Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЛЕКЦИЯ № 3. ТАҚЫРЫП: Қабылдау



 

Пәні: Психология

Топ: 10 ф

Күні: 13.05.2020

ЛЕКЦИЯ № 3

№1 ТАҚЫРЫП: Қабылдау

Айнала қоршаған дүние туралы білімді біз түйсіктер арқылы ғана емес, қабылдау арқылы да аламыз. Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаның миымызда бейнеленуі болса, ал қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі ( жарық кең сынып, ойнап жүрген сәби).

Қабылдау дегеніміз- заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшесіне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуі. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді.

Адамдардың қабылдау процесінде 2-ші сигнал жүйесі маңызды міндет атқарады. Ол адамға тән қабылдауының мазмұнын анықтайды. Сөзбен ойлау арқасында адам қабылдауы жануарлар қабылдауынан өзгеше. Ой қабылдау актісіне енеді, қабылданатын зат сөзбен аталады. 2-ші сигнал жүйесі қабылданатын затты сөзден сигналға айналдырады, 1-ші сигналдық тітіркендіргіштің түсінікті болуына жол ашады. Затты қабылдағанда біз оны белгілі құрамға ие біртұтас зат деп түсінеміз.

Көріп қабылдау (суретті, көрмені көріп, қарау), естіп қабылдау (әңгіме, ән, концерт тыңдау), сипап қабылдау (заттың оның бөлшектерінің сипау арқылы бейнеленуі).

Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдаудың обьектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрса да біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз. Қабылдаудың мағыналылығы. Бұнда қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығын жақсы көруге болады.

Бір нәрсені танымайынша оны қабылдау қиын. Тану жалпылай және даралап тану болып 2-ге бөлінеді. Жалпылай тану дегеніміз- толғаусыз, қалай болса солай тану. Жалпылай тануда адам нәрсеге тән қасиеттерін біле бермейді. Обьктілерді даралап тану арқылы толық қабылдауға болады. Мәселен, көпшілік ішінен таныс адамды бірден тану оп-оңай.

Қабылдаудың таңдамалылығы. Адамға әсер ететін заттар мен құбылыстың молдығы сонша, ол олардың барлығын бір мезгілде қабылдап, жауап қайтара алмайды. Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылығы). Қабылдаудың константтылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдануын айтады.           

Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылығы). Қабылдаудың константтылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдануын айтады.

Қабылдаудағы иллюзия. (алдану деген мағына). Әрқашан қабылданатын затқа, құбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейді. Заттардың қабылдануы

Кейде қате болып табылады. Түрлі себептерге байланысты шындықтағы обьектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды.

Апперцепция. (қабылдауға қосымша мағына). Қабылдаудың мазмұны, жүзеге асуы жеке кісілердің бет алысына тәжірбиелеріндегі айырмашылықтарына мүдделеріне адамдардаң жалпы бағытына тәуелді.

Апперцепция тұрақты және уақытша болып 2-ге бөлінеді. Тұрақты апперцепция адамдардың қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына байланысты.

Әр түрлі иллюзияларының негізінде адам жаңсақ пікірде болады, мұны уақытша апперцепциядейді



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.