|
|||
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясыСтр 1 из 4Следующая ⇒
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ
РЕФЕРАТ Тақырыбы :«Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі»
Орындаған:Рысбекқызы Н Тексерген:Қажыбаева Ж.К
Өскемен,2020 Жоспар Кіріспе 1. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы. Негізгі бөлім 2. Оқыту технологиясын пайдалану. 3. Қабілеттілік деңгейі бойынша топқа бөлу түрі. Қорытынды 4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы Қазақ әдебиетін оқытуда қазіргі қолданыстағы озық технологиялардың ең тиімді үлгілерін пайдалану қарастырылады. Солардың ішінде деңгейлеп оқыту атауға болады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді 1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді. 2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін жеке тұлға ерекшеліктеріне, психологиялық даму ерекшеліктеріне, пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөлу керек. Оқушылардың оқу деңгейінің 4 түрі бар. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген: 1) Репродуктивтік деңгей Жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты 2) Алгоритмдік деңгей- Оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды. 3) Эвристикалық деңгей . Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді. 4) Шығармашылық деңгей. Оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Деңгейлеп оқыту оқытуда міндетті және мүмкіндік деңгейлердің өзара сабақтастығы ескеріледі, Блум жүйесі негізге алынады. Деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылар әдебиеттен берілетін білім мазмұнын меңгеру үшін алгоритмдік тапсырмаларды мұғалімнің бағыт-бағдар беруімен орындайды. Көркем туындыда көтеріліп отырған проблемаларды түсініп, шығарма тақырыбы мен идеясын ашуда бұл технологиялардың мүмкіндігі мол. Деңгейлеп оқытудың жоғарғы сатысы шығармашылық тапсырмаларды орындауда оқушылардың өзіндік-даралық ерекшеліктері ашыла түседі. Бұл ретте әр оқушының тұлғалық дамуы оның қабілетіне қарай бағаланады.
|
|||
|