II кезең – балалармен жұмыс барысында қуыршақтарды қолдану
II кезең – балалармен жұмыс барысында қуыршақтарды қолдану
- Балаға басында бәріне ересек көмектеседі, ол одан «басқаруды» үйренеді (қуыршақ аэробикасы: қуыршақ отырды, тұрды, иілді).
- Осыдан кейін ересек қуыршаққа «жан бітіруге» көмектеседі, яғни қуыршақтардың жағымды (жағымсыз) қасиеттерін көрсетуге баулиды.
- Кейіннен бала ойыншықтың рухани әлемін өзінің қалауына қарай толықтырады, және ол нақты мәселелі жағдайда өзін қожайыны қалаған күйде «ұстайды». Бала қуыршақпен ойнау арқылы өзінің сезімдерін, қорқыныштарын, қарым-қатынасын нақты жеткізеді, бұл ретте айтылғандардың бәріне бала емес, қуыршақ жауапты болады.
- Бала қуыршақпен бірге өзіне түсінікті эмоционалды және адамгершілікті тұрғыда өз өмірінің барлық оқиғаларын басынан өткереді.
- Қуыршақ немесе жұмсақ ойыншық бәрін түсінетін және ешқашан ашуланбайтын мінсіз достың рөлін атқарады.
- Қол қуыршақтарымен ойнау тілдік қиындықтардан баланың ойын бөледі және тілдің дамуына жағымды әсерін тигізеді.
- Ертегі кейіпкерлері болып табылатын қуыршақтармен ойнау бала үшін әлеуметтік қарым-қатынастың белгілі мектебіне айналады, себебі бұл қуыршақтар адамгершілікті кейіпке ие.
Тақырып бойынша берілетін тапсырмалар:
1. Қысқаша дәріс жазу (конспект)
2. Қуыршақ терапиясы әдісін қолдану
3. Қуыршақ түрлері және олардың сипаттамасы
4Көлеңке қуыршақтары
(Тапсырмаларды жазбаша дәптерге орындау)
Үй тапсырмасы: Дәрісте берілген бір қуыршақ түрлерін таңдап жасаңыз
|