![]()
|
|||||||||||||||||
йым мен оның ішкі ортасының ұйымдастырушылық-құқықтық фомасын үйрену және анализ жасау.Стр 1 из 4Следующая ⇒
Мазмұны
Кіріспе Мен, Иманқұл Нұржан Нұрланұлы, өзімнің дипломалды практикамды 23.01.2017 – 24.03.2017 аралығында «СП Малакут» Сақтандыру брокері ЖШС-де өткіздім. Сақтандыру кәсіпкерліктің саласы ретінде салыстырмалы түрде бизнестің жас сегменті болып табылады. Ол шығын қаупін төмендете отырып оның барлық салаларына енеді. Аталмыш есептің мақсаты – сақтандыру ұйымдарының өмір сүруі мен дамуын қамтамасыз ететін басқару құралдарын қарастыру. Елде пайда болған жаңа экономикалық көзқарастарға байланысты, қазақстандық кәсіпкер – сақтандырушылар өздеріне әсерлі қаржылық стратегия, маркетингтік саясат ойлап табуды, оңтайлы капитал құрылымын қалыпқа келтіруді, салық төлемдерін реттеу әдістерін пайдалануды үйренбейінше өркениетті нарыққа ене алмайды. Сақтандыру ісінің ақырғы нәтижесін сақтандыру ұйымының есебі көрсетеді. Сақтандыру компаниясының эффективті қызметі мен қаржылық тұрақтылығы үшін оның ұйымдастыру формасы мен жүргізіліп отырған басқару саясаты үлкен рольге ие. Бұл жұмыстың өзектілігін төмендегідей түсіндіріп кетуге болады: қоршаған ортаның тұрақсыз жағдайында дамып келе жатқан заманауи ұйымға алдын-ала жасалынатын қызмет анализі және қоршаған ортаның өзгеруін болжау мүмкіндігі қажет, себебі бұл мақсат қою мен оны орындаудағы әрекеттердің кезегін әзірлеуге бірден-бір жақсы жағдай болып табылады. Ұйым мен оның ішкі ортасының ұйымдастырушылық-құқықтық фомасын үйрену және анализ жасау. «SP Malakut» Сақтандыру брокері ЖШС сақтандыру нарығында 2005 жылдан бері жұмыс жасауда. Компания сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары болып табылады және сақтандыру брокері ретінде жұмыс жасау құқығына уәкілетті орган атынан лицензияға ие. Сақтандыруда жетістікке жету қоғамның экономикалық жағдайына және салықтықтық саясатқа байланысты. Сақтандыру компаниясы – қоғамның ажырамас бөлігі – онда болып жатқан өзегрістерге нақты жауап береді. Иә, тіпті сақтандыру компаниясындағы құрылым мен қарым-қатынастар да сол өзгерістерге тәуелді. Демек сақтандыру компаниясының жағдайы мен қызметіне ішкі және сыртқы орта әсер етеді. Сақтандыру компаниясы азаматтарға, кәсіпорындарға олардың қызметі мен өмірінде сақтандыру жағдайлары басталғанда зиянның орнын толтыру және көмек көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асырады Сақтандыру компаниясы бірқатар белгілері бойынша: меншік нысанына қарай (мемлекеттік, жекеше, өзара қарыз, бірлескен сақтандыру компаниясы); капиталының көлеміне қарай (ірі, орта, ұсақ сақтандыру компаниясы), аумақтық қызметіне қарай (аймақтық, ұлттық, халықаралық сақтандыру компаниясы); сақтандыру қызметінің бағытына қарай (мамандандырылған, әмбебап сақтандыру компаниясы) сыныпталады. Сақтандырушының сыртқы ортасы өзіне мыналарды қосады: демографиялық және басқа да мінездемелері бар сақтандырушылар, бәсекелес сақтандырушылар, жарнама агенттіктері, банктер, мемлекеттік органдар, қабылданған және қабылданғалы жатырған заңдар, жалпы экономикалық жағдайды, саяси климатты, мәдени және басқа да дәстүрлерді.
|
|||||||||||||||||
|