Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Байқау, байқағыштық.



Байқау, байқағыштық.

Байқау дегеніміз-белгілі мақсат пен обьектіні әдейлеп қабылдау. Қабылдау үшін оны көру жеткіліксіз, оған баға берілуі қажет. Бір нәрсені байқау үшін біраз уақыт бір обьектіні бөліп алып қадағалаған дұрыс. Байқағыштық жаңа фактілерді білуге құмарлықты, олардың егжей-тегжейін білуді, адамның қабылдауға даярлығын тілейді.

Кеңістік пен уақыт материяның өмір сүруінің негізгі формалары.

Сондықтан кеңістік пен уақытты материядан бөлектеу, аулақ өмір сүрді деу шындыққа сай келмейді. Кеңістікті қабылдау-заттар, құбылыстарының көлемін, тұрқын, түрін, аумағын, алыс-жақындығын, бағыт-бағдарын қабылдау. Уақыт та кеңістік сияқты материаныңөмір сүруінің обьективтік реалды формасы.

Уақытты қабылдау сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстар да болатын өзгерістердің санаға әсер етіп қалдыратын бейнесі. Уақыт – дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан екінші қалыпқа келіп ескі заттардың жоғалып, жаңа заттардың пайда болып отыруының көрсеткіші. Балаларда қабылдаудың дамуы түйсік, ойлау процестерінің дамуымен бірге жүріп отырады.

Балалардың қабылдауын дамыту.

Қабылдау – сезім органдарына тура әсер ету арқылы құбылыс, жағдай, заттарды тұтастай бейнелу. Баланың қабылдауын дамытудағы психологиялық коррекцияны жүргізу жұмысында келесі қасиеттерге назар аудару қажет.
1) Қабылдаудың заттылығышынайы өмірдіңобъетіліері мен құбылыстарын түйсік жинақтығын түрінде емес, жеке заттар түрінде бейнелеу қабілеттілігі.
2) Тұтастықзаттардыңқасиеттері мен жеке сапасының ақпаратының әртүрлі түйсінудің түрі ретінде алынған заттың тұтастай бейнесінің бейнеленуі. Түйсіктердің өзара шартты рефлекторлы байланыстарының негізінде пайда болады.
3) Құрылымдықсалыстырмалы және тұтастай қарапайым құрылымға әсер етуші стимулдардың бірлесуі. Қабылдау проекция және түйсіктер саны емес.
4) Мағаналығы – қабылданып отырған зат немесе құбылыс қамағана беретін қабылдаудың қасиеті.

5) Таңдамалық немесе белсенділік – бір объектілердің басқалардан бөліп қарастыру, осылайша қабылдау белсенділігін арттырады.

6) Қабылдау көлемі – бір фиксация кезеңінде мүмкін болатын объектілерді қабылдау көлемі.

7) Қабылдау нақтылығы – пайда болған бейненің қабылданып отырған объектінің қасиеттеріне сәйкес келуі.

8) Қабылдау толықтығы – пайда болған образдың қабылданып отырған объектінің ерекшеліктеріне сәйкес келуі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.