Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Зақымдалуға жауап беретін компенсаторлы реакциялардың жұмысының бұзылуы.



Шок

Шок – ағзада кездейсоқ жағдайларда жауап реакциясы ретінде пайда болатын патологиялық құбылыс,

Зақымдалуға жауап беретін компенсаторлы реакциялардың жұмысының бұзылуы.

Геморрагия

 

 

 

 

Геморрагия себептері

 

1. Жүрек не тамыр қабырғасының жыртылуы; 2. Тамыр қабырғасының мүжілуі (аррозия); 3. Диапедез.

 

Массивті қан кету

Қан тұтқырлығының бұзылуы

Аборт

Дұрыс емес жүктілік

 

               

    Қан кетудің жылдамдығы мен көлемі үлкен мәнге ие. Мысалы, баяу қан кету барысында, тіпті үлкен көлемдегі қан ағудың өзі (1000-1500мл) аса қауіп тудыра қоймайды. Керісінше, қарқынды қан ағу кезінде, тіпті аз көлемдегі қан кету бірден гемодинамикалық бұзылыстарға, артынша геморрагиялық шокқа алып келеді.

 

 

Компенсаторлы реакциялар

1. Қан тамырларының түйілуі.

2. Ұлпалардағы, деподағы қандар және ұлпа аралық сұйықтықтар тез қан тамырларына ауысып, қан көлемін толтыруға көмектеседі.

3. Жүрек соғуы жиіленіп, оның минуттік көлемі үлкейеді.

4.Жоғарғы жүйке жүйесінің, гипоталамус- гипофиздің, бүйрек безінің қызметтері           күшейеді.

 

Геморрагиялық шок жедел қан кету нәтижесінде пайда болады.

Оның негізгі симптомдары: тері жабынының және шырышты қабықтардың бозаруы, тахикардия және артериалды гипотония.

Адам ағзасында қан шығынына қарсы пайда болған патологиялық өзгерістерді геморрагиялық шок дейді. Бұл өзгеріс қан көлемінің кенет азаюынан, маңызды мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуынан пайда болады. Бұл құбылыстың негізгі себебінің бірі – қан көлемінің қан тамырларының мөлшеріне сәйкес келмеуі

Саты-  лары Клиникалық белгілері  Қан шығыны, айналымдағы қанның көлемі, %
  І Ағзаның жалпы жағдайы өзгермейді. Қан қысымы с.б.б. 100 астам. Дене, бет терілері шамалы бозарады. Тамыр соғысы минутына 80-90. НВ-90 г/л және одан жоғары.  15% дейін ( 750 мл)
ІІ Ағзаның жалпы жағдайы орташа, басы айналып, көзі қарауытады. Дене, бет терілері бозарады. Қан қысымы с.б.б. 80-90 мм. Тамыр соғысы минутына 110-120.  25% дейін (1200 мл)   
ІІІ Ағзаның жалпы жағдайы өте ауыр, есінен танып, дене терілері өте қатты бозарады, дене ыстығы төмендейді. Қан қысымы с.б.б. 60-70 мм. Тамыр соғысы минутына 130-140 дейін әлсірейді. Зәрі азаяды (олигурия).  30-40% дейін (1200-2000 мл)
ІV Адам ес-түсінен айырылады. Қан қысымы, тамыр соғысы анықталмайды. Жүрек қағысы әлсіреп, дем алуы төмендейді, зәрі тоқталады (анурия).  40% артық (2000 мл артық)


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.