Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстан Республикасы Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы



Қазақстан Республикасы Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы

Реферат

Тақырыбы: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулылар мен шешімдерді қайта қарау.

                                                                                 Орындаған:Сақтаған А.

Тексерген :Базарбаева Ж.

Қостанай 2020

Мазмұны

1.  Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2.1. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕРДI ҚАРАУ ТӘРТIБI

2.2. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі іс бойынша соттың қаулысы туралы

3. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы  3.1 Әкімшілік кұқықтың бұзушылықтың функциялары және атқарушы орган жүйесі......................

3.2. Әкімшілік құқық бұзушылықтың әдісі.

 

4. Қорытынды

5.Қолданған әдебиеттер...............................

Кіріспе

Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылықты кейде “әкімшілік теріс қылық” деп те атайды.

Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады

Әкімшілік құқық бұзушылық

Әкімшілік құқық бұзғаны үшін жеке тұлғаға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін:

1. ескерту жасау;

2. әкiмшiлiк айыппұл;

3. әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу;

4. арнайы құқықтан айыру;

5. рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тiзiлiмнен алып тастау;

6. қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;

7. заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу;

8. әкімшілік қамаққа алу;

9. шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу.

Ескерту жасау, әкiмшiлiк айыппұл, әкімшілік қамаққа алу негiзгi әкiмшiлiк жазалар ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн

Арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тізілімнен алып тастау, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу негiзгi, сол сияқты қосымша әкiмшiлiк жазалар ретiнде қолданылуы мүмкiн.

Тәркілеу, заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу қосымша әкімшілік жаза ретінде ғана қолданылуы мүмкін



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.