Оқыту технологиясын пайдалану
Оқыту технологиясын пайдалану
Оқушы ынтасын басатын, объективті емес, жіберген қателіктері үшін жазалауға бағытталған бағалау тәсілін өзгертуді талап етеді.Таным процесі үстінде кез-келген тұлғаның белсендік көрсетуге, әлде бір себептермен қате жіберіп алған жағдайда оны өзі түзетуге құқығы бар болуы тиісті. Саралап, деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясында алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады. Бұл жағдай : а) оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі; ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы; б) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы; в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті; г) дамыта оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдайлар жасалуы, т.б. себептерге байланысты оқушының оқу материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етеді. Деңгейлік саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі: - жеке құрылымдарға бағдар беру; - білім мазмұнының сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы. Оқушылар бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулық бойынша оқи отырып, материалды әртүрлі деңгейде игере алуы деңгейлік саралау деп аталады. Сондықтан міндетті дайындық деңгейі анықтаушы шарт болып табылады. Міндетті дайындық деңгейіне жету оқушының мазмұнды игеруге қойылатын ең аз қажетті талаптарды орындағанын сипаттайды.
Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін жеке тұлға ерекшеліктеріне, психологиялық даму ерекшеліктеріне, пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөлу керек.
Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне;
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне;
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамыз.
Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысу керек. Көбінесе мына жағдайлар көңіл бөлуді қажет етеді:
1) сабақтың мазмұны;
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау;
3) сабақтың нәтижелігі.
Қазақ тілін оқытып, үйрету – көптеген ізденістерді, жаңа технологияны керек етеді. Қазақ тілі пәнін оқытуда ең басты мәселе – сабақта әр оқушыға қолайлы жағдай жасау, оқу барысын жүйелі түрде жүргізу. Соңғы кезде модульдік технология негізінде деңгейлік тапсырмалар арқылы әр оқушының қабілеттілік деңгейін анықтап, топтық әдіспен жұмыс істейді. Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Деңгейлік тапсырмалар оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, іздендіруге жетелейді, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Жетістіктерге жету үшін ең алдымен оқушылардың білім дәрежесін, ынтасын, ақыл – ой, еңбек дағдысын, өз жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет. Деңгейлік тапсырмаларды қандай дәрежеде орындай алса баға біліміне қарай қойылады. Бұл әдістің негізгі ұстанымы – қарапайымнан күрделіге жетіп, игерту. Деңгейлік тапсырмаларды – белгілі бір тақырыпты біткен кезде немесе бақылау жұмысын жүргізгенде және қайталау өткізгенде пайдалану өте ұтымды. Бұл әдістің тағы бір ұтымды жағы – оқушы өзінің нені білмейтінін анық анғарып, келесіде өзі ізденіп оқып келеді. Деңгейлік тапсырмаларды карточка ретінде, тест түрінде сабақта және үйге беруге болады. Сабақта оқушыларға өз ойларын талдауға, айтуға, қорытындылауға көп көңіл бөлу қажет. Мұғалім білімі нашарларға көмек беріп, қабілеттілермен жұмыс ұйымдастырып отыру арқылы қазақ тілін оқуға деген қызығушылығын, белсендігін арттырады.
|