Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





A баспалдағы – тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру және ұстап тұру;



 

                  Қосымша №2

Стандарт

Жүрек - өкпе және церебральды реанимация

Соңғы жылдарда реанимациялық шаралардың аталуы, әдістері мен жүргізу жолдары өзгереді. Мәселен, кеңінен қолданылатын аталу “жүрек - өкпе және церебральды реанимация” – түпкілікті нәтиже – жеке тұлғаның толық қалпына келуі тек қана алғашқы шұғыл тірілту шараларының тез және нәтижелі жүргізілуінен ғана емес, сонымен қатар өмірге қажетті мүшелердің, бірінші кезекте ми қызметінің қалпына келіп, тұрақтануын қамтамасыз ететін соңғы белсенді емдік шараларды қолдану болып табылады.

Негізгі алғашқы реанимациялық шаралар ABCСофара ережесі бойынша жүргізіледі:

*A баспалдағы – тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру және ұстап тұру;

*B баспалдағы - өкпені жасанды желдету;

*C баспалдағы – жүрек реанимациясы (қан айналуды қалпына келтіру).

Тыныс жолдарының өткізгіштінің бұзылу себептеріне жатады:

Тілдің түсуі, шырыш, қақырық, бөгде дене, құсық жиналу, бронхо – немес ларингоспазм. Тыныс жолы өткізгіштігін қалпына келтірген соң, ӨЖЖ-ді оттегі беру арқылы жүргізуге уақыт кетірмеу қажет.

Бір жасқа дейінгі және ересек балаларға жасанды дем берудің айырмашылығы бар. Бір жасқа дейінгі балаларға 1) басты шалқайтуды сақтықпен жасау, себебі бұл кезде баланың мойыны қысқа, жуан, қарақатқа бейім; 2) ауаны жібергенде мұрын мен ауызды бірден қамтиды;

3) үрленетін ауа күші өкпенің дем алу көлеміне байланысты болу керек, альвеолардың жыртылуы мен барожарақатынан сақтау үшін; Баланы инфекциядан сақтандыру үшін ауа жіберуді ылғалданған залалсызданған дәке арқылы жасау. Ауыз арқылы оттегі түтігін енгізу тілдің түсуіне кедергі жасайды;

Гипоксия мен гипоксемияны жоюда басты орын алатын құрал оксигенотерапия. Оттегі концентрациясы 100%, бала жағдайы тұрақтанған соң оның концентрациясы 40-60%, төмендейді. Оттегі беру кез келген қолайлы әдіспен жүргізіледі.

Жүрекке тікелей емес массаж жасау жүрек тоқтап қалу түріне байланыссыз жүргізіледі. Бұл кезде қан ірі қан тамырларына итеріледі де қан айналуды және өмірге қажет мүшелердің қызметін ұстап тұрады. Әдісі дұрыс жасалған жүрек массажы асқынулардан сақтандырады: қабырға мен төс сынуы, асқазан, бауыр мен көкбауыр зақымдалуы, жүрек тампонадасы, пневмоторакс, асқазан сұйықтығының тыныс жолдарына түсуі.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.