Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Геморрагия және шок туралы түсінік.



 

Жоспар:

Кіріспе

Геморрагия және шок туралы түсінік.

        Негізгі бөлім:

1. Геморрагиялық шоктың келіп шығуы және себептері.

2. Геморрагиялық шоктың сатылары.

Қорытынды

Геморрагиялық шок кезіндегі шұғыл көмек.

        

    Пайдаланылған әдебиеттер

Шок

Шок сөзіне нақты түсінік беру қиын. Себебі, медицинада бұл термин арқылы әр түрлі жағдайларда, әр түрлі себептерден келіп шығатын өзгерістер түсіндіріледі. Шок – бұл кездейсоқ жағдайларда жауап реакциясы ретінде пайда болатын патологиялық құбылыс. Шок жүйке жүйесінің, қан айналымының, тыныс алудың, зат алмасудың және басқа да ағза үшін маңызды функциялардың бұзылуымен сипатталады. Яғни, бұл зақымдалуға жауап ретінде компенсаторлы реакциялардың жұмысының бұзылуы. Қысқаша айтқанда, шок – ағзаның барлық функцияларының бұзылуы.

 

                                            Геморрагия

Геморрагия ( haemorrhagia – қан + жырту) - қан кету, геморрагия. Қан ағу (геморрагия) дегеніміз: қанның жүрек қуысынан немесе қан тамырынан сыртқа шығып тіндерге жинақталуы. Қан кетудің үш басты себептері болады:
І. Жүрек не тамыр қабырғасының жыртылуы;
2. Тамыр қабырғасының мүжілуі (аррозия);
3.              Диапедез.

Қан тамырының жарылуы (жарақат, хирургиялық операция), атеросклероздық аневризма, артериялық гипертония ауруында артериолалардың фибринойдты некрозы да себеп болады. Ал массивті қан кету көбінесе, жүктілік кезінде кездеседі. Бұл қанның тұтқырлығының бұзылуынан болады. Және де аборт, дұрыс емес жүктілік те себеп бола алады.

Мұнда қан кетудің жылдамдығы мен көлемі үлкен мәнге ие. Мысалы, баяу қан кету барысында, тіпті үлкен көлемдегі қан ағудың өзі (1000-1500мл) аса қауіп тудыра қоймайды. Бұл жағдайда ағзада компенсаторлық механизмдер қосылады, гемодинамикалық бұзылыстар біртіндеп пайда болады және онша қауіпті болмайды. Керісінше, қарқынды қан ағу кезінде, тіпті аз көлемдегі қан кету бірден гемодинамикалық бұзылыстарға, артынша геморрагиялық шокқа алып келеді.

 

Қан шығынына қарсы адам ағзасындағы реакция екі түрлі: физиологиялық және патологиялық. Физиологиялық қан шығыны дене салмағының 0,5% (250-350 мл) болып есептеледі. Мұндай қан шығыны кезінде адам ағзасында ешқандай өзгерістер болмайды. Егер адамда анемия болса физиологиялық қан шығыны дене салмағының 0,3% құрайды.

Ал патологиялық қан шығыны дене салмағының 0,5-0,8% аралығында. Бұл мөлшердегі қан шығынында ағза әр түрлі реакциялар береді. Патологиялық қан шығыны компенсациялы және декомпенсациялы болып екіге бөлінеді.

Компенсациялы қан шығынының мөлшері орташа есеппен бүкіл қан көлемінің (ҚК) 10% (450-500 мл) болып есептелінеді. Адам ағзасы бұндай қан шығынын тез уақытта өзінің бейімделу қабілеттерімен жөндейді.

 

Негізгі бейімдеуші қабілеттері:

1. Қан тамырларының түйілуі, бұл бейімдеуші қабілет ағзада қан қысымын көпке дейін ұстап тұрады.

2. Ұлпалардағы, деподағы (бауыр, көк бауыр, жатыр көк еттері, т.б.) қандар және ұлпааралық сұйықтықтар тез қан тамырларына ауысып, қан көлемін толтыруға көмектеседі.

3. Жүрек соғуы жиіленіп, оның минуттік көлемі үлкейеді, осыған байланысты жүрек жұмысы да артады.

4. Жоғарғы жүйке жүйесінің, гипоталамус-гипофиздің, бүйрек безінің қызметтері күшейеді.

Осы жоғарыда айтылған бейімдеуші қабілеттері ағзаның гомеостазын сақтап қалады. Сонымен компенсаторлық қан шығынында адам ағзасы айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды. Қан қысымы, тамыр соғысы өзгермейді.

Егер қан шығынының мөлшері айналымдағы қан көлемінен 10% артық болса, оны декомпенсациялық қан шығыны дейді. Бұл жағдайда ағза өзінің компенсаторлық бейімдеуші қабілеттерін сақтай алмайды. Ағзада әр түрлі патологиялық құбылыстар, сонымен қатар геморрагиялық шоқтың белгілері пайда болады.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.