Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жедел стеноздық ларинготрахеит



Жедел стеноздық ларинготрахеит

      Өткізу сатылары Керектігі және нәтижесі
                              Шараларды өткізуге дайындық
1.Баланы тегіс жерге басын жоғары көтеріп жатқызу немесе отырғызу Ми гипоксиясын жою үшін реанимациялық шаралар өткізу қажеттілігі тууы мүмкін
2. Қысып тұрған тар киімнен босату Өкпенің жылуын қамтамасыз ету
3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету Оттегі жетіспеушілігі дамиды
Шараларды өткізу
4. Алдандыру шараларын өткізу: қолдарын немесе аяқтарына ыстық ванналар, көмекей трахея маңына, сирақ бұлшық еттеріне қыша қағазын қою Қан дененің төменгі бөлігіне бағытталады да, ісіну және эксудаттың пайда болуы азаяды.
5. Көп мөлшерде жылытылған сұйықтық беру
6. Нақты реттілікпен ингаляциялар жасау: а) беротек 8-10 тамшы немесе вентолин 2,5 мг небулайзер арқылы; б) сілтілі ерітінділермен 12 % гидрокорбанат натрий ерітіндісі, « Боржоми» тәріздес минералды суы. в) қақырық түсіретін және қабынуға қарсы шөптермен: (мать и мачеха, чабрец, ромашка)  0,5% гидрокортизон суспензиясымен (12,5-25 мг ингаляцияға ) немесе пульмикорт 125-250 мкг/ тәулігіне небулайзер арқылы ( тәулігіне 2 рет) Жылу мен эуфиллин дыбыс тесігі маңының ісінуін жояды, сода қақарықты сұйылтады, шөптер қақырықтың түсуіне ықпал етеді.
7. Стеноздың ІІ-ІV дәрежелерінде 3% преднизолон-3-5 мг/кг көк тамырға ағынды түрінде (1 мл=30 мг)
8. 2,4 % эуфиллин ерітіндісі 2-4 мг/ кг жайлап ағынды түрде 10 мл изотондық ерітіндіде; Преднизолонның қабынуға және аллергияға қарсы әсері өте күшті.
9. Стеноздың ІІ-ІV дәрежелерінде көк тамырға тамшылатып 10% глюкоза және 0,9 % натрий хлор ерітінділері 50-60 мл/кг тәулігіне 3:1 қатынаста Жоғалтылған сұйықтықтың көлемін қалпына келтіру мақсатында
10.Өткізілген шаралар тиімді болмаған жағдайда тікелей ларингоскопия өткізу, соңынан көмекей маңы клетчаткасына гидрокортизон енгізу. Өмірлік маңызы бар ағзаларды қалпына келтіру мақсатында
11.Субкомпенсациялы стеноздың белгілерінің 18-24 сағатқа дейін сақталуында немесе декомпенсация дәрежесінде термопластикалық түтікшемен назотрахеальді интубация өткізу  3-4 рет тәулігіне Өмірлік маңызы бар ағзаларды қалпына келтіру мақсатында
12.Жоғарғы аталған шаралар тиімсіз болған жағдайда өкпені жасанды желдетуді қамтамасыз ету Өмірлік маңызы бар ағзаларды қалпына келтіру мақсатында

 

                              Қосымша №2

Стандарт

                           Талуда(Обморок) жедел көмек `(Синкопе)

 

·  Талу – мидың жедел гипоксиясы, кенеттен аз уақыт естен тану, қан тамыры жетімсіздігінің жиі кездесетін жеңіл түрі.

·  Себептері: қорку, ауырсыну, қан көру, орстатикалық жағдай

·  Белгілері: кенеттен естен тану, терінін бозаруы,тыныс алу және қан айналымының әлсіреуі

·  Тегіс жерге баланы аяқ жағын көтеріңкі жатқызады

·  Қысатын киімдерін босатады

·  Таза ауамен қамтамасыз етеді

·  Бетіне, денесіне салқын су шашады немесе

·  Мүсәтір спиртін иіскетеді.

 

 

              Талықсуда(Коллапс) жедел көмек

 

·  Талықсу – жедел дамитын қан тамыры жетімсіздігі, қан тамыр тонусы төмендеуі және айналымдағы қанның азаюымен сипатталады.

·  Себептері: инфекциялық, улағыш және басқа факторлардың қан тамырлары қабырғаларына және тамыр қозғау орталығына әсері

·  Белгілері: қан қысымы өте төмендейді, ми гипоксиясы дамиды, ішкі мүшелердің қызметі нашарлайды.

·  Баланы тегіс жерге аяқ жағын көтеріңкі жатқызады.

·  Қысатын киімдерін босатады

·  Таза ауамен қамтамасыз етеді;

·  Қан тамырларын тарылтатын дәрілер егеді

·  Қан қысымын бақылай отырып қан алмастырушы заттарды көк тамырға құяды;

 

 

Қосымша №2

Стандарт

 

Мұрыннан қан кеткенде жедел көмек

 

· Баланың басын еңкейтіп отырғызады.

· Қысатын киімдерін босатады.

· Таза ауамен қамтамасыз етеді.

· Тыныштық сақтау қажет.

· Мұрын қанатын қатты басады.

· Мұрын үстіне салқын, аяғына жылу басады.

· Стерильді мақта тығынын келесі ерітінділерге малып, тиісті жақты тығындайды.

(3% сутегі асқын тотығы, немесе дицинон,

гипертониялық ерітінді, немесе ана сүтіне батырылады).

· Бұлшық етке дицинон, глюконат кальций бала жасына сәйкес жасайды.

 

Қосымша №2

Стандарт

        Құсқанда жедел көмек

 

 

1. Баланың басын жоғары етіп, бір қырымен жатқызу.

2. Қысып тұрған киімдерін шешу.

3. Таза ауамен қамтамасыз ету.

4. Дәрігер тағайындауымен қажет болса, асқазанын жуу.

5. Дәрігердің белгілеуімен келесі препараттарды енгізу (алдындағы дәріден нәтиже болмаса, келесі дәріні егеді):

А) ауыз арқылы 0,25% новокаин ерітіндісі,

Б) бұлшық етке церукал (реглан) 1 шай қасық – 1 десерт қасық – 1 ас қасықтан бала жасына байланысты беріледі, немесе прозерин 1мг/кг (1мл=5мг).

В) тоқтаусыз құсуда – бұлшық етке аминазин 0,1 мл/жас.

6. Құсудан кейін ауызды, суытылған қайнаған суменен шаяды, су-шай үзілісін 2-4 сағатқа тағайындайды.

 

Қосымша №2

Стандарт

 

Лихорадкада (Гипертермияда) шұғыл көмек

Лихорадка –бұл ішкі ағзаның арнайы емес қорғаныс – бейімделу реакциясы, ол эволюция процесінде пайда болған және дене температурасының терморегуляциялық көтерілуімен сипатталады. Дене қызуының көтерілу дәрежесіне байланысты лихорадка бөлінеді:

1) Субфебрильді(37,90 С артық емес),

2) Орташа көтерілген (38,0-39,00 C),

3) Жоғары (39,1-41,00 С)және

4) Гипертермиялық (41,00 C артық)

Клиникалық анықтау: лихорадканың жұмыстық жіктелуі негізінде 2 негізгі варианттарын қарастырамыз:

1. “Қызыл”, немесе “алқызыл”, немесе зиянсыз лихорадкада терісі аздап қызғылт, тері ұстап қарағанда ыстық, дымқыл болуы мүмкін (тердің көп бөлінуі), бала тәртібі өзгермеген, жылу пайда болуы жылу берілуіне сәйкес, қан айналудың орталықтану белгілері болмайды. Лихорадканың бұл түрінің нәтижесі қолайлы.

2. “Ақ” немесе “боз”, немесе “суық”, немесе зиянды лихорадка – қан айналудың орталықтануы белгілерінің айқындалуымен сипатталады.

Терісі боз “мәрмәр” суретті, ерні мен саусақ ұштарының түсі цианозды, аяқ-қолы суық, Суықты сезіну, қалтырау тән. Тахикардия мен ентігу байқалады, құрысып-тырысу және сандырақтау болуы мүмкін.

Жедел көмек: Емдеу әдісін тандағанда лихорадканың дәрежесін, ұзақтығын және белгілерін, бала жасын, алдындағы жүргізілген ем нәтижесін, анамнезінде жүйке жүйесінің перинатальды патологиясын, құрысып-тырысу, туа пайда болған жүрек ақауы, гипертензиялық және гидроцефалдық синдромдар және басқа нәтижесі қолайсыз қауып факторлары ескеріледі.

 

Емді қарапайымнан күрделіге қарай өткізеді:

1. Баланы төсекке жатқызу.

2. Қысып тұрған киімдерін шешу.

3. Таза ауамен қамтамасыз ету.

4. Сұйықтықты көп беру.

5. Дене температурасы 38,5С-тан жоғары болса, пероральді парацетамолды , мөлшері 15мг/кг есебінен, әрбір 6 сағатта береді, 1 жастан асқан балаларға ибупрофен, бір реттік ішу мөлшері 5-10мг/кг.

6. Салқындатудың физикалық тәсілдері қолданады, бірақ бұл іс-әрекеттер 30-40 минуттан артық болмауы тиіс:

22-23 С-тағы салқын сумен денені ысқылау,

Ірі тамырлар тұсына сақын қою,

Мұзды мұйықты баланың басынан 1-2 см биіктікте іліп қою,

Сірке қышқылы араласқан сумен ысқылау (1 ас қасық сірке қышқылы 1л. суға араластырады).

Егер балада «ақ» гипертермия болса, оны «қызғылт» түріне ауыстыру қажет:

1. баланы жылыту қажет.

2. Бұлшық етке 2% папаверин ерітіндісін 0,1-0,2 мл бала 1 жасқа дейінгі балаларға, немесе но-шпа 0,1-0,2 мл. /бала жасына сәйкес, сонымен бірге, тавегил немесе супрастин 0,1 мл./ бала жасына сәйкес егіледі.

3. 20-30 минуттан соң, термометрияны қайталайды.

4. Дене температурасының көрсеткіштеріне байланысты, іс-әрекеттерге түзетулер енгізеді.                                                                                    Оқытушы: Жаупанова З.Ж.

“Ақ” лихорадкада старттық емнің 2 варианты бар:

1. Бұлшық етке 50% анальгин ерітіндісін 0,1мл әр жасына немесе аспизол 10мг/кг,

2% папаверин ертіндісі- бір жасқа дейін 0,1-0,2мл; жастан асқандарға 0,1-0,2мл әр жасына немесе но-шпа 0,1мл әр жасына (мектеп жасындағы балаларға 1% дибазол ерітіндісі 0,1мл әр жасына), оған 2,5% пипольфен ерітіндісін(0,1мл әр жасына) қосу, пипольфен орнына тавегил немесе супрастин алуға болады.

2. Бұлшық етке анальгин(аспизол) егу (дозалары көрсетілген) және 1% никотин қышқылы ерітіндісі 0,05мл/кг. Бұл схема ересек балаларға қолдануға дұрыс.

Егер старттық терапияның бір варианты нәтижесіз болса, онда екіншіні қолдануға болады.

Қан айналудың орталықтану белгілері өрістеген немесе анық болса ж/е (аксиллярлы немесе ректалды температура айырмашылығы 1% -тен артық болса) 0,25% дроперидол ерітіндісі 0,1 мл/кг б/е қызу түсіретін дәрілермен қосып енгізеді. Егер науқаста “құрысып-тырысуға дайындық” немесе құрысып-тырысу байқалса, онда емді оның вариантына байланыссыз-ақ, 0,5% диазепам (седуксен, реланиум, сибазон, валиум) ерітіндісін 1мл/кг енгізуден бастайды, бірақ бір реттік мөлшері 2,0мл-ден артық емес.

Лихорадканың емі сөзсіз оксигенотерапиямен бірге жүргізіледі.

= Ем нәтижесін бағалау:

А. “қызғылт” лихорадкада аксиллярлы температура 30 минут ішінде 0,50 –қа төмендесе ем нәтижелі деп бағаланады.

Б. “ақ” лихорадкада оның “қызғылт” лихорадкаға ауысуы және аксиллярлы температураның 30 минут ішінде 0,50 –қа түсуі – нәтижелі ем көрсеткіші деп саналады.

 

 

Қосымша №2

Стандарт

Бөгде денелермен тұншыққанда жедел көмек беру Геймлих әдісі:

Ересек балаларда:

· Бала тұрады

· Арқасынан жауырындардың төменгі жағынан ала құшақтайды

· Бір қолды жұдырыққа түйіп, бас бармақты бүгіп семсер тәрізді өсіндімен кіндік аралығына қояды.

· 2-ші қолымен дем шығарарда төменнен жоғары (омыртқа бағанасына) қарай қимылмен қатты басады.

· Осы қимылды бөгде дене шыққанша қайталайды.

 

Жас балаларда:

1- қалпы:

· Баланы білекке «Атқа мінгізгендей» етіп етпетінен жатқызады.

· Осы қолмен баланы иығынан ұстайды

· Қолмен бірге баланың денесімен басын төмендетеді

· Екінші қолдың екі саусағымен жауырындардың арасынан төменнен жоғары қарай ұрғылайды.

 

2- қалпы:

Жәрдем беруші отырады.

· Баланы білекке шалқасынан жатқызады

· Осы қолмен баланы иығынан ұстайды

· Білекті жәрдем беруші санына қояды

· Екі саусақпен төменнен жоғары семсер тәрізді өсіндімен кіндік аралығынан бөгде денені ысырып шығару үшін ұрғылайды.

Ескерту: Бұл әдістер диафрагманың жоғары көтерілуінен өкпе іші қысымының тез жоғарылауы нәтижесінде бөгде дененің ығыстырып шығаруға негізделген.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.