Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





абілеттілік деңгейі бойынша топқа бөлу түрі.



Қабілеттілік деңгейі бойынша топқа бөлу түрі.

Қабілеттілік деңгейі бойынша оқушыларға үш топ ұсынылады:
1 топ – орташа деңгей – бұларға тақырып бойынша жеңіл тапсырмалар беріледі.
2 топ – мүмкіндік деңгей – стандарт талабы бойынша, жалпы жоспар бойынша тапсырмалар орындайды.
3 топ – шығармашылық топ – күрделеген шығармашылық, шеберлік қабілетін қолдануы қажет.
Оқушының шығармашылығын арттыру үшін ұстаз ең алдымен өзі де
шығармашылық туралы толық мағлұматты болуы керек. Сол себепті
психологиялық және педагогикалық деректер де негізге алынды.
Шығармашылықтың алғы шарты әр адамда болады, бірақ ол байқала бермейді. Сол себепті оны қабілет, әлеует ретінде сипатталады. Оның іске қосылуы ішкі қажеттілікті қанағаттандырудан туындайды. Өмір сүру барысында қабілет әр түрлі деңгейде, әртүрлі деңгейлік пен жылдамдықта көрініс береді. Сол себепті ол «жасырын» жағдайдан актуальді жағдайға ауысып отырады.Психология ғылымында шығармашылық жалпы тұлғалық категория, оның мазмұны әртүрлі түсінік деңгейінде көрініс береді.,сапасы биологиялық және әлеуметтік факторлармен байланысты, байқалып өріс алу дәрежесі әлеуметтік жағдайлар мен тұлғаның өзіндік белсенділігіне тәуелді. Ғылымда шығармашылық туралы ұғым ХІХ-ХХ ғасырларда пайда болып, зерттеле бастаған. Отандық белгілі психолог Қ.Жарықбаев шығармашыл тұлға туралы былай дейді: «Басқалардан көмек күтпей, мәселені шешуде басқа біреудің әдісін қайталамай, қалайда өзі шешуге тырысатын адам-шығармашыл ойдың иесі». Шығармашылық туралы көптеген пікірлер бар. Психолог А.Лернер «Шығармашылық әрекет –білім, білік,дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуі, нысанның жаңа жаңғдайды көре білуі, жаңа шешімді таба білуі» - деп баға береді.

Шығармашылықтың:

І деңгейі – ұстаз бен оқушылардың қарапайым, жайлы, ынтымақтаса қарым-қатынас жасау арқылы шығармашылыққа бейімдеу.Оқушы бұл деңгейде күрделі емес, сөз тіркесін, сөйлем құру сияқты тапсырмаларды орындайды.
ІІ деңгейі – сабақ барысында жоспарлаудан бастап іс- әрекетті тиімді ұйымдастыру. Бұл деңгейде оқу- тәрбие жұмыстарының мазмұны мен әдістері, түрлері таңдалып, іріктеледі.Оқушыға қиынырақ, ойланып, өз пікірін айта алатын тапсырмалар беріле бастады.
ІІІ деңгей –айқындалу - ұстаз бен оқушы шығармашылық жұмыстың жетекші түрін анықтап, күрделі жұмыстармен айналысады.: шығармашылық кеш ұйымдастыру, өлең шығару, көрме ұйымдастыру, шағын ғылыми жоба жазу.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.