|
|||
Геморрагиялық шок диагностикасыГеморрагиялық шок диагностикасы -пульс жиілігін тексеру; -артериялық қан қысымын тексеру; -жоғалтқан қан мөлшерін анықтау; -науқастың жағдайын бақылау.
Геморрагиялық шоктың алдын-алу -қан кету кезінде шұғыл әрі дұрыс көмек көрсету; -қан ауруларымен ауырғанда дәрігердің тағайындауларын орындау.
Геморрагиялық шок кезіндегі шұғыл көмек. Геморрагиялық шок кезінде алдымен жедел жәрдем шақыру керек. Жедел жәрдем көлігі жетіп келгенге дейін қан кетіп жатқан жерді анықтап, қанды тоқтату керек. Мүмкін болса, науқастың аяғын жоғары көтеру керек – қан миға және жүрекке көбірек құйылуы үшін. Содан кейін, ағзадағы сусыздықтың алдын-алу үшін кристаллоидтар мен коллоидтар енгізу қажет (реопоглюкин, полиглюкин, трисоль). Және де тыныс алудың және жүрек жетіспеушілігінің алдын-алуға әрекет жасау керек. Науқас есінен танбаған болса, тәтті шай ішкізіп тұру керек.
Пайдаланылған әдебиеттер мен сайттар тізімі: Колб Л.И., Леонеович С.И., Яромич И.В. Общая хирургия. Минск, 2008ж Грицук И.Р. Хирургия. Минск, 2004ж studopedia.org medkarta.com stomport.ru
|
|||
|