|
|||
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжіСтр 1 из 4Следующая ⇒ С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжі Пән:Бала өмірін қорғау және сақтау Топ: ДО3Б(11) Күні: 19.05.2020 жыл Уақыты: 16.15-16.45 Пән оқытушысы: Мусабаева Гүлзада Виталийқызы Сабақ тақырыбы: Балалар үйлері және қамқоршылық органдары Дәріс мазмұны (дәріс бойынша конспект жазу) Қарастыратын сұрақтар: 1. Балалар үйлері 2. Қамқоршылық органдары 1. Балалар үйлері Балалар үйі — ата-анасыз қалған балалар үшін құрылған тәрбие беру мекемесі. Балалар үйін ұйымдастырудың мақсаты — балаларға мемлекет тарапынан пана болу, материалдық, моральдық көмек беру, олардың білім мен тәрбие алуына қолайлы жағдай жасау, мамандық таңдауына көмектесу, тәуелсіз өмір сүруге даярлау. Жалпы білім беретін оқу-тәрбиелік мекемелерде балалар 3 жастан 18 жасқа дейін толық мемлекет қамқорлығында болады. Қазақстанда алғашқы Балалар үйі 1918 жылы ашылды. Кеңес өкіметі кезінде Балалар үйінің: мектепке дейінгі (3—7 жастағы бүлдіршіндер); мектептік (7—14 жастағы балалар); аралас (бүлдіршіндер мен мектеп жасындағылар) және арнаулы (ата-аналары 2-дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан балалар) түрлері болды. 1956 жылы Қазақстан үкіметінің қаулысы бойынша Балалар үйінде болу мерзімі 18 жасқа дейін ұзартылды. Мектептік Балалар үйі мектеп-интернат болып қайта құрылды (1959). Балалар үйіндегі балалар тобының көпшілігі отбасы үлгісінде ұйымдастырылған: ағайынды, апалы-сіңлілі балалар бірге өмір сүріп, тәрбиеленеді. Тәрбиеленушілер жақын маңда орналасқан мектептер мен оқу орындарында оқиды. Мектеп бітірген соң, арнаулы орта, жоғары оқу орындарына конкурстан тыс қабылдануға құқылы. Мұнда олар жалпы ережелерге сай мемлекет қамқорлығына алынады. Қорғаншылық бір жағынан баланың әрекет қабілеттігін толтыру әдісі болса, екінші жағынан өкілдіктің институты болып табылды. 2-тарау. БАЛАЛАР АУЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕНУШIЛЕРIНIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
|
|||
|