Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





КІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АТҚАРУШЫ ОРГАН ЖҮЙЕСІ.



ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АТҚАРУШЫ ОРГАН ЖҮЙЕСІ.

Атқарушы орган өзінің басқарушылық құзыретін қай кезде нақты жүзеге асыратын болса, тек сонда ғана ол атқарушы биліктің шынайы субъектісі болып табылады. Басқаша айтқанда, мына жағдай еске алынып отыр, ол өзінің құзыретінің мазмұнын құрайтын заңдық биліктік өкілеттіктерін іске асырады. Ал мұндай құзырет оған нақ сол мемлекеттік-басқарушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті болу үшін беріледі.\r\n\r\nСонымен, әкімшілік құқықпен реттелінетін қоғамдық қатынастарда әрқашанда тек қандай да бір атқарушы органның қатысуы ғана емес, сонымен бірге ең алдымен оның мемлекеттің атынан өкілдік ететін мемлекеттік биліктің атқарушы тармағының субъектісі ретінде қызмет атқаруы болжанады. Тұтастай алғанда, біз мән беріп отырған мағынадағы басқарушылық қатынастар атқарушы-өкім етуші функцияларды жүзеге асыратын және соларға сәйкес келетін заңдық биліктік өкілеттіктерді қолданатын «алаң» болып табылады. Не азаматтардың, не мемлекеттік емес құрылымдардың мұндай өкілеттіктері болмайды. Баяндалған жағдайлар «мемлекеттік басқару аясы» деген ұғымның мазмұнын белгілі бір шамада түсінуге көмектеседі. Дегенменде қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеуге әкімшілік құқықтың пәнінен де көрініс табатын кейбір өте айырықша белгілер тән. Бұл жерде мына жағдай еске алынып отыр. Мемлекеттік басқару аясы дәл мағынасында мемлекеттік — басқарушылық қызметтің кез-келген көрінісін қамтиды. Бұл даусыз. Бірақта практикада жағдай мынадай, бұл аяға елдің экономиқалық, әлеуметтік — мәдени және әкімшілік — саяси өмірінің барлық негізгі көріністері кірігеді. Соған сәйкес, әкімшілік құқықтың пәнін құратын басқарушылық қатынастар Қазақстан құқығының басқа салаларының нормалары қолданылатын жерлерден де жиі табылады. Мысалы, еңбек, қаржы, экология, кәсіпкерлік және тіпті азаматтық құқық пәндеріне кіретін қоғамдық қатынастар өзінің мәні бойынша басқарушылық болуы мүмкін. Бұлар мемлекеттік қаржылық тәртіпті қамтамасыз етумен, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын ресімдеумен, әкімшілік бағыныштылық негізінде мүліктік қатынастардың пайда болуымен байланысты қатынастар, т.с.с. Әлбетте, бұл сияқты қатынастар әкімшілік құқықтың пәнінен шығарылып тасталуы мүмкін емес. Әрине, атқарушы органдар қызметінің кейбір жақтары да сол сияқты құқықтың өзге салаларының нормаларымен реттелуі мүмкін. Мемлекеттік басқару органдарының жасайтын мүліктік мәмілелерді реттеумен байланысты мысал келтірілген болатын. Тағы бір мысал келтірейік: атқарушы органдардың қызметкерлерінің басым көпшілігі әкімшілік құқық нормаларынан басқа, сонымен қатар еңбек құқығы нормаларының негізінде де қызмет атқарады, т.с.с. Әкімшілік-құқық бұзушылық реттеудің тағы бір айырықша ерекшелігі бар. Оның мәні мынадай: әкімшілік құқық бұзушылықтың өзінің заңдық құралдары бар, солардың көмегімен құқықтың басқа салаларымен реттелетін қоғамдық қатынастарды қорғау жүзеге асырылады. Бұл жерде әкімшілік жауапкершілік туралы айтылып отыр. Әкімшілік-құқық бұзушылық реттеудің айрықша ерекшеліктерін білдіретін барлық баяндалған жәйттар әкімшілік құқық бұзушылық кағидасын сипаттаған кезде ескерілуге тиіс. Бірақта оның анықтамасына тікелей қатысты тағы да бірнеше көзқарастар бар. Мемлекеттік — басқарушылық қызмет өзінің негізгі көріністері бойынша ұйымдастырушылық немесе ұйымдастырушы болып табылады. Бұл орайда ұйымдастыру деп қандай да болмасын бір жүйенің (тұтастай қоғамның, оның жекелеген элементтерінің, ұжымдардың, т.с.с.) қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды жасау түсініледі. Бұдан шығатын қорытынды, ұйымдастырушылық қатынастар тек мемлекеттік басқару аясында ғана болуы мүмкін емес. Мысалы, оның жекелеген көріністері заң шығарушы және сот биліктері органдарының, проқуратура органдарының қызметінен табылады. Олар, мысалы, Парламент аппаратының жұмысымен, сот органдары басшыларының өз аппараттарына басшылық жасау жөніндегі және проқурорлардың проқурорлық жүйенің төменгі тұрған буындарының қызметкерлерін тағайындау туралы, олардың жұмысына бақылау жасау туралы қызметімен байланысты, т.с.с. Бұл сияқты қызмет өзінің мәні бойынша заң шығару немесе сот билігінің, проқурорлық қадағалаудың көрінісі болып табылмайды. Олар осы мемлекеттік органдарға жүктелген конституциялық функцияларды орындауды ұйымдастыру жағынан қамтамасыз ету мақсатына қызмет етеді. Әрине, ол атқарушы биліктің де көрінісі болып табылмайды. Бірақ, ішкі ұйымдастырушылық болғандықтан, ол әкімшілік құқықтың нормаларымен белгіленген тәртіптердің негізінде жүзеге асырылады. Алайда жоғарыда көрсетілген органдардың басшылары атқарушы органдарға сипатты болатын заңдық биліктік өкілеттіктерді жиі пайдаланады (мысалы, тәртіптік жазалар қолданған кезде). Мұндай жағдайларда олардың бұл сияқты қызметін «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес жүзеге асырылатын әкімшілік-құқықтық регламентациялау екені белгілі.\r\n\r\nСонымен бірге тәжірибенің көрсетуіне қарағанда, мемлекеттік басқару аясында атқарушы билік субъектісіңің қатысуынсыз да қатынастардың пайда болуы мүмкін. Бұл сияқты жағдайда, бірақта, оны міндетті түрде мемлекеттік биліктің атқарушы органдарына сипатты болатын заңдық биліктік өкілеттіктер берілетін өзге субъект ауыстыруға тиіс (өкіл етіп берілген өкілеттіктер). Сөйтіп бұл өзге субъект мемлекет атынан өкіл болуға мүмкіндік алады. Атқарушы биліктің органы еместерге заңдық биліктік өкілеттіктер беру оларды өкілдік ету ретінде білдіреді. Сонымен бірге әкімшілік-құқық жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен жергілікті атқарушы билік органдарының арасындағы басқарушылық қатынастарды да реттейді.Сонымен, әкімшілік құқықтың пәні өте әр түрлі және бұл нарықтық қатынастардың дамуының қазіргі кезеңдегі жағдайында да өмірдің экономиқалық және әлеуметтік аяларындағы қоғамдық байланыстардың төте көп тобын қамтитын мемлекеттік — басқарушылық қызметтің қоғамдық — саяси маңыздылығымен толығынан алдын-ала айқындалған жаңа құбылыстар (экономиқалық реформалар, жеке меншік институттарының қалыптасуы, приватизация, т.с.с.) өзінен-өзі, стихиялы білінбейді. Олар тек мемлекеттік қолдау мен қорғауды ғана емес, сонымен бірге реттеуді де қажет етеді. Сондықтан әлеуметтік басқарудың негізгі субъектісі ретінде мемлекет қызметінің маңызы сақталады, ол өзінің көрінісін, мысалы, әкімшілік-құқыҚ бұзушылықты реттеудің белгілі бір шамада кеңейуінен және модификациялануынан табады.

Басқарушылық қатынастар, әкімшілік құқық бұзушылық, сонымен, өзінің қасиеті бойынша айтарлықтай әртүрлі, бірақ біртектес қатынастарды реттейді. Олардың ішінде: атқарушы биліктің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері тікелей жүзеге асырылатын қатынастар; заң шығарушы (өкілді) және сот биліктері субъектілері, сондай-ақ проқуратура органдары қызметінің процесінде пайда болатын ішкі ұйымдастырушылық сипаты бар қатынастар; жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне мемлекеттік-биліктік сипаты бар өкілеттіктер берілген болса, онда олардың атқарушы органдарының қатысуымен пайда болатын қатынастар; қолданылып жүрген заңнамаларда тікелей қаралған жағдайларда қоғамдық бірлестіктердің және өзге мемлекеттік емес құрылымдардың қатысуымен болатын қатынастар (мысалы, оларды мемлекеттік тіркеуді және қызметіне мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырған кезде). Сонымен қатар әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастарды, олардың арналымы мен реттеудің мақсаттарына байланысты екі топқа бөлуге болатынын ескеру керек. Мұндай мағынада ішкі және сыртқы қатынастар ажыратылады. Оларды бұлай топтастырудың қандай мәні бар? Ішкі (ішкі ұйымдастырушылық немесе ішкі жүйелік) басқарушылық қатынастар тек атқарушы билік органдары қызметінің процесінде ғана емес, сонымен бірге заң шығарушы (өкілді) және сот биліктері субъектілерінің, сондай-ақ прокуратура органдарының өздерінің аппараттарына басшылық жасаған кезде пайда болады. Сыртқы қатынастар атқарушы билік органдары жағынан басқарылатын сыртқы объектілердің (азаматтардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың) мінез-құлқына тікелей басқарушылық ықпал етуге байланысты пайда болады. Сыртқы қатынастар, солардың шеңберінде атқарушы билік органдарының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері тікелей жүзеге асырылады, өйткені атқарушы билік органдары тарапынан басқарылатын сыртқы объектілердің еркі мен мінез-құлқына басқарушылық ықпал жасалынады. Сыртқы қатынастар болып мыналар саналады: атқарушы биліктің әртүрлі органдарының (біріне бірі бағыныштылардың және біріне бірі бағынышты еместердің) арасындағы; атқарушы билік органдары мен азаматтардың арасындағы; атқарушы билік органдары мен олардың ұйымдастыру жағынан бағынысындағы кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың арасындағы атқарушы билік органдары мен сот билігі органдарының арасындағы; атқарушы билік органдары мен қолданылып жүрген заңнамаларда қаралған жағдайларда мемлекеттік емес ұйымдардың арасындағы. Басқарушылық қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеудің нәтижесі оларды әкімшілік-құқықтық сипаты бар қатынастарға айналдыру болып табылады. Басқарушылық қатынастарда белгілі бір объект болады. Бұл жерде олардың не жөнінде пайда болатыны көзделіп отыр. Бұдан бұрын баяндалған жағдайлардан мынадай қорытыңды шығады: әкімшілік-құқықтық нормалар нақты қоғамдық қатынастар тараптарының өзара байланысты міндеттері мен құқықтарын қарайды, олар сол тараптардың іс-әрекеттерінде жүзеге асырылуы мүмкін болады. Бұл міндеттер мен құқықтар мемлекеттік басқару аясындағы тараптардың қажетті мінез-құлықтарымен, яғни олардың белгілі бір іс-әрекеттер жасауымен өте тығыз байланысты. Демек, басқарушылық қатынастардың өздері де осы іс-әрекеттер арқылы іске асырылады. Осыған сәйкес басқарушылық қатынастардың, сондықтан да, және әкімшілік-құқықтық реттеудің объектісі қоғамдық қатынастардың осы түрінің қатысушыларының мінез-құлқы болып табылады. Бұл түсінікті де, өйткені мемлекеттік басқару аясында адамдар мен олардың тиісті ұжымдық құрылымдары жұмыс істейді (мысалы, атқарушы органдар, кәсіпорындар мен мекемелер, қоғамдық бірлестіктер). Осы себепті мемлекеттік — басқарушылық қызметтің объектісі адам болып табылады деп айтылатын кездегі жағдайларда, мұндай формуланы (жеке қорытындыны) сөзбе-сөз ұғынуға болмайды. Адамның өзі емес, оның мінез-құлқы, яғни.қандай да бір іс-әрекеттері реттеуге жатады. Адамдардың іс-әрекеттері өзінің арналымы мен нақты мазмұны бойынша әр түрлі. Олар атқарушы билікті жүзеге асыру жөніндегі күнделікті міндеттерді жүзеге асырумен (мысалы, құқықтық актілер шығарумен), атқарушы органдардың және реттелінетін қоғамдық қатынастардың өзге қатысушыларының қарым-қатынастарымен (мысалы, азаматтың шағым беруі және оны шешу) байланысты болуы мүмкін, т.с.с. Барлық жағдайларда тараптардың тиісті өзара байланысты іс-әрекеттерінің бар екендігі көрініп түр. Адамдардың іс-әрекеттері материалдық нәрселермен (заттармен) байланысты болуы мүмкін. Мысалы, полиция қызметкерлері өздерінің құқық қорғау міндеттерін жүзеге асырған кезде қару пайдалануға құқылы; адамдар әр түрлі көлік құралдарын көп пайдаланады, т.с.с. Бұл сияқты жағдайларда да басқарушылық қатынастың объектісі заттың өзі емес, реттеуге жататын ол емес, затты пайдаланатын, оған билік ететін адамдардың іс-әрекеттері болып табылады. Осыған сәйкес әкімшілік-құқықтық нормалар заттарды біреуге беруге немесе пайдалануға байланысты тараптардың міндеттері мен құқықтарын белгілейді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен, әкімшілік құқық бұзушылық реттелетін қоғамдық қатынастарға атқарушы-өкім етуші өкілеттіктер берілген субъектінің қатысуы әрқашанда алдын ала көзделеді. Бұлар атқарушы биліктің органдары, сондай-ақ солардың атынан іс-әрекет ететін лауазымды адамдар. Әкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.Әкімшілік құқық бұзушылықты құрайтын басқарушылық қатынастар Қазақстан құқығының басқа салаларының нормалары қолданылатын жерлерден де жиі табылады. Мысалы, еңбек, қаржы, экология, кәсіпкерлік және тіпті азаматтық құқық пәндеріне кіретін қоғамдық қатынастар өзінің мәні бойынша басқарушылық болуы мүмкін. Бұлар мемлекеттік қаржылық тәртіпті қамтамасыз етумен, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын ресімдеумен, әкімшілік бағыныштылық негізінде мүліктік қатынастардың пайда болуымен байланысты қатынастар, т.с.с. Әлбетте, бұл сияқты қатынастар әкімшілік құқықтың пәнінен шығарылып тасталуы мүмкін емес. Сонымен бірге тәжірибенің көрсетуіне қарағанда, мемлекеттік басқару аясында атқарушы билік субъектісіңің қатысуынсыз да қатынастардың пайда болуы мүмкін. Бұл сияқты жағдайда, бірақта, оны міндетті түрде мемлекеттік биліктің атқарушы органдарына сипатты болатын заңдық биліктік өкілеттіктер берілетін өзге субъект ауыстыруға тиіс (өкіл етіп берілген өкілеттіктер). Сөйтіп бұл өзге субъект мемлекет атынан өкіл болуға мүмкіндік алады. Атқарушы биліктің органы еместерге заңдық биліктік өкілеттіктер беру оларды өкілдік ету ретінде білдіреді. Әкімшілік құқық өзінің пәнінің шегінде, қазақстан құқығының өзге де салалары сияқты, реттеушілік функциясын атқарады. Оның мазмұнын атқарушы билік органдарының құрылуы мен қызметінің белгілі бір құқықтық режимін жасау констиуциялық мақсат-міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ реттелінетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды мінез-құлқын қамтамасыз ету құрайды. Әкімшілік құқықтың субъектісі деп ҚР-ның қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылары (тараптары) бола алатын адам немесе ұйым түсініледі. Бұл сияқты субъектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субъект болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет-әкімшілік құқық-субъектілігі. Әкімшілік құқық бұзушылық субъектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен тұрады: әкімшілік құқық қабілеттіліктен және әкімшілік әрекет қабілеттіліктен. Әкімшілік құқық қабілеттілік — жалпы құқық қабілеттіліктің көрінісі, яғни әкімшілік — құқықтық нормалармен белгіленген және қорғалатын қандай да бір субъектінің әкімшілік-құқық бұзушылық міндеттер мен құқықтарды иеленетін, сондай-ақ мемлекеттік басқару аясында оларды жүзеге асыру үшін заңдық жауапкершілікте болатын мүмкіндігі. Бұларға тән белгі нақты әкімшілік-құқықтық қатынастарға шынайы түрдегі қатысудың өзі емес, соларға қатысушы бола алатын мүмкіндігі. Әкімшілік-құқықтық реттеуге тұтастай алғанда нұсқама мен тыйым неғұрлым тән. Бұл түсінікті де, өйткені реттелетін қогамдық қатынастардың міндетті түрдегі қатысушысы мемлекеттік өкілеттіктің ресми өкілі болып табылады. Оған жататын нұсқама нысанындағы өкім етушілік құқықтар көлемін іске асыру мүмкіндігі құқықпен тап соған берілген, олар екінші тарапқа міндетті болып табылады. Мысалы, кәсіпорынның немесе мекеменің басшысының бұйрығы өзі басқаратын қызметкерлер үшін міндетті, ал министрліктің нормативтік актісіне барлық адамдар мен ұйымдар өздерінің меншік нысанына қарамастан, егер олар осы министрлікке қарасты қызмет аясында жұмыс істейтін болса, бағынуға міндетті.

Әкімшілік іс жүргізушілік дегеніміз – нақты жеке әікмшілік істерді қарайтын және шешетін өкілетті субъектілердің нормативті реттелген әрекеттерінің тәртібі.

Әкімшілік процеске қатысушы азаматтар процесте оның тарабы болып қатысуы мүмкін, сондай-ақ оның басқа да қатысушылары ретінде — сарапшы, куә, процестің тараптарының құқықтарын қорғаушы болып қатысуы, яғни басқа да азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың немесе мемлекеттің (заңды өкілдер, қорғаушы, қоғам өкілдері, ұйымның әкімшілігінің өкілдері) мүдде-макқсаттарын білдіруі мүмкін.

Процесте толық қанды субъектісі болып қатысу үшін азаматтың әкімшілік құқық қабілеттілігімен тығыз байланысты әкімшілік процессуалдық құқық қабілеттілігі болуы қажет. Сондықтан азамат, егер оның құқығын, міндетін, заңмен қорғалатын мүддесіне қатысты жағдайдың бәрінде олар әкімшілік процестің тарабы бола алады.

Азаматтардың әкімшілік-процессуалдық әрекет қабілеттілігі материалды қатынастардың мазмұнынан (тұрғын үй, еңбек, салық, әкімшілік, тәртіптік) туындауына байланысты анықталады.

Әкімшілік жауапкершілікке 16 жасқа толған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалар тартылады. Бұл жағдайда әкімшілік процесте жақтың шектеуі әрекет қабілеттікті көрсетеді. Әкімшілік-процессуалдық құқық қабілеттілік көп жағдайда азаматтық-процессуалдыққа ұқсайды.

Процеске оның бір тарабы ретінде қатысатын азаматтардың әкімшілік-процессуалдық статусы екі негізгі заңды белгілермен анықталады:

1) істің негізінде заңды мүдделі болуы;

2) азаматқа нақты әкімшілік іс бойынша қабылданған шешімнің барлық құқықтың салдарлары таралады.

Әкімшілік процесте азаматтың жағдайы басқару аппатары мен жеке азаматтың арасындағы өзара қатынастарының ерекшелігімен анықталады. Атқарушы органдар, лауазымды тұлғалардың және ааматтардың арасындағы қатынастар құқықтарын жүзеге асыру бойынша азаматтардың ынтасы бойынша туындайды.

Азаматтардың қатысуымен болатын іс жүргізудің ерекшелігі төменгі басқару органдарын және лауазымды тұлғалардың шешімдері мен әрекеттерін жоғары органдарға немесе сотқа шағым жасау кезінде кіргізу, сонымен қатар қоғамның процестің барлық кезеңдеріне (стадияларына) белсенді қатысуы болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық қолданушылық қызмет ұсақ бөлімдерден принциптерден қалыптасады, яғни принцип дегеніміз – белгілі бір қағидалардан құралған бөлімдер жиынтығы.

Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз – нақты жеке әкімшілік істерді қарау және шешу бойынша өкілетті субъектілердің нормативті реттелген қызметтерінің тәртібі.

Әкімшілік іс жүргізушілік басқалардан шешетін істерінің сипаттарымен ерекшеленеді.

Істердің сипаты іс жүргізудің алдында тұрған нақты міндеттердің ерекшелігін анықтайды, мысалы, әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтату, арыз бойынша шешім қабылдау.

Құқық беруші әкімшілік процеске мынадай іс - жүргізулердің түрлері жатады:

- жеке құрамды жинақтау (әскери қызметке шақыру, ЖОО қабылдау);

- жекешелендіру;

- азаматтардың арыз, өтініштерін қарау;

- өнертапқыштық туралы істерді, патент туралы істерді;

- мемлекеттік және қоғамдық мұқтаждық үшін жерлерді алу;

- жер бөліктеріне иелік етуге, пайдалануға және азаматтар мен заңды тұлғаларға жалға беру;

- тарату.

Әкімшілік-юрисдикциялық процеске мына іс - жүргізулер жатады:

- әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс;

- қоғамға үлкен қауіп төндірмейтін қылмыстың белгілері бар әрекеттер туралы істер бойынша әкімшілік жазалау шараларын қолдану;

- әкімшілік кесу шараларын қолдану;

- арыздар, шағымдар;

- ҚР-сының шегінен шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ тұлғаларды қуу;

- өздігінен шаруашылық және тұрмыстық құрылыстарды қулату туралы істер;

- бюджетке белгіленген мерзімде төлемеген салықтар және өзге де төлемдерді төлеттіру туралы істер, кәсіпорындардан бірінші кезекте және даусыз;

- даусыз тәртіпте республикалық бюджеттен бөлінген және мақсатқа сай пайдаланылмаған құжаттарды бюджетке қайтару;

- жерлерді пайдалану ерекшеліктерін үздіксіз бұзғаны үшін жер учаскелерін алу.

Іс жүргізуді сәйкес процестің құрамды бөлігі ретінде ғана қарастыруға болмайды, сондай-ақ әкімшілік-процессуалдық құқықтың институты ретінде де қарастыруға болады. Өзінің тұрғысынан алып қарағанда іс жүргізу дегеніміз – нақты категориядағы істер бойынша құқық қолдануды реттейтін процессуалдық нормалардың жиынтығы.

(Қосымша. Қазіргі уақытта әкімшілік процесс көптеген жекеленген материалды және процессуалды әкімшілік-құқықтық нормалардан тұратын актілермен реттеледі, бұдан мынандай қорытынды жасауға болады. Әкімшілік-процессуалдық заңдардың бірыңғай жүйесі жоқ.)

Кез келген процесс кезеңдерге (стадияларға) бөлінеді.

Кезең (стадия) дегеніміз – процесс субъектілерінің бірінен соң бірі істелінетін, бір бірімен байланысты нақты әрекеттері.

Әкімшілік-процессуадлық кезеңдер процестің қозғалысын көрсетеді:

- оның алғашқы сәттері;

- аралық бөліктері;

- процессуалдық актіде ресімделетін қисынды (логикалық) аяқталған бөлімі.

Әр бір кезең бір-бірінен дербес, өзінде нақты аралық міндеттерді шешуге арналған өз мақсаттары бар. Процестің кез келген кезеңінде оған қатысушылар арнайы процессуалды рөлді атқарады, сәйкес процессуалдық құқықтар мен міндеттерге ие болад (беріледі), анықталған тәсілмен белгіленген процнссуалдық іс-әрекеттер жасайды. Кейбір кезеңдер (стадиялар) процестің аяқталу сипатында жүреді.

Кез келген әлеуметтік басқару, соның ішінде мемлекеттік басқару, циклді болады, сондықтан әкімшілік процесс те осындай қасиет бар. Әрбір заңды іс процесте кезеңдерден өтеді, ал олардың жиынтығы (қосындысы) басқару циклін құрайды.

Әкімшілік іс жүргізулердің кез келгенінде осы аталған кезеңдердің (стадиялардың) барлығы бола бермейді, мысалы азаматтардың арыз, шағымдары бойынша іс жүргізуде мәселелерді анықтау кезеңі қажетті емес, себебі ол шағым, арыз, өтініштің өзінде де болады.

Құқық шығармашылық басқару процесіне қатысты мына кезеңдерді (стадияларда) бөлуге болады:

1) актіні шығарудың қажеттілігін анықтау;

2) актінің жобасын дайындау;

3) басқару органының қарауына актінің жобасын шығару;

4) жобаны талқылау;

5) жоба бойынша шешім қабылдау;

6) қабылданған актіні жариялау.

Көптеген кезеңдерді (стадияларды) этаптарға бөлуге болады. Этап дегеніміз – бұл қандай да кезең ішіндегі аралық мақсатты көздейтін әрекеттердің жиынтығы. Мысалы,

а) азаматтардың шағым, арыздары бойынша іс жүргізуде істі қарау кезеңінде (стадиясында):

- факт жүзіндегі жағдайды анықтау және зерттеу (тексеру);

- сәйкес материалдық-құқықтық нормаларды таңдау;

б) құқық шығармашылық басқару актісінің жобасын талқылау кезеңі (стадиясы):

- барлық қатысушыларға онымен танысу үшін тапсыру;

- жобаға түзетулер енгізу;

- қажетті жағдайда, — сараптама.

Сонымен, процесс, оның іс жүргізулерінің 4 деңгейлік құрылымы болады: әрекеттер-(этаптар)-кезеңдер (стадиялар)-іс жүргізу (процесс).

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу – бұл әкімшілік-юрисдикциялық процестің құрамына кіреді және әкімшілік құқықтың материалды және процессуалды нормаларымен толық көлемде реттелген. Қазақстан Республикасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кдоексімен реттеледі.

Заң әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде мынадай міндеттерді жүктейді:

1) әрбір істің жағдайларын өз уақытында, жан-жақты, толық және әділ анықтау;

2) істі заңға нақты сәйкестілікте шешу;

3) шығарған қаулылардың орындалуын қамтамасыз ету;

4) әкімшілік құқық бұзушылық жасауға себеп болған себептер мен жағдайларды анықтау;

Қолданған әдебиеттер тізімі:

 

· Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама;

 

· Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155-II Кодексі (2005 ж. 8 шілдеге берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

· Ашитов З.О.. Ашитов Б.З.Қазақстан Республикасының құқық негіздері:
Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2003.

 

· Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. –Қарағанды: Болашақ

 

· Лазарев В.В Теория государства и права М,1992г.

 

· Мемлекет және құқық негіздері:Оқулық. Құраст. Е.Баянов. –Алматы: Жеті

 

· Малько В.А Льготы в праве. Общетеоритический аспект. Поощрение

 

· Малько В.П. Субъективные основания уголовной ответственности||

 

· Теория государства и права. Курс лекции. Под.ред. МатузоваТабанов С.А.

 

· Құқық теориясы мен сот жүйесінің конституциялық

 

· Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Оқулық. – Алматы:Жеті

 

· Теория государства и права Под.ред. В.М. Корельского

 

· Лазарев В.В Теория государства и права М,1992г. 239стр

 

· Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. –Қарағанды: Болашақ

 

· Теория государства и права Под.ред. В.М. Корельского

 

· Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Оқулық. – Алматы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.