|
|||
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжіСтр 1 из 4Следующая ⇒ С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжі Пән:Технология және оқыту әдістемесі Топ: ДО3Б(11) Күні: 04.05.2020 жыл Уақыты: 15.30-16.00 Пән оқытушысы: Мусабаева Гүлзада Виталийқызы Сабақ тақырыбы: Театрдың әр түріне арналған қуыршақтарды дайындау. Қарастыратын сұрақтар: 1. Қуыршақ терапиясы әдісін қолдану 2. Қуыршақ терапиясын ұйымдастыру кезеңдері 1. Қуыршақ терапиясы әдісін қолдану Театрландырылған қызмет балаға жақын әрі түсінікті, оның табиғатынан бастау алады, себебі ол ойынмен тікелей байланысты. Баланың кез келген ойына алған нәрсені, қоршаған ортадан алған әсерлерін жанды бейнелерге айналдырғысы және жандандырғысы келеді. Ол бейнеге еніп, кез келген рөлді ойнайды, көрген әрі өзін қызықтырған нәрсеге еліктеуге тырысады, және одан эмоционалды тұрғыдан рақаттанады. Балалар ойынның көмегімен әлемді таниды, үйренеді, өзара қарым-қатынаста болады. Н. Д. Кажаспирова атап өткендей, театрландырылған ойын жаңа кейіпкерлермен, оқиғалармен, тарихи сюжеттермен таныстыру арқылы қуаныш сыйлайды. Баланың шығармашылық үдеріске саналы түрде бейімделуі орын алады, ол қатысуға және жасампаздыққа деген ыстық ықыласқа айналады. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойыншықтары арасында өзінің қоршаған адамдармен қарым-қатынасын, өз сезімдері мен көңіл күйін түсіну машықтарын дамыту тұрғысынан қуыршақтар айрықша рөл атқарады. Қуыршақ ең көне ойыншықтардың бірі болып саналады. Оның сәбидің өміріндегі рөлі айрықша: бұл ойын барысындағы серіктесің әрі жаныңды түсінетін жақын досың. Балалар қуыршақты өздері істеуге ұялатын нәрселерді істеу үшін немесе айту үшін, немесе айналасындағылар бұрыс қабылдауы мүмкін сезімдерін жеткізу үшін қолдана алады. Осылайша, баланың әлемі – іс-қимылдар мен қызмет әлемі, ал қуыршақ болса баланы ұялтпай әрі жараламай, қоршаған ортаға енуге мүмкіндік береді. Бүгінде психологияда қуыршақ терапиясы деп аталатын дербес бағыт бар. Бұл әдіс үш негіз- гі ұғымға негізделеді: «ойын» – «қуыршақ» – «қуыршақ театры». Түзетушілік әсер етудің негіз- гі тәсілі ретінде қуыршақ бала мен тәрбиешінің өзара қарым-қатынасының аралық объекті- сі ретінде қолданылады. Бала қолына қуыршақты кию арқылы оған өз сезімдерін жеткізеді, өзінің қиындықтары мен қорқыныштарын ұмытады, өзінің жасырын қорларын ашады. Қазіргі кезде қуыршақ терапиясының нақты анықтамасы жоқ. Әртүрлі авторлар оны арт-терапияға (Г. Денисова, Л. Лебедева, А. Осипова), ойын терапиясына (А. Тащева, С. Гриднева) жатқызады немесе жекелей бөледі. И. Я. Медведеваның анықтамасымен келіскеніміз жөн болады: «Қуыршақ терапиясы – қуыршақтар арқылы орындалатын әртүрлі театралдық тәсілдердің (арнайы таңдалған жаттығулар, жағдаяттар, этюдтер, ойындар, спектакльдер) көмегімен адамдарға кешенді әсер ету. Театрландырылған ойындар және қуыршақтармен сахналау, қуыршақ жасау шығармашылық және танымдық қабілеттіліктерді, алған білімін жаңа өмірлік жағдайға өз бетімен ауыстыру қабілетін, әртісшілдігін дамытады, өзін өзі танытады, өзіне деген сенімді, өзіндік бағасын арттырады». Отандық және шетелдік педагогтар мен психологтардың ойынша, қуыршақ терапиясы әдісін қолдану арқылы баланың тек эмоционалды күйі мен психологиялық қиындықтарын реттеп қана қоймай, зияткерлік, коммуникативтік тілінің бейнелілігі мен мәнерлілігін, көркем-эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруға, музыкалық және шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуға қатысты көптеген мәселелердің шешімін табады.
|
|||
|