Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«САФИ ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ

Мұнайгаз факультеті

«Мұнай-газ ісі» кафедрасы

Өндірістік тәжірибе

ЕСЕБІ

Тақырыбы: «Батырмалы штангасыз сораптармен ұңғыларды пайдалану»

 

  Орындаған: МГІ-18/2 қ/т студенті Мақсот Айбар Тексерген: «Мұнай-газ ісі» кафедрасының оқытушысы Шамшенова А.Е.

 

Атырау, 2020

Мазмұны

Бөлімдер атауы Бет
  Кіріспе
Батырмалы ортадан тепкіш сорағышпен мұнай өндіру
1.1 Ұңғыманы штангасыз сорғышпен пайдалану
Батырмалы электросорғышың құрамы 7-10
Қазіргі таңда қолдануына шолу
  Қорытынды
  Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Электрлі батырмалы көп сатылы ортадан тепкіш сорғыш 1920 жылдың аяғында Reda Pump Company компаниясында мұнайды механикалық жолмен өндіру үшін пайдалануға берілген. Содан бері бірнеше басқа компаниялар мұнай кен орны үшін электрлі батырмалы сорғышты жасап шығарды. Қазіргі кезде бұл сорғыштар кең ауқымда шығарылып отыр, яғни түрлі көлемде, өнімділікті және жұмыс кернеуімен. Стандартты монтаж бойынша сорғыш және электромотор ұңғыманың пайдалану колоннасына түсіріледі. Электр энергиясы сорғышты компрессорлы колоннаға қосылған кабель арқылы жеткізіледі (сурет 1.1).

Сурет 1.1 - Электрлі батырмалы ұңғымалы сорғыш.

Сурет 1.2- Батырмалы сорғыш торабының қимасы.

 

1. Батырмалы ортадана тепкіш сорғышпен мұнай өндіру

Ұңғыманы штангасыз сорғышпен пайдалану. Ұңғымадан көп көлемде сұйық алу үшін ортадан тепкіш сорғыш түріндегі жұмыс сақиналары бар лопасты сорғыштар қолданылады. Бұл сорғыш габаритінің және сұйық берілісінің жоғарғы арынын қамтамасыз етеді. Бұған қоса,мұнайы тұтқырлы кейбір аудандардың мұнайлы ұңғымаларында беріліске қатысты жетектің қуаты да көп болуы керек. Жалпы жағдайда бұл қондырғылар батырмалы электрсорғыш деп аталады. Бірінші жағдай бұл-ортадан тепкіш электрсорғыш қондырғысы (ОТЭҚ), екіншісі-батырмалы винттік электрсорғыш қондырғысы.

Ұңғымалы ортадан тепкіш және винттік сорғыштар батырмалы электрқозғалтқыш арқылы қозғалысқа түседі. Электроэнергия қозғалтқышқа арнайы кабель арқылы беріледі. ЭЦН және ЭВН қондырғылары қызмет көрсету жағынан қарапайым, оның жоғарғы жағындағы басқару станциясы және трансформатор күнделікті күтімді қажет етпейді.

Типтік монтаждағы электрлік батырмалы сорғыштың ұңғыма ішіндегі жабдығы элкетромотордан, көп сатылы ортадан тепкіш сорғыштан және кабельді оснасткіден тұрады. Майлау және салқындату үшін үш фазалы электромотор маймен толтырылған.Суыту ұңғыма флюидіне жылу беру арқылы жүргізіледі. Бұл кезде торап өнімді қабат зонасында болады. Әдетте бұл моторлар 60 Гц – те 3500 айн/мин немесе 50 Гц - 2900 айн/мин жұмыс істейді.Оның қуаты бірнеше аттық күштен (л.с) 700аттық күшке (л.с) дейін болады.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.