Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Компанияның ұйымдастыру құрылымын үйрену



Компанияның ұйымдастыру құрылымын үйрену

Сақтандыру бизнесін дамытып оны бірыңғай организмге айналдыру үшін бизнестің ұйымдық құрылым әдістері қолданылады. Ұйымдық құрылым компанияның саяси жоспарлары мен олардың сыртқы және ішкі факторлар негізінде іске асырылумен байланысты болуы қажет. Ұйымдық құрылымды таңдау көп жағдайда сақтандырушының басқаруындағы корпоративтік мәдениетпен айнықталады. Уақыттың өтуімен байланысты стратегия мен корпоративтік мәдениет өзгеруі мүмкін, сол себептен бұл жағдай сәйкесінше ұйымдық құрылымда өзгерістерді талап етеді.

Филиалдың ұйымдық құрылымы функцоналды болып табылады. Функционалды бағынушылық өкілеттіктерді бөледі, яғни оның иелері кез келген бір жұмысты орындау ережелерін жазады. Функционалды схема бойынша бірінші көшбасшының жалпы шешімін сақтандыру компаниясының басты функционалды қызметкерлері нақтылайды.

Функционалды бағынушылық көп жағдайда қазіргі күннің қажеттіліктерімен байланысты. Қызметкер бір ғана емес, бірқатар қызметкерлерден бұйрық алып, бір уақытта өзінің кәсібі туралы сол салада жұмыс жасайтын бір ғана адамды емес, бірнеше адамды ақпараттандырады. Құрылымның артықшылығы: нақты функциялардың орындалуын қамтамасыз ететін қызметкерлердің жоғары біліктілігі.

Құрылымның кемшіліктері: әр түрлі функционалдық қызметтер арасындағы қарым-қатынасты ұстап тұру қиындығы; шешім қабылдау рәсімінің ұзақтығы; жұмысшылар қабылдаған бұйрықтардың келіспеушілігі, себебі әр бір функционалды жетекші және мамандандырылған бөлімше өз сұрақтарын басты орынға қояды.

Компания функционалды бөлімшелерінің қызметі мен қарым-қатынас жүесіне анализ

Компанияның қарқынды дамуы, сақтандыру құқығы бойынша мамандандырылған қызметкерлердің жетіспеушілігі, қазіргі сақтандыру заңнамасындағы кемістіктер, сақтандыру алдауларының фактілері, рольді бағалаудағы субъективизм және компания құрылымындағы заң бөлімшелерінің мән-мағынасы сақтандыру ұйымы қызметінің заңмен қамтамасыз етілуінің негізін қалайды. Соған байланысты «SP Malakut» сақтандыру компаниясында кәсібі заңды бөлімше құрылды.

Сақтандыру компаниясы қызметін заңмен қамтамасыз ету – бұл төмендегі әрекеттерге бағытталған ұйымдастырушылық-құқықтық негіздегі шаралар жиынтығы: сақтандыру компаниясын сақтандыру құқықты қатынастарының субъектісі ретінде жұмыс істеуі үшін құқықтық негіздер құруға; сақтандырушы мен сақтанушының құқығын қорғауға.

Сақтандыру компаниясы сақтандыру жұмыстарының технологиялық процестерін дұрыс жасағанымен, ол сақтандыру төлемімен қанағаттанбайтын сақтанушымен болатын даудан құтыла алмайды. Және бұл кездейсоқтық емес, себебі екі жақты да өзінің мүліктік пайдасы қызықтырады.

Кез келген дау, соның ішінде соттың қатысуымент болатын ұзаққа созылған дау жақсы нәтижемен келмейді. Ол қызметкерлерді өз міндеттерін орындауына едергі жасап, сақтандыру компаниясының іскерлік беделін түсіреді. Сол себептен компания штатына даулы жағдайларды заң негізінде шеше білетін мамандандырылған заңгер қосылған.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.