|
|||||||||||||||||
Геморрагиялық шокГеморрагиялық шок Жиі жағдайларда геморрагия, яғни қан жоғалту геморрагиялық шокқа алып келеді. Геморрагиялық шок – жедел және массивті қан кетудің әсерінен болады. Адамның 1 литрден астам қан жоғалтуы осы геморрагиялық шокқа алып келеді. Адам ағзасында қан шығынына қарсы пайда болған патологиялық өзгерістерді геморрагиялық шок дейді. Бұл өзгеріс қан көлемінің кенет азаюынан, маңызды мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуынан пайда болады. Бұл құбылыстың негізгі себебінің бірі – қан көлемінің қан тамырларының мөлшеріне сәйкес келмеуі. Басқа да себептері бар: жарақаттар; суицидті жағдайларда (тамырларды кесу); жатырдан тыс жүктілік, жатыр түтігінің жыртылуымен асқынған; көкбауырдың жыртылуы; асқазан жара ауруы кезінде қан кету және т.б. көп жағдайларда шоктың патогенезі қан жоғалтудың жылдамдығына байланысты болады. Клиникасы айқын, пульсі жіп тәрізді жиілейді, жүрек тондары әлсірейді, артериялық қан қысымы төмендейді, олигурия болады. Геморрагиялық шоктың негізгі симптомдары: тері жабынының және шырышты қабықтардың бозаруы, тахикардия және артериалды гипотония.
Геморрагиялық шок төрт сатыдан тұрады, олардың белгілері төмендегі кестеде көрсетілген.
Ағзаның жағдайын анықтауда «шокты индекс» көмектеседі. «Шокты индекс» – тамыр соғуының систолалық қан қысымына қатысы. Әдетте, тамыр соғысы бір минутта 60, ал систолалық қан қысымы с.б.б. 120 мм болады, ал шокты индекс 0,5-ке тең. ҚҚ 20-30% болған жағдайда шоктік индекс 1,0 тең. Егер ҚҚ 30-35% жетсе, шоқты индекс – 1,5 тең болады.
|
|||||||||||||||||
|