Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





кімшілік құқық бұзушылық жөніндегі іс бойынша соттың қаулысы туралы



Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулыларды қайта қараудың кассациялық тәртібі

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы кемінде үш судьяның алқалы құрамында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, мамандандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуы, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының наразылығы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшiне енген сот қаулысының заңдылығын және негiздiлiгiн тексеруге құқылы.

2. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамның не өзiне қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзу тоқтатылған адамның жағдайын нашарлататын жағына қарай ұсыну, наразылық соттың қаулысы заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде берiлуі мүмкін.

3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға, оларға шағым, наразылық бойынша соттың қаулыларына наразылық келтіру осы Кодекстің 833-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

4. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамның, жәбірленушінің, олардың заңды өкілдерінің, қорғаушылардың, заңды тұлғалар өкілдерінің, сондай-ақ өздерінің орталық мемлекеттік, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арқылы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынуды енгізу және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат беруге құқығы бар.

5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды кассациялық тәртіппен қайта қарауға:

1) қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін болатын;

2) қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын;

3) қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатын жағдайлар негіздер болып табылады.

6. Наразылық келтірген прокурор наразылық қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа өтініш беру арқылы оны кері қайтарып алуға құқылы. Наразылықты кері қайтарып алу қайтадан наразылық келтіруге кедергі болмайды.

 

2.2.Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі іс бойынша соттың қаулысы туралы

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі соттың қаулысы – бұл процестік құжат, онда әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша іс жүргізу нәтижелерінің қорытындысы көрсетіледі.

Соттың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауына байланысты сот қабылдаған сот актілерінің орны мен ерекшеліктерін анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының заңды және негізді болуымен қатар оның түсінікті әрі ықшамдығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірме беруге қаулы етеді:

1. Әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша қаулы шығару оның заңды және негізді болуы үшін ерекше жауаптылықты талап етіп, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша іс жүргізу міндеттерін орындауды қамтамасыз ететіне соттардың назары аударылсын.

Егер қаулы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБКо) талаптарына, сондай-ақ өзге де заңнама нормаларының ережелеріне сәйкес келсе, ол заңды болып табылады.

Қаулыда осы іс үшін маңызы бар, сот зерттеген, қатыстылығы, жол берілетіндігі және анықтығы туралы заң талаптарын қанағаттандыратын дәлелдемелермен бекітілген мән-жайлар көрсетілуі тиіс, бұл қаулының негізділігін білдіреді.

2. Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі, шағымды, наразылықты қарап, ӘҚБКо-ның 829-14-бабының бірінші бөлігінде көзделген қаулылардың бірін қабылдайды.

Қаулыны шығару кезінде ӘҚБКо-ның 822-бабында көзделген мәселелер шешілуі, сонымен қатар мәліметтер көрсетілуі тиіс.

Қаулының жеке бөліктерден тұратын, жиынтығында біртұтас заңдық құжатты құрайтын қатаң логикалық құрылымы болуы тиіс.

Қаулы үш құрамдас – кіріспе, сипаттау-уәждеу және қарар бөліктерінен тұрады.

ӘҚБКо-ның 829-14-бабының сегізінші бөлігіне сәйкес қаулы жазбаша нысанда не электронды құжат нысанында шығарылады.

Электронды құжат нысанында дайындалған қаулы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 Заңының ережелеріне сәйкес келуі тиіс. Электрондық құжат айналымының тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

3. Қаулы қолжазба, машинамен немесе компьютермен басу тәсілімен бір данада дайындалуы мүмкін.

Қаулыны қабылдау кезінде заң техникасы мен сот актілерін дайындау параметрлері мәселелерін регламенттейтін сот жүйесінің ішкі құжаттарын басшылыққа алған жөн.

4. Қаулының кіріспе бөлігі құжаттың атауынан кейін басталады және ӘҚБКо-ның 822-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген мәліметтерді қамтиды.

Қаулыда қаулының қабылданған жылы, күні және айы көрсетіледі.

Судьяның қаулыны жариялаған күні, айы және жылы қаулының қабылданған күні болып табылады.

Осы қаулы нақты шығарылған қала немесе өзге де елді мекен істің қаралған орны болып табылады.

5. Соттың атауы оны құру туралы нормативтік құқықтық актіге сәйкес көрсетілуі тиіс.

Қаулының кіріспе бөлігінде судьяның, сот отырысы хатшысының, прокурордың және ӘҚБКо-ның 744, 745, 746, 747, 748, 758-баптарында аталған, қаулы қабылданған сот отырысына қатысқан, іс жүргізудің басқа да қатысушыларының тегі мен аты-жөнін көрсету қажет.

6. ӘҚБКо-ның 822-бабы бірінші бөлігі 3) тармақшасының ережелері іс қаралған тұлға туралы мәліметтер тізбесін қамтиды, ол қаулының кіріспе бөлігінде толық көлемде көрсетілуі тиіс, түбегейлі болып табылады және кеңінен түсіндіруге жатпайды.

Істі дұрыс шешу үшін (атап айтқанда, тұлғаның осы әкімшілік құқық бұзушылық субъектісі болып табылатынын-табылмайтынын анықтау үшін), әділ әкімшілік жазалау шарасын тағайындау, қаулыны орындау, басқа да мәселелерді дұрыс шешу үшін – іс қаралған тұлға туралы мәліметтер маңызды болып табылады.

7. Іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) іс жүргізілетін тілде, практикалық транскрипция қағидалары ескеріле отырып көрсетіледі.

Іс бойынша іс жүргізу орыс тілінде жүзеге асырылып, ал адамның жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген тегі, аты, әкесінің аты мемлекеттік тілде болған жағдайларда, қаулыда адамның дербес деректерін септемей, жеке басын куәландыратын ресми құжаттағы жазбаға дәлме-дәл сәйкестікте жазу қажет.

Қаулыда шетелдік адамның тегі, аты және әкесінің аты іс жүргізу тілінде де, жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген транскрипцияда да көрсетілуі тиіс. (Мысалы, Тойнбаев Равшан Мавланкулович (Toyimbaev Ravshan Mavlankulovich).

Шетелдік адамның жеке басын куәландыратын құжаты, азаматтығы жоқ адамның не босқынның жеке куәлігі болмаған жағдайда, онда іс жүргізіліп жатқан адам оның шыққан елінен келген жазбаша растау негізінде көрсетіледі.

Тізбесі "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V Заңының 6-бабының 1-тармағында көзделген құжаттардың негізінде іс жүргізіліп жатқан адамның жеке басы куәландырылады.

Егер іс бойынша іс жүргізу заңды тұлғаға қатысты қозғалса, онда оның атауын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжатқа сәйкес көрсету қажет.

8. Істі қарау кезінде анықталған мән-жайлар қаулының сипаттау-уәждеу бөлігінде баяндалуға жатады. Осы мән-жайларға:

жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың мән-жайлары (әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасын анықтау), сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасалған уақыт пен жерді, оны жасау нәтижесінде басталған салдарларды сипаттау;

әкімшілік жауаптылыққа тартылып отырған тұлғаның құқыққа қарсы әрекеттерін (әрекетсіздігін), оның әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсінің нысанын сипаттау;

тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін растайтын не теріске шығаратын дәлелдемелерді баяндау, оларды қатыстылығы, жол берілетіндігі және анықтығы тұрғысынан бағалау;

құқық бұзушылықты дұрыс саралау үшін заңдық маңызы бар өзге мәліметтерді талдау, әкімшілік құқық бұзушылық үшін әділ жаза қолдану және шығарылған қаулыны орындау жатады.

9. Қаулының сипаттау-уәждеу бөлігін баяндау кезінде дәлелденді деп танылған әкімшілік құқық бұзушылықтың толық сипатталуы қамтамасыз етілуі тиіс.

Тұлға құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған жағдайда, қаулының тиісті бөлігінде ӘҚБКо-ның Ерекше бөлігінің нормаларында, сондай-ақ ӘҚБКо-ның Ерекше бөлігінің бабында осы мән-жайға тікелей сілтеме (сілтеме жасау нормалары) болған кезде заңдар мен заңға тәуелді актілерде тікелей тыйым салынған әрекеттің немесе әрекетсіздіктің сипаттамасы, оның жасалған орны, уақыты, тәсілі, кінәнің нысаны, жасалған құқық бұзушылықтың уәждері мен салдарлары көрсетіледі.

Қаулының сипаттау-уәждеу бөлігі оның қарар бөлігінде баяндалған шешімдердің негіздемесі болып табылады және оған қайшы келмеуі тиіс.

10. ӘҚБКо-ның Ерекше бөлігінің жекелеген нормалары бланкеттік тәсілмен жазылады. Сот қаулысында осындай құрамдар бойынша нормативтік құқықтық актілердің нақты қай ережелерінің бұзылғаны көрсетілуі, сондай-ақ осы бұзушылықтардың мазмұны ашылуы тиіс. Бұл ретте басталған зардаптармен себеп-салдарлық байланысы жоқ нормативтік құқықтық актілердің бұзылуы құқық бұзушылықтың объективті бөлігін құрай алмайтынын және оның жойылуға жататынын ескеру қажет.

Қаулының сипаттау-уәждеу бөлігінде әкімшілік жауаптылыққа тартылып отырған тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың жасалу фактісі туралы көрсету қажет емес.

Қаулының мәтінінде: оқиғалар мен мән-жайлардың жете жазылуына; құқық бұзушылыққа қатысы жоқ құқық нормаларының келтірілуіне; ресми құжаттарда қолдануға болмайтын қысқартулар мен сөздерді пайдалануға жол берілмейді.

Соттың қаулысында хаттамадан мәтінді толық көшіріп алу жолымен құқық бұзушылықтың мәнін баяндау дұрыс емес, өйткені қаулының сипаттау-уәждеу бөлігінде құқық бұзушылықтың сотта анықталған мән-жайлары ғана толық көлемде жазылуы тиіс.

11. Қаулының сипаттау-уәждеу бөлігінде сотта қандай дәлелдемелердің зерттелгенін, олардың мазмұны ашылғанын және оларға баға берілгенін көрсету керек.

Дәлелдемелерді талдау – процестік және өзге құжаттарды жай атау ғана емес, осы дәлелдемелерді қандай мән-жайлар бекітетіні көрсетіліп, мазмұнының ашылуын білдіреді.

Сот отырысында зерттелген қандай дәлелдемелердің анық емес, ал қандай нақты деректер дәлелдемелер ретінде қабылданбайды деп танылғанын соттар қаулыда көрсетуге және өз тұжырымдарын уәждеуге тиіс.

12. Қаулыда тұлғаның өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жасады деп танылған құқық бұзушылыққа қатысты ұстанымы жазылуы тиіс.

Әрекетті мойындау іс бойынша анықталған басқа да дәлелдемелердің жиынтығымен кінәсі расталған кезде ғана әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған тұлға өзіне қатысты кінәсін мойындамаған жағдайда, қаулының сипаттау-уәждеу бөлігінде ол өзін қорғау үшін келтірген дәлелдерге баға берілуі тиіс.

Әкімшілік жауаптылыққа тартылып отырған тұлға сотқа дейін талқылау процесінде өзі берген түсіндірмелерді өзгерткен жағдайда, сот барлық түсіндірмелерді тексеруге, олардың өзгеру себептерін анықтауға және іс бойынша жиналған басқа дәлелдемелер ескеріліп, жүргізілген зерттеу нәтижесінде оларға тиісті баға бергені жөн.

13. Қаулыда өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған тұлғаның, жәбірленушілердің, іске қатысатын басқа да тұлғалардың түсініктемелері, куәлардың айғақтары, сарапшының, маманның түсіндірмелері үшінші жақтан жазылады.

Түсініктемелердің, айғақтар мен түсіндірмелердің көлемі ауқымды болған кезде нақты уақыт кезеңін көрсете отырып, дыбыс-, бейнежазбасына сілтеме жасауға жол беріледі.

Сот отырысында жауап алынбаған жәбірленушілер мен куәлар сотқа келе алмайтын дәлелді себептермен сот талқылауына қатыспаған жағдайда, ал бұған дейін олар берген түсіндірмелер сот отырысында жария етіліп зерттелсе, қаулыда осы адамдардың түсіндірмелеріне сілтеме жасауға мүмкін болатынын соттардың назарда ұстағандары жөн.

Қаулыда айғақтарымен сол немесе өзге нақты мән-жайлар расталатын куәлардың, жәбірленушілердің және өзге тұлғалардың тегін, сонымен қатар осы айғақтардың мәнін де жазу қажет.

Егер іс бойынша бірнеше куәдан жауап алынып, олар ұқсас айғақтар берген жағдайда, қаулыда өзге куәлардың айғақтарының ұқсастығын көрсете отырып, куәлардың біреуінің айғақтарын жазу жеткілікті.

14. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жәбірленушіні міндетті түрде қатыстыра отырып қаралуға тиіс. Ол болмаған кезде іс ӘҚБКо-ның 744-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда ғана қаралуы мүмкін. Жәбірленушінің қатысуынсыз істі қарау уәждері қаулының сипаттау-уәждеу бөлігінде көрсетілуі қажет.

15. Сарапшылар қорытындысының, іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелердің және сот отырысында зерттелген материалдардың жиынтығымен бағаланатынын соттар назарда ұстауы керек.

Соттың сарапшы қорытындысын бағалауы қаулыда толық көрсетілуі тиіс.

Сот қаулыда сарапшының қорытындысына сілтеме жасаумен ғана шектелмей, іс үшін маңызы бар қандай фактілердің осы қорытындымен бекітілетінін көрсетуге міндетті.

Егер сараптама бірнеше сарапшыға тапсырылып, олар жеке-жеке қорытынды берген болса, олармен келісу немесе келіспеу уәждері әрбір қорытынды бойынша жеке-жеке келтірілуі тиіс.

16. Қаулыда құқық бұзушылықты ӘҚБКо-ның Ерекше бөлігінің сол немесе өзге бабы, оның бөлігі немесе тармағы бойынша саралауға қатысты түйіндер негізделуі тиіс.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада тұлға жасаған құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықты көздейтін ӘҚБКо-ның, заңның немесе басқа нормативтік құқықтық актілердің нақты бабы көрсетілгеніне қарамастан, ӘҚБКо тұлғаның әрекеттерін (әрекетсіздігін) түпкілікті заңдық саралау құқығын соттың өкілеттігіне жатқызады.

Егер істі қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада жасалған құқық бұзушылықтың дұрыс сараланбағаны анықталса, судья тұлғаның әрекеттерін (әрекетсіздігін) қол сұғушылықтың бір тектес объектісі бар құқық бұзушылық құрамын көздейтін басқа бапқа саралауға міндетті, бұл ретте осы баптың санкциясы хаттамада жасады деп танылғаннан онша қатаң емес әкімшілік жазаны көздеуі және ол қаулыда уәжделуі тиіс.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны қайта қараған кезде тұлғаның әрекеттерін (әрекетсіздігін) қайта саралау туралы мәселе де осы тәртіппен шешілуі мүмкін.

17. Құқық бұзушылық оқиғасын баяндау кезінде ӘҚБКо-ның Ерекше бөлігінің құқық бұзушыға қолданылатын бабының диспозициясын, оның ішінде әрекеттердің қайталануын басшылыққа ала отырып, құқық бұзушылықтың барлық саралаушы белгілерін көрсету қажет.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарына соттың (лауазымды адамның) құқық бұзушылықтың қайталап жасалғанын растайтын, заңды күшіне енген қаулысының көшірмесі не Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті органдарының мәліметтері қоса тігілуі тиіс.

Құқық бұзушылықтың қайталануын анықтау кезінде сот ӘҚБКо-ның 61-бабына сәйкес тұлға әкімшілік жазаға тартылды деп есептелетін ӘҚБКо-ның жалпы бөлігінің мерзімі туралы ережелерін негізге алуға тиіс.

18. ӘҚБКо-ның Ерекше бөлігінің жекелеген баптарының диспозициясы құқық бұзушылықтың әртүрлі субъектілерінің бірнеше әрекетті жасағаны үшін жауаптылықты көздейді (мысалы, ӘҚБКо-ның 282-бабының бірінші бөлігі – этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне арналған ілеспе жүкқұжатты, декларацияны тапсырмау не уақтылы тапсырмау). Мұндай жағдайда соттарға баптың диспозициясында көрсетілген барлық әрекеттерді атап өтпей, тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан және іс материалдарымен дәлелденген әрекеттерді ғана көрсету, сонымен қатар құқық бұзушылық субъектісін анықтау қажет.

19. Әкімшілік жазалау шарасын анықтау барысында сот қаулының сипаттау-уәждеу бөлігінде таңдап алынған әкімшілік жазалау шарасының уәждерін келтіруге міндетті.

Жеке тұлғаға әкімшілік жаза қолдану барысында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты, кінәлінің жеке басы, сонымен қатар оның құқық бұзушылық жасалғанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, мүліктік жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.

Соттардың назары қаулыны қабылдау барысында ӘҚБКо-ның Ерекше бөлігі баптарының санкцияларында жазаның баламалы түрлері болған кезде әкімшілік жазаны дараландыру қағидатын қатаң сақтау қажеттігіне аударылсын. Қаулыда жаза шарасын таңдау барысында құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сондай-ақ кінәлінің жеке басын куәландыратын қандай нақты мән-жайлардың ескерілгенін көрсету қажет. Қаулыда әкімшілік жазаның "кінәлінің жеке басын ескере отырып" қолданылды дегенге сілтеме жасау жеткіліксіз болып табылады.

Сот өзінің белгілі бір жазалау шарасын таңдауына уәж ретінде сот отырысында зерттелген мән-жайларға ғана сілтеме жасауға құқылы.

ӘҚБКо-ның Ерекше бөлігі бабының санкциясында әкімшілік жазаны қолданудың баламалы түрлері болмаған жағдайда, ӘҚБКо-ның 56 және 57-баптарына сілтеме жасау, сонымен қатар әкімшілік жаза қолданудың осы түрін таңдау уәжін негіздеу талап етілмейді. Бұл жағдайда қаулыда ӘҚБКо-ның осы нормасының санкциясында әкімшілік жазаның нақты бір түрі ғана көзделгенін көрсеткен жөн.

20. Сот әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың және (немесе) iшкi iстер органдарының өтiнiшхаты бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде, ӘҚБКо-ның 54-бабының бірінші бөлігі негізінде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның мінез-құлқына ерекше талаптарды қоя алады.

Осы талаптардың тізбесі түбегейлі болып табылады және кеңінен түсіндіруге жатпайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптар оның өмір сүру салтына, отбасындағы немесе тұрғылықты жеріндегі мінез-құлқына, осы тұлғаның жеке басын сипаттайтын басқа да мән-жайларға қарай толық көлемде немесе бөлек-бөлек қойылуы мүмкін.

Мұндай талаптарды қою соттың міндеті емес, құқығы болып табылады, сондықтан да осындай талаптарды қою немесе оларды белгілеуден бас тарту туралы сот қабылдаған шешімнің уәждері қаулыда көрсетілуі тиіс.

Қаулының қарар бөлігінде соттың әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның мінез-құлқына нақты қандай талаптар қоятынын және оларды қандай мерзімге белгілейтінін көрсету қажет.

21. Жеке процестік әрекет жасау (сараптама тағайындау, сот тапсырмасы, дәлелдемелерді талап етіп алдыру және т.б.) үшін жеке құжат шығару қажеттігі жағдайларын қоспағанда, сот талқылауы барысында мәлімделген өтінішхаттарды шешу үшін жеке ұйғарым шығару талап етілмейді. Дәлелдемелерді бағалауға байланысты немесе істі мәні бойынша қарау үшін өзге аса маңызды болатын жағдайларда сот қаулысында өтінішхаттарды қабылдамау негіздері көрсетілуі тиіс.

Мәлімделген өтінішхатты қанағаттандыру не одан бас тарту туралы соттың ұйғарымымен ӘҚБКо-ның 744, 745, 746, 747, 748, 759-баптарында көрсетілген тұлғалардың келіспеушілігі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау нәтижелері бойынша шығарылған соттың қаулысына берілген шағымда, апелляциялық өтінішхатта жазылуы мүмкін және апелляциялық сатыдағы сот көрсетілген шағымды, апелляциялық өтінішхатты қараған кезде міндетті түрде зерттелуі тиіс.

22. Сот қаулысында кінәлінің мүліктік залалды өтеуі туралы мәселелер шешілуі және өтелуге жататын залалдың мөлшері көрсетілуі тиіс.

Әкімшілік іс жүргізу шеңберінде залалды өтеу туралы мәселені шешу барысында жәбірленуші мен құқық бұзушының арасында талап қоюшы мен жауапкерге тән қатынастар туындамайды. Залал ӘҚБКо-ның 59-бабының бірінші бөлігіне сәйкес өтелуге жатады, оның мөлшері туралы дау болмаған жағдайда, ол туралы қаулының сипаттау-уәждеу бөлігінде көрсету қажет.

Сот залалды өтеу жөнінде, заттай дәлелдемелердің тағдыры туралы қабылданған шешімнің уәждерін қаулының сипаттау-уәждеу бөлігінде келтіреді.

Материалдық залалды өтеу туралы даулар болған кезде бұл мәселелер азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге қатысушыларға бұл туралы міндетті түрде түсіндірілуі тиіс.

23. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлғаға салынған әкімшілік айыппұл мөлшерін ӘҚБКо-ның 819-11-бабының екінші бөлігі негізінде қысқарту шегін сақтай отырып (әкімшілік айыппұлдың жалпы мөлшерінің 30 %-нан асырмай), қысқарту құқығы көзделген.

Қаулының сипаттау-уәждеу бөлігінде ӘҚБКо-ның 829-11-бабының бірінші бөлігінде көзделген, анықталған мән-жайларды ескере отырып, әкімшілік айыппұл мөлшерін қысқарту туралы қабылданған шешімнің уәждерін келтіру қажет.

Әкімшілік айыппұл мөлшері қысқарған жағдайда, қаулының қарар бөлігінде қаулының сипаттау-уәждеу бөлігінде көрсетілуге жататын есепті келтірмей, өндіріп алынуға жататын әкімшілік айыппұлдың түпкілікті мөлшерін көрсету жеткілікті.

24. Әкімшілік жаза қолданылған жағдайда, қаулының қарар бөлігінде іс бойынша қабылданған шешім көрсетіледі. Ол өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жеке тұлғаны кінәлі деп танудан, заңды тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тартудан және оған әкімшілік жаза қолданудан тұруға тиіс.

Қаулының қарар бөлігін жазу кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылған адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), әкімшілік жауаптылыққа заңды тұлға тартылып жатқан кезде – заңды тұлғаның толық атауы мен ұйымдық-құқықтық нысаны, сондай-ақ жеке тұлға кінәлі деп танылған не заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жататын ӘҚБКо-ның Ерекше бөлігінің бабы, бөлігі, тармағы, негізгі және қосымша әкімшілік жазаның түрі мен мөлшері көрсетіледі.

25. ӘҚБКо-ның 741, 742-баптарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ тұлғаны ӘҚБКо-ның 32, 64-1 (құқық бұзушылықтың маңыздылығы шамалы болған кезде әкімшілік жауаптылықтан босату), 68-баптарына (Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан босату) сәйкес тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін іс материалдарын тиісті органдарға берген жағдайда, іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарылады.

Істі тоқтату туралы қаулының сипаттау-уәждеу бөлігінде:

әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетілген құқық бұзушылықтың мән-жайлары;

істі тоқтатуға негіз болған мән-жайлар жазылады.

Қаулының қарар бөлігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы соттың шешімі, мұндай шешімді қабылдау негізі, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған ӘҚБКо-ның Ерекше бөлігінің нормасы көрсетіледі.

26. Әкімшілік қамауға алу тағайындалған кезде қаулының қарар бөлігінде оның мерзімі – тәуліктер саны цифрлармен және жазбаша көрсетіледі.

Соттардың назары судья қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылатын қаулыда сағат пен минутқа дейінгі дәлдікпен нақты ұсталған уақытты ескеріп, қамауға алу мерзімі есептелуі тиіс кезеңді көрсетуі қажет екеніне аударылсын.

27. Айналымнан алып қойылған және мемлекет кірісіне айналдырылуға немесе жойылуға жататын әкімшілік құқық бұзушылық жасау нысаналарын әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның заңсыз иеленуінен алып қою тәркілеу болып табылмайды. Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы қабылдаған кезде тұлғаның әкімшілік жауаптылыққа тартылғанына қарамастан, оның ішінде іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы қабылдау кезінде де осы объектілердің тағдыры туралы мәселені шешуге тиіс.

Сот мүлікті тәркілеу түрінде қосымша жазалау шарасын тағайындай отырып, қаулының қарар бөлігінде тәркілеуге жататын мүліктің көлемін және тәркілеуге жататын заттардың санын көрсетеді.

Көлік құралдарының маркаларын көрсету кезінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке дәлме-дәл сәйкестікте ресми атауды ұстану қажет.

Егер көлік құралының маркасы екі тілде көрсетілген болса, онда көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке толық сәйкестікте жазу қажет.

28. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу туралы шешім қабылдаған кезде қаулыда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге тиіс ақылға қонымды мерзім көрсетіледі.

Қисынды мерзім шығарып жіберу туралы қаулы заңды күшіне енген кезден басталады. ӘҚБКо-ның 883-бабының 4) тармақшасына сәйкес соттың шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы қаулысы жария етілгеннен кейін заңды күшiне енедi. Егер шығарып жіберу жазаның негізгі түріне қосымша жаза ретінде тағайындалса, соттың қаулысы әкімшілік құқық бұзу туралы іс бойынша қаулыға шағым келтіру үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін, егер оған шағым жасалмаса немесе апелляциялық өтінішхат келтірілмесе, заңды күшіне енеді.

Соттар шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі тиіс қисынды мерзімді "Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 4 нормативтік қаулысының 9, 16-тармақтарының ережелерін ескере отырып анықтауы қажет.

29. ӘҚБКо-ның 829-18-бабына сәйкес іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыны орындайтын сот орындаушысының, органның (лауазымды адамның) арызымен немесе өз бастамасымен қаулы қабылдаған сот қаулыда жіберілген жаңылыс, қате жазуларды және арифметикалық қателерді қаулының мазмұнын өзгертпей түзетуге құқылы. Бұл ретте қаулының заңды күшіне енгеніне немесе енбегеніне қарамастан, онда жіберілген жаңылыс, қате жазуларды және арифметикалық қателерді қаулының мазмұнын өзгертпей түзетуге жол беріледі.

30. Қаулының қарар бөлігінде қаулыға шағым жасау мерзімі мен тәртібі міндетті түрде көрсетіледі.

Жазбаша нысанда қабылданған қаулыға оны шығарған судья қол қояды. Электрондық құжат нысанында дайындалған қаулы осындай қаулы қабылдаған судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

ӘҚБКо-ның 829-16-бабының бірінші бөлігі негізінде қаулы қабылданғаннан кейін дереу жарияланады.

Жарияланғаннан кейін судья қабылданған қаулының мәнін, уәждері мен құқықтық салдарларын ауызша түсіндіреді, ол туралы сот отырысының хаттамасында белгі жасалады.

Судья сонымен қатар қаулыға шағым жасау құқығын, тәртібі мен мерзімін түсіндіреді, аталған әрекеттер жөнінде сот отырысының хаттамасында көрсетілуі тиіс.

Санкциясы әкімшілік қамауға алу, ел аумағынан шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жазаны көздейтін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қоспағанда, соттың қаулысы қабылданған күнінен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде іс бойынша қаулы қабылданған адамға және шағым берген жағдайда немесе өтініші бойынша жәбірленушіге, наразылық келтірген прокурорға табыс етіледі немесе жіберіледі.

31. Соттар шағымның, наразылықтың нәтижелері бойынша шешім қабылдаған кезде ӘҚБКо-ның 822-бабында көзделген мәліметтермен және шешілуге жататын мәселелермен қатар қаулының сипаттау-уәждеу бөлігінде ӘҚБКо-ның 829-10-бабының екінші бөлігінде көзделген шағымның, наразылықтың дәлелдеріне құқықтық баға берілуге тиіс екенін назарда ұстағандары жөн.

32. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқықтың құрамына енгізіледі, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 30-тармақтың төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысын Қазақстан Республикасының



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.