, жеке ұйымдастырудың жинақ Ақшасын ұзақ мерзiмдi негiзде Ұлттық экономикаға тарту мүмкiн бередi. Сақтандыру экономикалық қатынастардың жүйесi ретiнде сақтандыру жауапкершiлiгiнiң әртүрлi объектiлерi мен субъектелерiн, қызметтi ұйымдастырудың әртүрлi формаларын қамтиды. Экономикалық қатынастардың әртүрлiлiгiн ретке келтiру және бiрыңғай өзара байланысты жүйе құру үшiн сақтандыру жiктеу қажет.
|
|||
|