|
|||
амқоршылық органдары ⇐ ПредыдущаяСтр 4 из 4 2. Қамқоршылық органдары ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 1 бабына сәйкес қамқоршылық– он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi баланың (балалардың), сондай-ақ спирттiк iшiмдiктерге немесе есiрткi заттарына салыну салдарынан сот әрекет қабiлетiн шектеген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудың құқықтық нысаны; Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтайды, осындай балалардың есебін алуды жүргізеді және ата-анасының қамқорлығынсыз қалудың нақты мән-жайларын негізге ала отырып, балаларды орналастырудың нысандарын таңдайды, сондай-ақ оларды асырау тәрбиелеу және білім беру жағдайларына одан әрі бақылау жасауды жүзеге асырады. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдардан басқа, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметіне жол берілмейді. Жергілікті атқарушы органдар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдар болып табылады. Аудандық және қалалық атқарушы органдар өздерінің қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде міндеттерін халыққа білім беруге, оны әлеуметтік қорғауға және оның денсаулығын сақтауға уәкілеттік берілген органдар арқылы жүзеге асырады, ал поселкелік, селолық, аудандық атқарушы органдар бұл қызметтерді дербес жүзеге асырады. Баланың және оны тәрбиелеуге үміткер адамның тұрмыс жағдайларын қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдар реттеп, зерттеу актісін сотқа табыс етуге міндетті. Сонымен қатар балалар үшін ата-аналардың баланы тастап кетуі; өздерінің міндеттемелерінің орындаудан бас тартуынан үлкен қауіпті балаларға әкеледі. Осыған байланысты ата-ананың асыраудан тыс қалған балаларды уақытылы анықтау немесе оларды қорғау үшін шаралар қолдануға шақырады. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын тәрбие, емдеу және басқа да мекемелердің басшылары, баланы отбасы тәрбиесіне беру мүмкін екендігі белгілі болған күннен бастап жеті күн мерзім ішінде бұл туралы осы мекеменің тұрған жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға міндетті. Бұл мәселелерді шешу қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдарға жүктеген. Сондықтан да ата-ананың қамқорлығынан айырылған балаларды іздеу, тіркеу тағдырын шешу қорғаншы органдарынан басқаларға тиым салынады. Бірақ лаузымды тұлғалар, мекемелер, азаматтар ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар туралы қорғаншы органына хабарлауға міндетті. Бұндай балалар туралы мәлімет алған қорғаншы органы 3 күн ішінде балалардың өмір жағдайын зерттеп, құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етеді. 1 ай ішінде баланы орналастыруды қамтамасыз етеді. Орналастыру көбінесе оның туысқандарына, басқа да бала жақындарына береді. Егер бұндай орналастыру мүмкін болмаса, онда балалар мекемелеріне жіберіледі. Орналастыру кезінде баланың этникалық шығу тегі, діні, мәдениеті, тілі,тәрбие мен білім беруді мирасқорлықты қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілу қажет. Нақты отбасыны анықтау кезінде басымдылықты туысқандарына беріледі. Баланың ойы өте маңызды “Асырап алу немесе асыранды отбасыға 10 жастан асқан баланы орналастыру, оның келісімінсіз мүмкін емес.” Балалар мекемесіне аталған мүмкіндіктер алмаған жағдайда ғана орналастырады. Қорғаншылық және қамқоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған (ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 119-бабының 1-тармағы) балаларға, оларды асырау, тәрбиелеу және білім беру мақсатында, сондай-ақ олардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін белгіленеді. Қорғаншылық және қамқоршылық әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін де белгіленеді. Қорғаншылық қайтыс болған немесе соттың шешімімен өлді немесе хабарошарсыз кеткен деп танылған кәмелетке толмаған адамның, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне тағайындалады. Егер қорғаншылық және қамқоршылық белгіленген адамның басқа жерде мүлкі болса, онда осы мүлікті басқару үшін қорғаншы және қамқоршы органдар мүліктің тұрған жерінде қорғаншы тағайындай алады. Денсаулығының жай-күйіне байланысты өзінің құқықтарын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын және міндеттерді орындай алмайтын кәмелетке толған әрекет қабілеттілігі адамдардың арызы бойынша оларға қамқоршылық белгіленуі мүмкін. Қорғаншы және қамқоршы органдар қорғаншылық пен қамқоршылықты қажет ететін адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық белгілейді. Жекелеген жағдайларда қорғаншылық пен қамқоршылық қорғаншының (қамқоршының) тұрғылықты жері бойынша белгіленуі мүмкін. Адамды әрекетке қабілетсіз немесе оның әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы шешім заңды күшіне енген кезден бастап үш күн ішінде сот бұл туралы оған қорғаншылық және қамқоршылық белгілеу үшін сол адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға міндетті. Адамға қорғаншылықты және қамқоршылықты белгілеу қажеттігі туралы тиісті органдарға белгілі болған кезден бастап бір ай ішінде қорғаншылық және қамқоршылық белгіленеді. Қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға мүдделі адамдар сот тәртібімен шағымдануы мүмкін. Мыналарды: 2) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды; 3) өзiне Қазақстан Республикасының заңында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерiнен шеттетiлген адамдарды; 4) егер сот олардың кiнәсi бойынша бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды; 5) денсаулық жағдайына байланысты қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерiн жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, тек қана кәмелетке толған адамдар қорғаншылар немесе қамқоршылар бола алады. Патронат– жетiм балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган мен баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тiлек бiлдiрген адам жасайтын шарт бойынша отбасыларға патронаттық тәрбиеге берiлетiн тәрбие нысаны Қорғаншылық және қамқоршылық нысанындағы патронат ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның ішінде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрізді басқа да мекемелердегі кәмелетке толмаған балаларға белгіленеді. Баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдіруші адам (патронат тәрбиеші) мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған баланы (балаларды) тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындау негізі болып табылады. Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және білім беру жағдайларын, патронат тәрбиешінің құқықтары мен міндеттерін, патронат тәрбиешіге қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдардың міндеттерін, сондай-ақ мұндай шарттың тоқтатылу негіздері мен салдарларын көздеуі тиіс. Бала патронат тәрбиешіге аталған шартпен белгіленген мерзімге тәрбиелеуге беріледі. Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу және тәрбиелеуге алынған балалар санына қарай берілетін жеңілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді. Патронат тәрбиешілер тәрбиеге алынған балаға (балаларға) қатысты қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты құқықтар мен міндеттерге ие болады. Патронат тәрбиешілерді іріктеп алуды қорғаншы және қамқоршы органдар жүзеге асырады. Шарт бойынша оны патронат тәрбиешілерге беру үшін баланы (балаларды) алдын ала таңдауды қорғаншы және қамқоршы органмен келісім бойынша баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар жүзеге асырады. Ағалы-інілерді, апалы-сіңлілерді (қарындастарын) ажыратуға жол берілмейді, бұған олардың мүдделеріне сай келетін жағдайлар қосылмайды. Баланы (балаларды) патронат тәрбиешілерге беру оның пікірі ескеріле отырып жүзеге асырылады. Он жасқа толған бала (балалар) оның келісімімен ғана берілуі мүмкін. Патронат тәрбиешілерге берілген бала (балалар) өзіне тиесілі алименттерге, зейнетақыға, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғын үй-жайы болмаған кезде, тұрғын үй заңдарына сәйкес оған тұрғын үй-жай берілуіне құқығы бар. Әрбір баланы асырап-бағуға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленеді. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган патронат тәрбиешілерге қажетті көмек көрсетуге, баланың (балалардың) өмірі мен тәрбиесіне қалыпты жағдай туғызуға жәрдемдесуге міндетті, сондай-ақ патронат тәрбиешілерге жүктелген баланы (балаларды) асырап-бағу, тәрбиелеу және оған білім беру міндеттерін орындауға бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
Тақырып бойынша берілетін тапсырмалар: 1. Қысқаша дәріс жазу (конспект) 2. Балалар үйлері,5-бап, 22-бап жазыңыз 3. Қамқоршылық органдары дегенді қалай түсінесіз? 4. Патронат дегеніміз не?
(Тапсырмаларды жазбаша дәптерге орындау)
Үй тапсырмасы: «Балалар үйлері және қамқоршылық органдары» тақырыбына 15 тест тапсырмасын құрастырыңыз
|
|||
|