Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Батырмалы электрсорғыштардың құрамы



2. Батырмалы электрсорғыштардың құрамы

ЭОСҚ құрамы және комплектісі. ЭОСҚ қондырғысы батырмалы сорғыш агрегатынан (гидроқорғанысты электроқозғалтқыш), кабельді линиядан, СКҚ колоннасынан, ұңғымалық саға жабдығынан және жер үсті электр жабдықтарынан: трансформатор және басқару станциясынан(комплекті қондырғы) тұрады. (сурет1.3). Трансформаторлы подстанция өнеркәсіптік жүйедегі кернеуді кабельдағы кернеу түсуін есепке ала отырып электрқозғалтқыш қысқышындағы кернеуді оптималды өлшемге дейін өзгертеді. Басқару станциясы оптималды режим кезіндегі сорғыш агрегаттарының жұмысын және қорғанысын басқаруды қамтамасыз етеді.

Сорғыштан, гидроқорғанысты және компенсаторлы электрқозғалтқыштан тұратын батырмалы сорғышты агрегат ұңғымаға СКҚ арқылы түсіріледі. Кабелді линия электрқозғалтқышқа электр энергиясын беруді қамтамасыз етеді. Кабель металл дөңгелектрі арқылы СКҚ ға бекітіледі. Ол металл дөңгелектерімен сорғыш және протектор бойын бойлай бекітілген және бұзылулардан сақталған. Сорғыш секцияларына кері және ағызу (сливной) клапан орнатылады. Сорғыш ұңғымадан сұйықты ала отырып оны СКҚ колоннасы арқылы жер бетіне шығарады.

Сурет 1.3- Батырмалы ортадан тепкіш электрсорғыш қондырғысы (БОЭСҚ)

 

Ұңғымадағы сағалық жабдықтар СКҚ дың шегендеу колоннасының электрсорғышпен және кабельмен ілінісуін, құбыр мен кабельдің герметизациялығын, сонымен қатар өндірілетін сұйықты құбырдың шығу жолына бұру.

Батырмалы ортадан тепкіш сорғыш секциялы және көпсатылы. Оның жұмыс істеу принципі қарапайым ортадан тепкіш сорғыштардан ерекшеленбейді.

Оның ерекшелігі-ол секциялы, көп сатылы, жұмыс істейтін саты диаметрі кішкентай. Мұнай өнеркәсіпшілігінде шығарылатын батырмалы сорғыштардың сатылар саны 1300 ден 415-ке дейін.

Секциялы сорғыш, фланецті қосылуларға байланысты өз алдында металды корпус түрінде кездеседі. Ол ұзындығы 5500мм болат құбырдан жасалған. Сорғыш ұзындығы жұмыстық сатылар саны бойынша және сонымен қатар өз кезегінде сорғыштың негізгі көрсеткіштері-берілісі және арыны бойынша анықталады. Сатылардың берілісі және арыны айналу жиілігіне тәуелді. Сорғыштың секциялы корпусына сатылар пакеті қойылады. Ол білікке жұмыс сақиналарын жинайды және аппараттарды бағыттайды.

Жұмыс сақиналары біліктің призматикалық шпонкасына қондырылады және осьтік бағытта орын ауыстыра алады. Бағыттау аппараттары сорғыштың жоғарғы бөлігінде орналасқан корпусты ниппельге бекітілген. Корпус астынан сұйықтық елеуіш және фильтр арқылы ұңғымадан бір сатылы сорғышқа келіп түседі.

Сорғыш білігінің жоғарғы бөлігі сальник подшипниктерінде айналады және серіппелі сақина арқылы білікке салмақ пен ауырлық түіретін табанымен аяқаталады. Нипель негізінде және сорғыш білігінде орналасқан, сорғыштағы радиалды күш сырғанау мойын тіректері арқылы қабылданады.

Сорғыштың жоғарғы бөлігінде қармағыш басы орналасқан.Оған кері клапан және СКҚ бекітіледі.

Батырмалы, үш фазалы, асинхронды, майға толтырылған ротыры қысқа тұйықталған, қарапайым орындалған және коррозияға берік орындалған электрқозғалтқыш ПЭДУ (ТУ 16-652-029-86). Климоттық орындалуы – В, орналасу категориясы – 5 ГОСТ 15150 – 69 бойынша. Электроқозғалтқыш негізінде майды айдауға және ағызуға арналған клапан, сонымен қатар майды механикалық қоспалардан тазартуға фильтр қарастырылған.

БЭҚ гидроқорғанысы протектор мен компенсатордан тұрады. Ол электрқозғалтқыштың ішкі қуысын түсетін қабаттық сұйықтықтан сақтауға, сонымен қоса май көлемінің температуралық өзгеруін және оның шығынын копенсациялауға тағайындалған.

Протектор екікамералы, білігі резиналы диафрагмалы және шөркелі тығынды болып келеді. Кабел брондалған және полиэтиленмен қапталған. Кабелді желі, яғни, ұзартқыш жалғанған, барабанға оралған кабель. Кабельдің әр желісінің өзінің сырт қабығы, қабат изоляциясы, резиналанған және брондалған жастықтары болады. Жазық кабельдің изоляцияланған үш желісі қатар бойынша параллель орналасқан, ал дөнгеленген түрі винтті сызық арқылы оралған. Жинақтағы кабель кабельді енгізу муфтасының үйлескен К 38, К 46 түрін қамтиды. Метал корпусындағы муфта резиналы тығындар көмегімен герметизацияланған.

УЭЦНК, УЭЦНМ қондырғылары білігі және сатылары бар сорғыштардан тұрады және олар коррозияға берік материялдардан жасалған, сонымен қоса пласмасты жұмыс сақиналары мен резиналы металды мойынтіректері бар сорғышты УЭЦНИ қондырғысы УЭЦН қондырғысының конструкциясына ұқсас.

Батырмалы электрқозғалтқыштың техникалық сипаттамасы. Тік орындалған түрдегі БЭҚ-тің қысқа тұйықталған ротыры бар үшфазалы ауыспалы токтың майға толтырылған батырмалы асинхронды электрқозғалтқышы батырмалы ортадан тепкіш сораптың жетегі болып табылады. Электрқозғалтқыш корпустарының диаметрі 103, 117, 123, 130, 138мм. Электрқозғалтқыштың диметрі шектеулі болғандықтан, үлкен қуат кезінде қозғалтқыш үлкен ұзындыққа, ал кейбір жағдайларда секциялы түрге ие болады. Электрқозғалтқыш сұйыққа батырмалы және жиі үлкен гидростатикалық қысымда жұмыс істегендіктен оның негізгі сенімділік шарты – герметикалығы.

БЭҚ бөлшектерді суыту және майлау үшін қолданылатын арнайы тұтқырлығы аз, жоғары диелектрлі маймен толтырылады. Батырмалы электрқозғалтқыш статордан, ротордан, бастан, негізден тұрады. Статор корпусы болат құбырдан жасалады, оның соңында басы мен қозғалтқыш негізін қосатын оймалары қарастырылған. Статордың жетегі активті және орамдар орналасқан, магнитсіз шихтерлі қаңылтырлардан жиналады. Статор орамы бірқабатты, созылған, катушкалы немесе екі қабатты стержінді түрде болу мүмкін. Орам фазалары біріктірілген.

Магнитті жетектің активті бөлігі электрқозғалтқышта айналатын магнит өрісін тудырады, ал магнитсіз бөлігі мойынтірек роторының аралық бөлігі үшін тіреу қызметін атқарады. Статор орамының соңына көпжелілі мыс жетегінен жасалған, жоғары электрлікке және механикалық беріктікке ие болатын шығару соңын жалғайды. Орамның шығару соңын кабелді енгізудің арнайы штельженді муфтасы арқылы жалғайды. Қозғалтқыштың токберуі пышақты типті болуы мүмкін. Қозғалтқыш роторы қысқатұйықталған, көпсекциялы. Оның құрамына білік, ротор пакеті, радиалды тіреулер кіреді. Білік ротыры калибрлі болаттан, ал ротор пакетері жапрақшалы электртехникалық болаттан жасалады. Ротор пакеті білікте радиалды мойынтіректермен кезектесу арқылы жиналады, және білікпен шпонкалар арқылы байланысады. Біліктегі пакет роторының жинағын гайкалармен немесе турбинамен өстік бағытта созады. Турбина статор ұзындығындағы қозғалтқыш температурасын түзету үшін майдың церкуляциясын туғызуға арналған. Магнит желісінің батырмалы жоғарғы бөлігінде май айналымын қамтамасыз ететін, бойлық саңылау орналасқан.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.