|
|||
тақырып: Ес2тақырып: Ес Ес дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес күрделі техникалық процесс. Ес - 1. есте қалдыру, 2. қайта жаңғырту, 3. тану, 4. ұмыту секілді процестерден тұрады. Бір нәрсені есте сақтау - оны байланыстыру деген сөз. Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстары психологияда ассоциация д.а. Ассоциациялық принципті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грех ойшылы Аристотель болды. Аристотель ассоциацияларды тікелей елестетумен байланыстырып, психикалық әрекеттің қалған түрлерін ойлау, қиял, ерік түрлерін түсіндіруге бұл принципті қолданбады. Ғылымда тұңғыш рет ассоциация ілімін шартты рефлекс теориясымен дәлелдеген, психикалық процестердің табиғатын түсіндірген ұлы орыс ғалымы И. П. Павлов болды. Ассоциациялардың 3 түрі бар: Олар: іргелестік, ұқсастық, қарама қарсылық. 1). іргелестік ассоциациясы бойынша бір зат елестегенде оған қоса қатысы бар екінші затты туғызады. 2). Ұқсастық ассоциациясы нәрсенің, көріністің бейнелері өздеріне ұқсас образды еске түсіреді, яғни бір зат жөніндегі елес сол затқа ұқсайтын екінші затты елестетеді. 3). Қарама-қарсылық ассоциациясы бір зат туралы елес оған қарама қарсы екінші затты еске түсіреді. Ес процесінсіз адам мәдениеттің қай саласы болмасын қалағанынша меңгере алмайды. Ес 4-түрі бар: Олар: 1). қимылдық ес немесе қозғалыс есі, 2). бейнелеу немесе образдық ес, 3). сөз логикалық немесе мағналық ес, 4). эмоциялық ес немесе сезім есі. 1) Қозғалыс есі деп ойын, еңбек әрекетінде болатын қимыл қозғалысты еске қалдыру мен қайта жаңғыртып отыру. Мысалы: бір нәрсені жаңадан үйренгенде, мысалы жазуды соған қатысты қолдың қозғалыстарын есте сақтайды. 2) Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруын образдық ес деп атайды. 3) Адам ойының түрлі формаларын еске қалдыра алу қабілеті сөз логикалық ес деп атайды. Сөзді есте сақтау ойлау жұмысына байланысты. 4) Сезімдерді еске қалдырып отыруды эмоциялық ес дейді. Ес процестері. Ес өте күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден тұрады. Бұлардың негізгі есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту. Ол арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді.
|
|||
|