Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





бап. Балалар ауылында тәрбиеленушi балалар



4-бап. Балалар ауылында тәрбиеленушi балалар

Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 № 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Балалар ауылында тәрбиеленуші балалар (тәрбиеленушiлер):

1) жетiм балалар - ата-анасының екеуi де немесе жалғызiлiктi шешесi (әкесi) қайтыс болған он сегіз жасқа дейiнгi балалар;

2) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар - ата-аналарының ата-ана құқығы шектелуiне немесе ата-ана құқығынан айырылуына, ата-аналары хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына, олар қайтыс болған деп жариялануына, iс-әрекетке қабiлетсiз (iс-әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-аналарының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүруiне, ата-аналарының балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, соның iшiнде ата-аналардың тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен өз балаларын алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқорлығы болмауының өзге де жағдайларында жалғызiлiктi шешесiнiң (әкесiнiң) немесе ата-анасының екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған он сегіз жасқа дейiнгi балалар.

 

5-бап. Тәрбиеленушiнiң балалар ауылы отбасында тұру және тәрбиелену құқығы

1. Әрбiр тәрбиеленушi өзi он сегiз жасқа толғанға дейiн балалар ауылы отбасында тұруға және тәрбиеленуге құқылы.

2. Тәрбиеленушiнiң:

1) өзiнiң адамдық қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне;

2) тәрбиешi-ана тарапынан қамқорлық көруiне және онымен бiрге тұруға құқығы бар.

3) алып тасталды - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

4-тарау. ЖАСӨСПIРIМДЕР YЙI (ӘЛЕУМЕТТIК БЕЙIМДЕЛУ ОРТАЛЫҒЫ)

22-бап. Жасөспiрiмдер үйi

1. Балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың балансындағы жатақхана немесе пәтерлер Жасөспірімдер үйі болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша Жасөспірімдер үйі мемлекеттік мекеме нысанындағы дербес заңды тұлға ретінде құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін.

2. Жасөспiрiмдер үйiнiң қызметiн балалар ауылының, балалар үйiнiң, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкімшілігі Жасөспірімдер үйінің директорымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

3. Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйі өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.