Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





уыршақ терапиясын ұйымдастыру кезеңдері



2. Қуыршақ терапиясын ұйымдастыру кезеңдері

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы қуыршақ терапиясы үдерісі бірнеше кезеңмен жүзеге асады.

I кезең – балалардың қуыршақ жасау кезеңі

Балалар қуыршақ жасаумен айналыса отырып, барынша сабырлы, байсалды болады. Ойын барысында олардың психикалық үдерістерінің еркіндігі дамиды, зейін қою дағдылары, шыдамдылығы қалыптасады, қиялы дамиды.

Мектеп жасына дейінгі балалармен бірге қуыршақтардың келесі түрлерін жасауға болады:

Қуыршақ түрлері және олардың сипаттамасы

Қуыршақ-марионеткаларБасы мен қолдары тігілген көйлегі бар. Оны басқару оңай: бір жібі басын басқаруға, басқасы қолдарын басқаруға қызмет етеді. Қуыршақтың бір немесе ауысып тұратын бет-әлпеті болуы мүмкін, бұл баланың әртүрлі эмоцияларды жеткізуіне мүмкіндік береді, кейде бет-әлпеті болмауы да мүмкін, бұл баланың кейіпкердің көңіл күйіне қатысты қиялдауына мүмкіндік береді. Қуыршақ-марионеткамен жұмыс қолдың жұқа моторикасын және жалпы қимылдар үйлесімділігін жетілдіруге, бала қандай да бір себептерге байланысты көрсете алатын немесе көрсете алмайтын эмоцияларды, сезімдерді, жай-күйді көрсетуге мүмкіндік береді.

Саусақ қуыршақтарыКез келген материалдан жасауға болады: картоннан, матадан, жіптен, пинг-понгтың шариктерінен. Қуыршақтың көлемі баланың саусағына тура келуі тиіс.

Көлеңке қуыршақтарыҚара картоннан немесе қағаздан жасалады. Мұндай қуыршақтар көбіне балалардың қорқынышымен жұмыс істеуге, қатты алаң- даушылығын түзетуде қолданылады. Қорқыныштың нақты немесе абстрактілі бейнесіне жіп немесе таяқша бекітіледі, бұл оны экранда жүргізуге мүмкіндік береді. Бала көлеңке театрында қуыршақпен ойнау арқылы өз мәселесін шешу тәжірибесін жи- нақтайды. Әдетте қорқыныш байқалмайды. Қорқынышты қуыр- шақтың көмегімен көрсету арқылы бала жағдайды түсінеді, және қуыршақпен жеткізілген қорқынышы оның қорықынышты құрам- дасының эмоционалды шиеленісін жояды. Бала өзінің «қорқы- ныш қуыршағымен» ойына алған нәрсесін істей алады, тіпті толық жоя алады. Көлеңке театрының түзетушілік мәні де осыдан тұрады.

Жіптен жасалған қуыршақтарБалалардың қарым-қатынас барысындағы қиындықтарын шешуде тиімді. Қуыршақтың бойы баланың бойымен бірдей болуы мүмкін. Оны дайындау өте оңай: жіптен (арқаннан) қуыршақтың сұлбасы жасалады, қуыршақтың басындағы ілмек баланың жейдесіне түймеленеді, ал баланың саусағы қуыршақтың алақанындағы ілмекке ілінеді. Осылайша, бала өзінің қимылдарымен бірге қуыршақтың қимылын имитациялайды.

Жазықтық қуыршақтары (түрткіштер)Бір жазықтықта жылжитындықтан осындай атауға ие болды. Жазықтық қуыршақтары қатты картоннан немесе жұқа фанерадан қиылған қуыршақтың үлгісін білдіреді. Әдеттегідей, қуыршақтың қолдары топсамен немесе түймешіктермен бекітіледі және еркін қозғалады. Мұндай қуыршақтардың бет-әлпеті ауыспалы болады, олар әртүрлі эмоционалды жай-күйге сәйкес келеді. Әдетте олар қарым-қатынас барысында қиындықтары бар, «Мен» бейнесі бұзылған балалармен жұмыс барысында қолданылады.

Қолғапты қуыршақтарҚуыршақтың негізі-денесі қолғаптар болып табылады. Мұндай қуыршақтар әдетте балалар қуыршақ театрларында, әртүрлі сахналауларда, ертегілерді бейнелеуде қолданылады.

Балалармен бірге қуыршақ жасау бойынша жұмыс жасай отырып, ең алдымен, халық ертегілерінде, әртүрлі жас тобына ұсынылатын шығармаларда жиі кездесетін кейіпкерлерді жасап шығару керек. Бала қиялдай отырып, өзінің эмоционалды күйін жеткізеді, талқандаушы аффектілерден: реніштен, қорқыныштан, ашудан, түңілуден арылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.